ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 26 қазанында философия ғылымдарының докторы, профессор ӘҒА-ның академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М. С. Сәбиттің 80 жылдығына арналған «Қазақстандағы қазіргі ғылымның даму болашағы мен үрдісі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшісімен бірге) шақырылады.