Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысында Қазақстанда ауыл шаруашылығының қарқындап дамуы өнеркәсіп, энертика, құрылыс салаларының дамуына жол салды. Елімізде жоғары білімді мамандар тапшылығын ескеріп, КСРО-ның Министлер Кеңесінің 20.09.1960 жылғы қаулысы бойынша, Павлодар қаласында Индустриалды институт ашылды. Институтта алғашқыда жалғыз Машина жасау факультеті болды. Бірінші курсқа машина жасау, құрылыс және энергетика салалары бойынша студенттер қабылданды. 1961 жылы құрылыс, энергетика салалары өз алдарына факультет болып бөлініп шықты. 1962 жылдың қараша айында машина жасау факультетінің құрамынан 0501 «Машина жасау технологиясы және металл жонатын станоктар мен құрал саймандар» мамындығы бөлініп өз алдына жеке «Механика технологиясы» атты факультет құрылды. 1962 жылдан 1987 жылға дейін университетте машина жасау саласының мамандары екі факультетте дайындалды.

Алпысыншы жылдарда машина жасау факультеті жоғарғы білімді мамандарды төрт мамандық бойынша дайындады. Атап көрсетсек, олар: 0509 «Ауыл шарауашылық машиналарын жасау», 0523 «Іштен жанатын қозғағыштар», 0529 «Компрессорлық қондырғылар және тоңазытқыш машиналар» және 0513 «Автомобиль және трактор жасау». Соңғы мамандық біздің университетте 1966 жылы ашылды. Оған себеп болған Павлодарда трактор зауытының салынуы. 1966-1967 оқу жылынан бастап 0509 және 0529 мамандықтары бойынша мамандар дайындау институтта тоқтатылып, оқып жүрген студенттер өз қалауларынша басқа қалаларға ауыстырылды. 1980 жылдардың басында факультетте жаңа екі мамандық ашылды. Олар 0502 «Құю өндірісінің машиналары және технологиясы»  0503 «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары және технологиялары».

1966 жылдан 2008 жылға дейін 0513 «Автомобиль және трактор жасау» және 0523 «Іштен жанатын қозғағыштар» мамандықтары бойынша инженерлер Қазақстанда тек біздің институтта дайындалды. Бұл мамандықтар бойынша дайындалған инженерлер КСРО-ның барлық Одақтас республикаларында жұмысқа жіберіліп отырды.

Бұл мамандықтарды бітірген түлектердің арасынан ірі кәсіпорын басшылары, партия, кеңес қызметкерлері, Министрлер, саясаткерлер, ғалымдар шықты.

1980 жылдан 1987 жылға дейін факультет төрт мамандық бойынша, ал 1987 жылдан 2008 жылға дейін жоғарғы кәсіптік білімі бар инженерлерді  бес мамандық бойынша дайындады.    

 1987 жылдың қыркүйек айында жоғарғы оқу орындарында жүргізілген қайта құру үрдісіне сәйкес, машина жасау және механика технологиясы факультеттері біріктірліп, машина жасау факультеті деген атқа ие болды. Жаңа ашылған факультетке баламалық негізде өткен конкурс бойынша декан болып индустриалды институттың түлегі, доцент Тоқтағанов Төлеуғазы Төкілұлы сайланды.

 Факультет өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында университетімізде болған үлкен құлдыраудан өзінің материалдық базасын, оқытушы кадрларын сақтап қалып, университетімізде ең алғашқы мемлекеттік тілде маман дайындауды бастады.

2004 жылдан бастап факультет бакалаврлар дайныдауда.

Бүгінгі күнде факультетте бакалаврлар жеті бағыт бойынша дайындалады:

5В070800    Мұнай газ ісі

5В070900    Металлургия

5В071200    Машина жасау

5В071300    Көлік, көліктік техника және технология

5В072400    Технологиялық машиналар мен жабдықтар

5В073200    Стандарттау, метрология және сертификаттау

5В090100    Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Магистрлерді төрт мамандық бойынша дайындаймыз. Факультеттің өзіне арнап, салынған оқу ғимараты бар.

 


 

Фойе және асхана


Кітапхана және Технопарк 

Факультетте жүргізушілер дайындайттын курс, оқу -өндірістік шеберхана, студенттік құрастыру бюросы жұмыс істейді. Біздің ғимаратта Технопарк орналасқан. Факультеттің құрамында төрт кафедра бар:


- «Көліктік техника және логистика» кафедрасы;

- «Механика» кафедрасы;

- «Металлургия» кафедрасы;

- «Машина жасау және стандарттау» кафедрасы.

Факультет деканы, профессор Тоқтағанов Төлеуғазы Төкілұлы.


Факультеттің оқу-әдістемелік жұмысы

Қайта құру кезеңіндегі үрдісті еске ала отырып, факультет білім берудің жолын өзгертті. Оқу үрдісіне мамандықтардың жаңа стандарты енгізілді және оның негізінде мамандардың жаңа моделі қайта өңделді. Оқу-әдістемелік жұмыс мынаған бағытталған:

  
 

- мамандықтың жаңа стандартын құру;

- оқу-әдістемелік кешенін жетілдіру, жаңадан жасау;

- технологиялық сөздіктерді жасау, жетілдіру;

- ҒЗЖ әдістемесін жасау және пайдалану.

Мамандардың моделі екі негізгі обективті факторға негізделген:

- ғылыми-техникалық үрдіске;

- еңбек нарығының талабына.

Факультетте оқу-өндірістік шеберхана және студенттік құрастыру бюросы бар, олар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жақсы серпін береді.

Факультет қызметкерлері 100-ден артық патент алуға ұсыныс жасап, оның 40-тан артығына патент алды. 200-ден артық ғылыми мақалалар, тезистер жариялады, 22 монография шығарылды.


Басқа оқу орындармен байланысы

    Факультет көп жылдар бойы, Харьковь техникалық университетімен, Мәскеу автомобиль жол университетімен, Бауман атындағы МВТУ-мен, Алтай мемлекеттік техникалық университетімен, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетімен, Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация академиясымен, және көптеген шет ел университеттерімен байланыста. Олармен ғылыми және әдістемелік консультациялар, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар өткізіледі.

Халықаралық байланыс шеңберінде мамандарды дайындауда студенттер практикадан өту үшін шет елге жіберіледі, сонымен қатар жұмыс іссапарларына жіберіледі. 1997 жылы студент М.Т.Мақашев өндірістік тәжірибиені Швецияда «Скания» үлкен машина жасау зауытында өтті. Падеборнды университет келісімімен үш студент (Н.Непп, Сапарғалиев, М.Кәрібаев) маманданудан өтті. Қазіргі уақытта М.Кәрібаев «Болашақ» стипендиясының иегері және Ильминау (Германия) қаласында доктотарунтарада оқиды.

Факультет студенттері: Сыздықов Сәкен, Бабкина Анастасия, Ысқақов Берік, Жакупов Қазбек «Студенттердің академиялық мобильдігі» шеңберінде Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ге бір семестрге оқуға жіберілді.


Факультеттің материалды базасы

Факультеттің 7000 шаршы метрлі оқу корпусы мен 270 шаршы метр ауданды құрайтын жеке зертханалық блогы бар.

Студенттер мамандықтарын жанжақты оқып меңгерулеріне барлық жағдайлар жасалған. Мамандыққа баулитын пәндер жоғарғы деңгейде жабдықталған арнайы зертханалар мен кабинеттерде жүргізіледі. Факультетте автокөлік, тракторларды сынау, қозғағыштарды сынап зерттеу, әмбебап станоктар, сандық жүйемен басқарылатын станоктар, металды қысып сығымдап өңдейін, механизмдермен машиналар теориясы, машина бөлшектері және оларды құрастыру негіздері тағы басқа зертханалар бар. Бұл зертханалар:

-    автомобилді тексеріп баптау қондырғысымен;

-    қозғағыштарды сынап зерттейтін қондырғысымен;

-    автомобилдердің электржабдығын тексеретін, сынайтын қондырғысымен;

-    жағар-майды тексеріп талдайтын аспаппен;

-    металдарды қыздырып балқытатын пешпен;

-    созушы, сығымдаушы машиналармен;

-    металдардың қаттылығын тексеретін аспаппен;

-    электронды микроскоппен;

-    әр түрлі станоктармен тағы басқа құрал-жабдықтармен, аспаптармен жабдықталған.

   
 

Ғылыми зерттеу жұмыстары

Факультетте ғылыми зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі:

-    әртүрлі салаларға қажетті машиналарды жобалап жасау;

-    ауыл шаруашылығына қажетті машиналардың айқындауыштарын нарық талабына сай оңтайландыру;

-    машиналарды тексеріп, бақылауға қажетті аспаптарды құрастыру, тексеру жолдарын, технологиясын жасау;

-    металл қалдықтарын тиімді жолмен қайта қорытып өңдеу технологиясын және теориялық негізін жетілдіру;

-    металдарды сығымдап өңдеу технологиясын зерттеп жетілдіру;

-    металдардың қасиеттерін арттыру жолдарын зерттеу, тиімді технологиялар жасау;

-    металдарды өнімді, сапалы жолмен өңдейтін аспаптар жасау және оның теориясын дамыту;

-    машиналардың динамикасын зерттеу әдістерін жетілдіру, толықтыру т.б.


Ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелері

Факультет оқытушыларымен студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары әртүрлі конкурстарға қатысып, жүлделі орындар, гранттар ұтып алды: Мысалы - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министерлігінің Ғылым фондынан 2005 жылы екі ғылыми жоба гранттар ұтып алды.

 - 0,9 кл жүк салатын қорабы бар әмбебап тракторды құрастырып жасау. Ғылыми жетекшісі - т.ғ.к., профессор Т. Тоқтағанов;

- дизилдерге дренажы жоқ форсункаларды пайдалану және ондай форсункаларды шығаратын зауыт салауды негіздеу. Ғылыми жетекшісі - т.ғ.д., профессор А.Қ. Қарақаев.

 


Факультеттегі тәрбие жұмысы

Қоғамдық жұмыстарда факультеттің оқытушылары да белсенділік көрсетеді. Біздің факультеттің оқытушылары, қызметкерлері университетте өтетін «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасына жыл сайын қатысады, жүлделі орындарға ие болып жүр.
 

  

Факультетте студенттермен тәрбие жұмысы барлық белгілі тәсілдерді пайдалана отырып жүргізіледі. Студенттерді қоғамдық жұмыстарға кеңінен қатыстыра жүргізілген тәрбие жұмыстары жақсы нәтиже беруде. Біздің студенттер қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. «Студенттер қатарына қабылдау кеші», Наурыз мейрамы т.б. іс-шаралар студенттердің тікелей ұйымдастыруымен өтеді.

 


 


 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup