Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясы ғылыми-практикалық орталық

Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясы ҒПО қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеудің әлеуметтік-методологиялық бағдарламасының мәселелері.
  2. Өлкенің тарихы мен этнографиясын, мәдениетін зерттеудің жалпы бағдарламасын жасау.
  3. Өлкенің тарихы жайында жаңа тың деректер жинау және ғылыми тұрғыдан талдау жасап жинақтау.
  4. Ғылыми қызметкерлер мен магистранттар, студенттер үшін ғылыми-әдістемелік оқулықтар шығару.
  5. Жастардың этномәдени тәрбиесін нығайтуға арналған бағдарламалар аясында ғылыми жобалар жасау.

Міндеттері:

  1. Өлкенің тарихы мен этнографиясы туралы көп томдық шығармалар жинағын шығару.
  2. Этнография тарихы бойынша монографиялық жұмыс жүргізу.
  3. «Кереку-Баян өңірінің ақын-жазушылары» (35 том) антологиясын баспаға дайындау.
  4. Өлкенің тарихы мен этнографиясы туралы материалдар жинақтау, жан-жақты зерттеулерді сараптап түйіндеу, экспедиция материалдары, деректі құжаттармен жұмыс жасау.
  5. Жергілікті ғылыми және басқа да өлкелік ұйымдармен ғылыми байланыс жасау.
  6. Жинақталған материалдарды жүйелеу.
  7. Өлкетану материалдарының баспа бетінде жарық көруіне қажетті мүмкіндіктерді жасап, мәтінге байланысты редакциялау-корректорлық жұмыстарын сапалы орындау.

Мақсаты: Өлкенің мәдени тарихы мен этнографиясы зерттеліп, оның халық мұрасына айналуына жоспарлы ғылыми жобалар дайындау. Кереку-Баян елінің бүкіл қазақ даласына сіңірген ғылыми-шығармашылық еңбектері жарыққа шығып ұлт дәстүрін, тағлымын ұрпаққа жаңаша, замана ағымымен байланыстыра жасалған пайымдаулар негізінде анықтамалық, энциклопедиялық, деректік материалдар ретінде ұсыну. Қазақ мектептеріне, өскелең ұрпақтарға бабалар аманатынан тәрбие беретін, көкірек көзін ашатын рухани байлыққа толы кітаптарды баспадан шығару. Қазақтың біртуар ерекше тұлғаларының есімдерін ғылыми-шығармашылық жағынан толық көрсететін еңбектер дайындау.

Орталықтың қызметкерлері

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup