"Алгебра және математикалық талдау" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Алгебра және математикалық талдау кафедрасы 2004 жылдың тамыз айында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті құрамында құрылды. Кафедра меңгерушісі — Павлюк Иван Иванович. Алғашқы құрамы — 10 физика-математика ғылымдарының кандидаттары-профессорлар, екі доцент, 8 аға оқытушы және 3 математика магистрі. Кафедра 1961 жылы құрылған Павлодар индустриалды институты және 1962 жылы құрылған Павлодар педагогикалық институтының математика кафедраларының ісін жалғастырушы болып есептелді.

Қазір кафедрада бір ғылым докторы (Дроботун Б.Н.), алты профессор (Мұқанов Г.М., Мұхтаров М.М., Павлюк И.И., Шынтемірова Г.Б., Ахметов Г.Б., Хамитов М.Х.), үш доцент (Залюбовская Ю.А., Исин М.Е., Баяхметова Ф.), 12 аға оқытушы (Исмагулова Н.М., Бергузинова Т.М., Кульбаева Б.Ж., Мұхамедзянова Н.И., Баширова А.Н., Машрапова Г.Н., Теняева Л.И., Сембаева Н.Т., Шоманова Р.Е., Әбдірахманова А.М., Захарова О.А., Сыздыкова А.Т.), екі оқытушы (Макина Н.К., Құдайберген М.К.) еңбек етеді.
Кафедра басшылығы
Алгебра және математикалық талдау кафедрасын Павлюк Иван Иванович басқарады — Абай атындағы ҚазПИ (Алматы қ.) аспирантурасының 01.01.06 — Математикалық логика, алгебра және сандар теориясы мамандығы бойынша білім алған түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1982ж., Новосибирск мемлекеттік университеті, топтардың жалпы теориясы, 80-нен астам мақала, екі монографияның авторы; топтар теориясына — топтардағы салыстыру теориясын — жаңа бағытын дайындап енгізуші, Коуров дәптеріндегі топтар теориясы жөнінде бірқатар ірі мәселелерді шешкен (Новосибирск университетінің басылымы, 2002ж.), салыстыру теориясының оннан астам базалық жаңа математикалық түсініктерін енгізген.
Павлюк Иван Иванович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ф-м. ғ. к. (Новосибирск мемлекеттік университеті, 1982ж., тақырыбы: Локально-конечные группы с условием примарной минимальности), ЖАК доценті, ПМУ профессоры.
Лауазымы: алгебра және математикалық талдау кафедрасының меңгерушісі
E-mail: Ivan.pavlyuk @ mail. ru.
Ғылыми еңбектері (мақалалар, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, т.б.): барлығы 100-ден астам. Бір монографиясы теоретикалық математикадан ( Топтардың жалпы теориясы, 2002 ж., 222 б.), екі оқу-әдістемелік құралы (2006 ж., 2007 ж.) математикадан. Магистрлік диссертацияларға (7), университет түлектерінің дипломдық жұмыстарына мектеп оқушыларының ғылыми еңбектеріне жетекшілік ету, ғылыми еңбектерге пікір жазу, кандидаттық және магистрлық диссертацияларға оппонент болу.
Наградалары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің грамоталары, ССРО-ның екі медалі.
Ағымдағы зерттеулердің тақырыбы: Топтар теорияларындағы және алгебрадағы жаңа бағыттарды қарастыру — топтардағы салыстыру теориясы (40-тан астам мақала, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар). Теорияның 10-нан астам жаңа базалық түсінігі анықталып, ғылыми қолданысқа енгізілді: топтық салыстыру, топтық салыстыруға шешім табу, эквивалентті салыстыру, орталық және орталыққа бағындырылған салыстырмалар арақатынасы, индексті салыстырма арақатынасы, (сәйкестендірілген) салыстырма модуляторы түсінігі, (сәйкестендірілген) салыстырма централизаторы, т.б. Топтарды зерттеудің модуляторлық әдісі анықталды (монография, 2002 ж.), салыстырулар теориясы мен модуляторлық әдісті қолдана отырып Коуров дәптеріндегі топтар (5-тен артық) теориясының белгілі мәселелері шешілді (Новосибирск мемлекеттік университетінің басылымы, 2002 ж.) "Топтардағы салыстырулар теориясы" аты монография басылымға дайындалу үстінде (2009 ж.).
Мамандықтар мен мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық базасы