Әскери жұмылдыру бөлімінің бастығы - Кабиев Руслан Калимжанович

 

І. Негізгі жағдай.

Әскери жұмылдыру бөлімі (бұдан соң ӘЖБ) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Оқу орнының бірінші басшысына тікелей бағынады.

ӘЖБ өз жұмысында төмендегі нормативті құжаттарды басшылыққа алады:

    • 1997 жылдың №127 «Жұмылдыру дайындығы туралы және Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру» ҚРЗ.
    • 2012 жылдың 16 ақпанындағы №561-ІV «Әскери қызмет туралы және әскери міндеттілердің мәртебесі» ҚРЗ.
    • ҚР үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымындағы №859 қаулысымен бекітілген, әскери міндеттілердің және әскер қатарына шақырушылардың әскери есеп жүргізудің ережесі.
    • 2007 жылдың 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» ҚРЗ.

ӘЖБ негізгі міндеті – университеттің жұмылдыру дайындығымен байланысты, жоспарлау жұмысы мен іс-шараларды іске асыруды ұйымдастыру.

Бөлімнің құрылымын бастық, әскери міндеттілерді есепке алу және броньдау жөніндегі мамандар құрайды.

 

ІІ. ӘЖБ өкілеттігі.

«Ерекше кезеңге» жұмылдырылатын адамдар ресурсын сараптау үшін университеттегі кадрлар мен оқитын адамдардың қозғалысы бойынша ректор бұйрығының бір данасымен танысу.

ЖОО-нда жұмыс істейтін және оқитын азаматтарды әскери жұмылдыру мәселесі бойынша шақырту.

Оқу орнына жұмысқа (оқуға) түсетін азаматтарды әскери тіркеуге тұру үшін және олардың оқу-әскери құжаттарды дұрыс рәсімдеуі үшін қорғаныс істері жөніндегі органдарға жөнелту.

Университеттің әскери міндетті және әскерге шақырылушы азаматтарын шақырту бойынша қорғаныс істері жөніндегі органдарға жөнелту. Шақырту орнына уақытымен баруына ықпал ету.

ЖОО-ның, колледждің күндізгі бөлімінде оқитын әскерге шақыртылатын студенттеріне әскери қызметке шақырту уақытын создырту құқығын беретін анықтама беру.

Оқу орнының басшылығына әскери жұмылдыру жұмыстары бойынша істердің хал-ахуалы туралы үздіксіз баяндап отыру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

Ректорға 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы әскери жұмылдыруға дайындық және әскери жұмылдыру туралы» Заңын бұзушылар туралы хабарлап отыру. Оларды әкімшілік жауапқа тартылуы туралы хабарлама беру.

ІІІ. Әскери тіркеуді жүргізу.

Бөлімшелер бойынша әскери міндеттілерді тіркеуге алу және тағайындау жөніндегі мамандар төмендегі іс-шараларды орындайды:

      • университетке жұмысқа (оқуға) түскен азаматтардың бастапқы әскери тіркеуін жүргізу;
      • Қорғаныс істері жөніндегі органдарға ұсынуға ЖОО, колледждің әскерге шақыртылған студенттері мен оқушыларына әскерге шақыртылу уақытын создырту туралы №3 нысанындағы анықтаманы беру;
      • 7 күндік мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі органдарға жұмысқа (оқуға) қабылданған, сондай-ақ жұмыстан (оқудан) шығарылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәлімет беріп отыру;
      • оқу орнының әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушылары туралы сауалнамалық мәліметтердің өзгерісі тіркеуін жүзеге асыру. Т-2 карточкасына түзетулер енгізеді және бұл туралы 7 күндік мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі органдарға хабарлайды;
      • қорғаныс істері жөніндегі органдардың шақыртуы жөнінде әскери міндеттілерге хабарлайды. Олардың уақытымен тиісті орынға баруына ықпал етеді;
      • жыл сайын, қараша айында әскерге шақыртушы бөлімшеге тіркеу мақсатында әскерге шақырылушы жасқа дейінгі жастағы университет, колледж студенттері мен оқушыларының тізімін қорғаныс органдарына жөнелтеді;
      • жыл сайын, қаңтар айында запаста тұру жасына жеткен әскери міндеттілерді әскери тіркеуден шығарады;
      • жыл сайын, қаңтар-ақпан айларында профессор-оқытушылар құрамынан әскери міндеттілерді тағайындау рәсімделеді;
      • жыл сайын, қаңтар-наурыз айларында қорғаныс істері жөніндегі органдарға университет және колледж студенттері мен оқушыларын әскерге шақырылушылар тіркеуіне тұруға және әскерге шақырылушы куәлігін алуға жөнелтеді;
      • әскери міндеттілердің тіркеуін және тағайындалуын жүргізу жөніндегі іс-қағаздар рәсімделуін жүзеге асырады;
      • студенттер мен колледж оқушыларына №3 нысанындағы анықтаманы беру, әскери тіркеудің әр түрлі мәселелері жөніндегі бұйрықтардан көшірмелерді тіркейтін журналдар жүргізеді;
      • «С.Торайғыров атындағы ПМУ-де жұмыс істейтін әскери міндетті азаматтарының саны туралы» №6 нысанындағы жылдық есепті дайындауға қатысады.

ӘЖБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне берілген міндеттерді саналы да сапалы және уақытымен орындауға барлық жауапкершілікті өз мойындарына алады.

 

Қызметкерлері

Ждеулова Толкын Жұматайқызы - Әскери жұмылдыру бөлімінің жоғары деңгейлі әскери есепке алу жөніндегі маманы

Сакенова Жамиля Жақияқызы - Әскери жұмылдыру бөлімінің жоғары деңгейлі әскери есепке алу жөніндегі маманы

 

Байланыс мәліметтері:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64

БОҒ, A-1/1 каб.

тел. 8-7182-673679 (ішкі - 12-53)