Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Қазақ тілін жеделдетіп оқыту ғылыми-практикалық орталығы

Орталықтың ашылу тарихы

Қазақ тілін жеделдетіп оқыту ғылыми-практикалық орталығы – С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің  құрылымдық бөлімшесі – 2007 жылдың наурыз айында университет ректоры проф. э.ғ.д. Е.М. Арынның қолдауымен ашылған.

Орталықтың алға қойған міндеттерінің негізгісі – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің бәсекелесуге қабілеттілігін арттыру мақсатында оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік тілді тереңдете әрі жеделдете оқытуда сапалы  қызмет көрсету, қазақ тілін меңгеруге ниет білдірген адамдардың тіл үйренуін ұйымдастыру. Орталық тек мемлекеттік тілге ғана оқытып қоймайды: тілдің үштұғырлығы, яғни, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл, ағылшын тілі – жаһандық тіл екендігі ескерілген.

Орталықтың тиімді жұмыс жасауына оның кадрлық құрамының әсері мол: орталық қызметкерлері құрамында филология ғылымдарының 1 докторы, филология ғылымдарының 4 кандидатаы, университеттің профессорлары мен доценттері.

Педагогика саласындағы зерттеулері үшін 2 қызметкер Ы. Алтынсарин атындағы премияға, 2 қызметкер – «ҚР ғылымының құрметті қызметкері» атағына ие болған.

Оқу үрдісін жабдықтау

Орталықтың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалған. 12 оқу кабинеті жабдықталған, оның ішінде компьютерлік және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, этнолингвистикалық кабинет, мемлекеттік және шет тілдерін қолдау үшін жасалған ресурстық орталық. аудиториялар техникалық оқу құралдарымен, ұйымдастырушылық техникамен, қажетті жиһазбен қамтамасыз етілген.

Орталықтың ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиет қоры бай (2000 данадан артық). Оқу-әдістемелік қоры орталық негізінде жасалған оқу құралдарымен, сөздіктермен, оқу бағдарламаларымен үнемі толықтырылуда.

2007-2009 ж.ж.  орталық қызметкерлері 25-дан астам кәсіби бағытталған оқу құралы мен   сөздіктерді жасап, оқу үрдісіне енгізуде («Экономика, машинажасау, құрылыс, энергетика мамандықтарына арналған кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл»,  салық қызметі органдары қызметкерлері үшін жасалған  «Қазақ тілі», «Қазақ тілі» және  «Іс жүргізу» мультимедиялық оқулықтары, «Метрология, стандарттау және патенттану» орысша-қазақша түсіндірмелі сөздігі, басқа оқу ұралдары, бағдарламалары).

Қазіргі жағдайда «Ғылыми сала қызметкерлеріне арналған үштілді қазақша-орысша-ағылшынша анықтамалық-тілашар», «Мемлекеттік қызметшілерге арналған үш тілді қазақша-орысша-ағылшынша сөздік», «Информатика, ақпараттық технологиялар мамандықтарына арналған кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл», «Құқықтану мамандықтарына арналған кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл» оқу құралдары жасалуда.

Инновациялық технологияларды  мемлекеттік тілді оқыту үрдісіне енгізу 

Орталық жұмысының бағыттарының бірі – қазақ тілі мен мемлекеттік тілде іс жүргізуді үйрету, тіл үйренушілерді қазақ халқының мәдениетімен таныстыру, патриоттық сезімін арттыру.

Осы мақсатпен орталық ұжымы кәсіби бағытта тіл үйрету, «Тіл арқылы ел тану» курсы, нақты бір салада іс жүргізуді кешенді беретін, өзіндік ерекшеліктері бар технологияны енгізу барысында белсенді жұмыс жасауда. Осы орайда «Табиғи тіл ортасына кіру», нақты бір ұйымның жұмысына байланысты материалдарды пайдалану, қазақ тілінен білім деңгейін анықтау үшін алдын ала социологиялық сұрақ-жауап алу сияқты әдістер кеңінен пайдаланады.

Тіл үйренушінің қызметіне, кәсібіне бағытталған оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жасау қазақ тілін мамандыққа бағыттап үйретуге жол беріп, қазақ тілін үйренуге деген сұранысты арттыра түсірді.  Мысалы, 2007 жылы қазақ тілі  курстарында оқығандар саны 800-ден асты, оның ішінде 470 адам – облыстың мемлекеттік қызметшілері, 2008 ж. Қазақ тілі курстарынан өткендердің саны 400-ден асса, оның  80 - мемлекеттік қызметші. 

Мемлекеттік тілді үйрету деңгейлеп оқытуға арналған, ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігімен келісілген бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Жұмыс бағдарламаларының мазмұны жалпы курс пен міндетті профильдік оқыту курсын қамтиді.

Шет тілдерін  үйрену

Оқу-білім қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен тоғыспақ. Орталық шет тілдерін – ағылшын, неміс, қытай, араб, түрік тілдерін оқыту курстарын жүргізуде. Шет тілдерін үйрету деңгейлеп оқытуға арналып жасалған бағдарламалар бойынша жүргізіледі. 

Деңгейлеп оқытудан басқа, TOEFL, IELTS,  DAAD сияқты бағдарламалар бойынша шет тілдерін тапсыру үшін дайындық курстары өткізіледі. Оқу үрдісінде  мультимедиялық лингафондық кабинеттер, ауызекі тіл лабораториясы,   әлемнің алдыңғы қатарлы баспаларының оқу құралдары, қазіргі заманға сай технологиялар кеңінен қолданылады.  2007-2008, ж.ж. ішінде   деңгей бойынша дайындықтан 200-ден астам адам,  2008-2009 ж. – 370 адам өтіп отыр: олардың ішінде университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және әкімшілік-басқару құрамы -  70 адам, магистратураға түсу үшін жүргізілетін курстардың тыңдаушылары  -   100 адам, шет тілдерін үйренуді қалаған -  200 адам.

Шет тілдерін оқыту бағыттарының бірі – магистратураға түсу үшін тапсырылатын емтиханға дайындау:  2008 ж. орталық негізінде дайындықтан ЖОО-ның 60 үміткері, 2009 жылы-100 үміткер өтті.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-ғылыми жұмыс

Орталық негізінде

  • «Түркі тілдері күндерін» өткізу дәстүрге айналды. Шараның  шеңберінде «ХХ ғасыр және түркі жазуы» атты ғылыми-практикалық конференция (2007), «Латын алфавитіне көшу туралы» атты дөңгелек үстел (2007), «Түркі тілдері және ХХ ғасыр» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2008), «Қазақстан және түркі әлемі» атты дөңгелек үстел (2008),  «Түркі тілдерінің жаңа ғасырда дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2009), «Түркі тілдерінің қазіргі Қазақстандағы орны»  атты дөңгелек үстел (2009) өткізілді. Конференция материалдары бойынша баяндамалар жинағы басылымнан  шығарылады  (2007, 2008, 2009).
  • жыл сайын инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізу мәселелері бойынша Павлодар қаласының қазақ, орыс және шет тілдері мұғалімдері үшін ғылыми-әдістемелік семинарларды   ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде: 2008 ж. -2, 2009 ж. – 4 семинар; 
  • жыл сайын тіл үйренушілердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында оқытушылар мен студенттер арасында«Тіл шебері» атты жалпыуниверситеттік сайыс өткізілуде;
  • «Павлодар қ. жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі жолдауымен келген жұмыссыз адамдарды түрлі мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтан өткізу жұмысы жүргізілуде: конкурс  бойынша, «Мемлекеттік тілде аудармашы-іс жүргізуші» мамандығы бойынша  2008 ж. - 20, 2009 ж. – 20 адам; «Хатшы-референт» мамандығы бойынша 2008 ж. -15, 2009 ж. -15 адам);     
  • жыл сайын Орталық қызметкерлері («Ертіс дарыны» РҒПО-сымен бірлесе отырып) мектеп оқушыларын ғылыми сайыстарға даярлау мақсатымен  жазғы лагердің жұмысына қазақ, орыс тілдерінің жаттықтырушылары-оқытушылары ретінде белсенді қатысады .

Кәсіпорындармен байланыс: тіл үйрету жайы

Тендерлерге белсенділікпен қатысу нәтижесінде, Орталық облыс мекемелерімен  шаруашылық келісімдер жасауда:  2007-2008 ж.ж. қазақ тілі курсынан 432  мемлекеттік қызметші өткен, 2009 жылы «Ақсу қ. Мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемемен жасалған келісім бойынша  28 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді үйрену курсынан, 15 мемлекеттік қызметші шет тілін үйрену курсынан    өтті. Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту ерекшелігі - курс мазмұны қазақ тілінің жалпы курсы мен міндетті профилдік оқыту курсын қамтиді. Үшдеңгейлік (бастапқы, жалғастырушы, мемлекеттік тілде іс жүргізу) оқыту мекемелер тапсырысы бойынша жасалған бағдарламалар мен оқу құралдары арқылы жүргізіледі (2007 ж.  кәсіби бағытталған оқу құралының 500 данасына тапсырыс берілді; 2009 ж. мемлекеттік қызметшілер үшін үштілді қазақша-орысша-ағылшынша  сөздік жасалды). Қорытынды  тестілеу мен ауызша емтихан нәтижелері бойынша тіл үйренушінің білім деңгейі анықталады,  курсты табыспен аяқтаған тіл үйренушілерге біліктілік куәлігі беріледі.

Мемлекеттік және шет тілдерін тереңдете оқыту: «Елім» жазғы лингвистикалық лагері

Жазғы лингвистикалық лагерьдің мақсаты – қазақ және шет тілдерін  халықтардың салт-дәстүрлері, мәдениеті, әдебиеті, тарихына байланысты  тақырыптар негізінде меңгерту. Лагерь Баянауыл жеріндегі Сабындыкөл жағасында орналасқан. Орталық қызметкерлері лагерьдің жұмысына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жаттықтырушылары-оқытушылары ретінде белсенді қатысады.

Минимум бағдарламасы:

  • Қазақ, орыс,   ағылшын   тілдері,  оқу-әдістемелік құралдар жасау, электрондық оқулықтар даярлау лабораторияларын (3), презентация залын (1) жасау;
  • оқу үрдісінде техникалық терминологияны (алғашқыда университеттің 10 мамандығы бойынша) тереңдетіп меңгеруді қамтамасыз ететін тиімді   технологияларды  қолдану;
  • кәсіби бағытталған, электрондық, жалпы тіл үйрету, аударма мәселесіне байланысты  оқу құралдарын шығару: 1.«Ғылыми сала қызметкерлеріне арналған үш тілді қазақша-орысша-ағылшынша анықтамалық-тілашар», 2.«Мемлекеттік қызметшілерге арналған үш тілді қазақша-орысша-ағылшынша сөздік», 3-5.Информатика, ақпараттық технологиялар, құқықтану, медициналық  мамандықтарға  арналған «Кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл»,  6. «Тіл арқылы ел тану» оқу құралы; 7. «Риторика» оқу құралы; 8. «Аударма теориясының негіздері» оқу құралы; 9. «Мәдениетаралық коммуникация негіздері» оқу құралы; 10. «Тұлғааралық коммуникация негіздері» оқу құралы, т.б. тілашар,  сөздіктер мен оқу құралдарын жасау;
  • ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер т.б. ғылым-әдістемелік шараларды өткізу  

Орталықтың оқу-әдістемелік қоры:

  1. 2000-ға жуық ғылыми-әдістемелік әдебиет
  2. Орталықта шығарылған оқу құралдары, сөздіктер, бағдарламалар:
    1. Энергетикалық мамандықтарға арналған қазақ тілінің теориялық және практикалық курсы;
    2. Экономикалық мамандықтарға арналған қазақ тілінің  практикалық курсы;
    3. Құрылыс мамандықтарына арналған қазақ тілінің практикалық курсы;
    4. Машинажасау мамандықтарына арналған қазақ тілінің   практикалық курсы;
    5. Кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл (экономикалық  мамандықтарға арналған);
    6. Кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл  (энергетикалық мамандықтарға арналған);
    7. Кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл  (құрылыс  мамандықтарына арналған);
    8. Кәсіби бағытталған мемлекеттік тіл (машинажасау мамандықтарына арналған) ;
    9. Қазақ тілі. Жалпы  практикалық курс;
    10. Қазақ тілі. Тестілеу емтиханы;
    11. Қазақ тілі  (салық қызмет органдары қызметкерлеріне арналған, № 1);
    12. Қазақ тілі (салық қызметі органдары қызметкерлеріне арналған, № 2);
    13. Лингвистикалых ілім негіздері;
    14. Орысша-қазақша түсіндірмелі сөздік: метрология, стандарттау, патенттану;
    15. Тілдік қарым-қатынас: факультативтік курс бағдарламасы;
    16. Экономикалық  мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен;
    17. Сырттай оқыту формасы: оқу-әдістемелік құрал (№ 1);
    18. Сырттай оқыту формасы: оқу-әдістемелік құрал (№ 2);
    19. Тілдік қарым-қатынастар;
    20. «Іс жїргізу» электрондық оқулығы;
    21. «Қазақ тілі» электрондық оқулығы;
  3. Жұмыс бағдарламалары - 40-тан астам.

Орталық қызметкерлері

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup