Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқыту ҒПО

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2004 жылы сәуір айында Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқытудың ғылыми-практикалық орталығы құрылды.

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқыту ҒПО-ның мақсаты мен

  • атқаратын міндеттері:
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогикадағы әлеуметтік-әдіснамалық мәселелер;
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогикасының әдістері мен құралдары;
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогикасының негізгі мәселелері;
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогиканың зерттеу міндеттері.
  • Тәжірибелік жұмыс:
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогикада зерттелетін сұрақтарға қатысты жалпы жағдай жасау;
    • Этнопедагогика, инновациялық технологияларды оқыту және педагогикада зерттелген жаңа әдіс-құралдарды тарату;
    • Тарихи – педагогикалық және этнопедагогикалық материалдарды саралау;
    • Этномәдени кұрамдар арқылы аймақтық жастарды оқыту және тәрбиелеудің мазмұнын тарату;
    • Білім беретін мекемелерінде жаңа технологияларды педагогикалық үдерісінде қолдану, зерттеу және тарату;
    • Білім беру мекемелерін басқарудың инновациялық іс-әрекеттін ғылыми тұрғыда зерттеу;
    • Студенттер, магистрлер, аспиранттар және ізденушілердің зерттеу мәдениетін дамыту;
    • Магистрлар, аспираттар және ізденушілердің ғылыми-педагогикалық зерттеулерін тексеру, сынақтан өткізу;
    • Ғылыми-әдістемелік оқу құралдарын дайындау.

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқыту ҒПО атқаратын қызметі:

  • Білім беру мекемелерінде педагогтар, аспиранттар, магистранттар және студенттердің педагогикалық үдерісінде қолданылған ғылыми-практикалық зерттеулерін тарату;
  • Этнопедагогика бойынша жергілікті бағдарлама құру;
  • Оқу-тәрбие мазмұнындағы аймақтық және этномәдени бағыттар.
  • ЖОО оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктер;
  • Педагогтар, аспираттар, магистрлер және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.

ҒПО жұмыстарында нақты белгіленген білім беру құрылымдарының өзара байланысы:

  1. Жоғары мектептер (университет);
  2. Орта-кәсіптік білім мекемелер;
  3. Орта, жалпы білім беретін мекемелер;
  4. Ұлттық орталықтар.

Білім беретін мекемелер мен ҒПО-ның өзара байланыс бағыттары:

  1. магистратура және аспирантураға түсетін ЖОО педагогтарының орташа, кәсіптік жұмыстарын жақсарту мен университет беделін нығайту;
  2. педагогтар, аспиранттар, магистрлар, студенттер және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау;
  3. кезекті жұмысты жоспарлауға көмек көрсету;
  4. ЖОО жас мамандарының біліктілігін арттыруға байланысты іс-әрекеттер ұйымдастыру;
  5. инновациялық мектептердің әрекетін ғылыми тұрғыда басқару – нормативтік құжаттар (тұжырымдама, ұсыныс, бағдарлама және мектептің даму жоспары) дайындау;
  6. университет оқытушыларын жаңа технологияларды қолданудың мәнділігіне байланысты кеңес беру.

ҒПО штат құрамына ғылыми кеңесшілер, аға және кіші ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді.

ҒПО қызметкерлері Е.Жұматаева, А.Е. Беисова, Ж.Қ. Бижан, С.Ш. Қабдиева, С.М. Мұхамедиярова, Е.С. Иманбаев, А.Қ. Асаинова жоғары оқу орындағы профессор-оқытушы құрамымен, қалалық, облыстық мектептердің (№2, №5, №8, №22, №35 мектептер және №3 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы, №10 Абай атындағы дарынды балаларға арналған лицей) педагогтармен өзара байланыста болып, білім беруді дамыту мен меңгерту іс- әрекетін түзетіп, қадағалайды.

Аталмыш мектепте ҒПО қызметкерлері оқу-әдістемелік, педагогикалық үрдісте инновациялық технологияларды қолдануға бағыт-бағдар береді.

ҒПО қызметкерлері ЖОО Жас оқытушыларына, аспиранттарға, магистрларға, ізденушілерге ғылыми мақалалар, баяндамалар жазуға, дайындауға көмек көрсетеді.

ҒПО қызметкерлері Ы.Алтынсарин атындағы №3 мектеп-гимназия, №8 лицей, Екібастұз қаласындағы № 22 мектеп, Баянауыл ауданындағы №2 мектеп, ПМУ құрамындағы көппрофильді мектеп-лицейі, облыстық арнайы мамандандырылған Кадет мектеп-интернатына, С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжісіне, Ақсу қаласындағы гимназияға тұжырымдамалар дайындауға көмек көрсетеді.

Білім беретін мекемелердің даму барысын көрсететін технологияның құжаттары мен іс-шаралары:

  • мектеп басқарушысының орынбасарларымен бірлесіп мектептің даму жоспары және бағдарламаларын дайындау;
  • мектеп басшылары мен орынбасарларына және мектеп ұжымымен педагогикалық кеңес өткізу, жоспар, құжаттар, бағдарламалар құрастыруға кеңес беру.

ҒПО қызметкерлері білім департаменті тарапынан ұйымдастырылатын облыстық және қалалық әртүрлі іс-шаралар жұмысына белсенді қатысады: қалалық, облыстық және республикалық оқушылар арасындағы пәндік олимпиадалардың әділ қазылар алқасы мүшесі – профессор Е.Жұматаева (төрайым), Е.Иманбаев.

С.Торайғыров атындағы ПМУ педагог кадрларының біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен ҒПО директоры Е.Жұматаева және ғылыми қызметкерлер А.Е.Беисова, С.Ш.Қабдиева жоғары оқу орнының мамандарына арналған қазақ тілі курсын үнемі өткізіледі.

«Возрождение» неміс-ұлттық мәдениет орталығында және «Новое поколение» халықаралық білім беру орталығының шақыруымен қазақ тілінен дәріс беріліп, белсенді және интерактивті оқыту әдісі бойынша курс оқытылады.

ҒПО қызметкерлері аспиранттарға ғылыми тақырыпты таңдауға және оған бағыт бағдар береді, материалдарды сараптауға көмек көрсетеді.

Сол сияқты мектеп педагогтары, аспиранттар, магистрлер, ҒПО-ның көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты жазылған баспа өнімдерін шығарады.

ҒПО қызметкерлері үнемі облыстық, республикалық, халықаралық, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, зерттеу жұмыстарына қатысты жазылған мақалаларын Қазақстан Республикасындағы ғылыми журналдарда, Ресейде, Францияда жарияланды.

2004-2008 жылдар аралығында ҒПО қызметкерлері келесі кітаптарды әзірлеп, баспадан шығарылды:

  1. Е.Арын, Б.Қасым, Е.Жұматаева. «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» оқулық;
  2. Е.Жұматаева. «Ұстаз әулеті». Ғылыми кітап;
  3. Е.Жұматаева. Этнопедагогика. Хрестоматия;
  4. Н.Э. Пфейфер, Е.Жұматаева, Е.И.Бурдина. «Основы современной дидактики». Оқу құралы;
  5. Е.Жұматаева. «Жоғары мектепте білім берудің негіздері». Монография;
  6. М.Құдайқұлов. «Тағдыр таңдау». Кітап;
  7. Е.Жұматаева. Этнопедагогика. Оқу құралы;
  8. Е.Жұматаева. «Мектепті білімдену технологиясымен басқару» (№3 мектеп-гимназиясының іс-тәжірибесі);
  9. Т.Шаймарданов. «Мектеп менеджменті». Кітап;
  10. Е.Жұматаева. «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру». Монография;
  11. Е.Жұматаева, Р. Төлеубекова. «Этнопедагогика». Оқулық;
  12. «Ғылымтану». Сөздік;
  13. Е.Жұматаева, Р.Қадысова. «Рухы биік тұлғалар». Ғылыми кітап;
  14. Е.Жұматаева, Р.Қадысова. «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру» (ғылыми жобаның нәтижесі);
  15. Е.Жұматаева. «Рухнама» 50 томдық (белгілі тұлғалардың шығармалар жинағы);
  16. Е.Жұматаева. «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев». Энциклопедиясы;
  17. Р.Олжабаев. «Машина жасау» (екі кітап). Аударма (аударма жасағандар Е.Жұматаева, М.Ш. Құнанбаева, С.М. Мұхамедиярова, А.Е. Беисова).
  18. А.Нұржауов. «Трактор жасау». Аударма (аударма жасағандар және техникалық реттеу жұмысын жүргізгендер С.М. Мұхамедиярова, Е.С. Иманбаев, А.Қ. Асаинова).
  19. Р.Ж. Қадысова. «Тарихнама». Аударма (аударма жасағандар және техникалық реттеу жұмысын жүргізгендер Е.Жұматаева, М.Ш. Құнанбаева, А.Қ. Асаинова).
  20. С.Мұхамедиярова. «Мәнерлеп оқу». Хрестоматия;
  21. С.Мұхамедиярова. «Наурызнама». Әдістемелік құрал;
  22. С.Мұхамедиярова. «Баталар». Жинақ.

Баспаға дайындалған келесі ғылыми кітаптар: Ж.Қ. Бижан «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) атты монография; Жуматаева Е., Беисова А.Е. «Патриоттық ұстанымды ерлікке негіздеудің маңызы Құрмаш Нұргалиевтің ерлігі - әлемге үлгі» атты монография; Кабдиева С.Ш. «Қазақстандағы азаматтық білім берудің тарихи дамуы» атты монография; Жұматаева Е., Қабдиева С.Ш. «Қазақстандағы азаматтық білім берудің тарихи дамуы» атты сөздік; Жұматаева Е., Шабажанова С.Қ «Отан деп соққан жүрегі» атты әдістемелік құрал.

Наурыз мерекесін өткізуге байланысты ҒПО қызметкерлері мерекелік шараларды өткізудің бағдарламасын және сценнариін жасап, мерекенің өту салтанатына атсалысты. «Наурыз», «Студенттер көктемі», «Айтыс» және т.б. мерекелік шараларды өткізуге көмек жасап, алқа кеңесінің мүшелері қатарында болады.

Орталық қызметкерлері

Оқу-әдістемелік құралдары мен монографияларының мазмұны (модельдер негізінде)

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup