Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдіктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның іске қосылғанын хабарлайды (ҚР БҒМ 29.08.2019 жылғы №389 бұйрығы).


2020 жылы бакалавриат – 490, магистратура – 50, докторантура – 10 бағдарламалары бойынша оқуға қарастырылған.

Өтініштер 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін қабылданады. ҚР БҒМ бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның стипендиялық бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының тізбесін анықтады. Ақпараттық сайтта ұсынылған https://enic-kazakhstan.kz

Қосымша ақпарат