Мевлана (Mevlana Exchange Programme) бағдарламасы бойынша Памукале Университетіне (Pamukkale University) (Түркия Республикасы) 2020-2021 оқу жылында оқу үшін «Түрік тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Менеджмент», «Педагогика» мамандықтарының 1, 2, 3 курс студенттері, 1 және 2 курс магистранттары, 1,2 курс докторанттары арасында конкурс жарияланады.


Өтініштер 2020 жылдың 12 наурызға дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін бакалавр/магистратура/докторантура студенттеріне қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В2-ден (6.0) кем болмауы (сертификаттың бар болуы), бакалавр студенттеріне GPA орташа баллы 2,50/4.0, магистратура/PhD студенттеріне GPA орташа баллы 3.0/4.0 академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Student Information form), Student Application form, өтініші, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан).

Толық ақпаратты сілтемеден немесе Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (1205).