Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева, Ақ мешіттің бас имамы, теолог Қылышев Абулхаир қажы, сондай-ақ КҚТДО инспекторы Рүстем Мажитов діни сауаттылықтың жеткіліксіздігі жағдайында деструктивті қозғалыстарға оңай түсіп кету қаупінің мол екендігін айтты.

Сарапшылар деструктивті дінде діни нормаларды орындауға қатаң шектеулер бар екеніне назар аударды. Мысалы, әйелдер әрдайым барлық жерде басын бүркеп жүреді немесе оларға намаз оқымайтын адамдармен сөйлесуге тыйым салынады.

Адамдарды бұл ағымға тартудың екі жолы туралы айтылды: бетпе-бет және интернет арқылы. Тартушы адам ешқашан өзінің аты мен тегін айтпайды және өзінің «құрбанын» біреудің қолдауына мұқтаж болып жүрген жағдайда табады.

Деструктивті ағымға түсіп кеткен адам өзінің көзқарасын, қоршаған ортасымен, жақындарымен қарым-қатынасын өзгертеді.

Мұндай жағдайларда КҚТДО-ның 62-01-01 сенім телефонына хабарласып, алғашқы көмек алуға болады.

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының carmo-pvl.kz сайтында материалдар, сұхбаттар, деструктивті күштердің ықпалына түскен нақты адамдармен, біздің жерлестерімізбен түсірілген фильмдер ұсынылған.