Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

"Жалпы және теориялық физика" кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

«Жалпы және теориялық физика» кафедрасы 1961 жылы Павлодар индустриалды иститутында құрылған.

Кафедраның құрылуына еңбегі сіңгендер: т.ғ.д., профессор В.О.Волошин, п.ғ.к. Л.Я.Грабельковская, т.ғ.к. Батракова Л.М., Карабаева Н.Е., Музалевская Н.Н. 70-ші ж. басы мен ортасында кафедра құрамы Москва, Ленинград, Томск, Новосибирск, Алматының үздік университтерінің түлектерімен толықты: ф.-м.ғ.к. Омаров М.М., ф.-м.ғ.к. Румянцева В.С., ф.-м.ғ.к. Виноградов А.А. (қазіргі кезде Ангол университетінің профессоры), п.ғ.к. Алинова М.Ш., Третьякова Л.М., ф.-м.ғ.к. Биболов Ш.К., ф.-м.ғ.к. Дворецкий В.Я. (қазіргі уақытта өкіметте ҚР парламентінің арнайы өкілі), ф.-м.ғ.к. Гольман М.Б., профессор Омаров Е.С. (қазіргі уақытта Қайнар университетінің ректоры), профессор Марденов М.Ф. (қазіргі уақытта ЕИТИ ректоры), т.ғ.к. Марданов Ж.М.

1976 жылы кафедра ПМУ-дің жаңа корпусына көшірілді, оқу лабораториясымен жабдықталды. Лабораторияның құрылуына меңгеруші Ульянич В.Б., Быкова С.В. үлкен үлес қосты. 1988 жылы қазақ тілінде физиканы оқыту басталды. 80-ші жылдары ПИИ студенттер командасы физика бойынша бірнеше мәрте Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделілер қатарынан орын алды. 2001 жылдан физика бойынша олимпиадаға ПМУ командасы қатысып, жеңіспен оралуда, команданың бұрынғы мүшелері Т.С.Досанов, Т.Г.Кисиков кафедрада сабақ береді. 1996 жылы ПМУ құрамына Педагогикалық институт енді және кафедра «Физика және математика», «Физика және информатика» мамандығы бойынша түлектер шығарды. 90-шы жылдары кафедраның дамуына ф.-м.ғ.к. Макиенко Н.Ф., ф.-м.ғ.к. И.И.Злотников, ф.-м.ғ.к. Ковтунец В.А., п.ғ.к. Еслямова У.Б., п.ғ.д. Кертаева Г.М., п.ғ.д. Нурумжанова К.А., ф.-м.ғ.к. Игонин С.И., доцент Гутенко А.Д. үлес қосты.

 

 

 

Кафедраның дамуындағы жаңа кезең 2001 жылы «Физика», 2003 жылы «Машинажасау» мамандықтары бойынша магистратура, 2002 жылы «Қатты денені деформациялау механикасы» аспиратурасының ашылуымен байланысты. Кафедраның ғылыми жетекшілігін ф.-м.ғ.д., профессор С.К.Тілеукенов басқарды. 2006 жылы кафедра түлектері: Испулов Н.А., Сарымова Ш.Н. кандидаттық диссертация қорғады. Он шақты түлек магистратураны тәмамдап, факультеттің физика, математика және ақпараттық технология кафедарасында қызмет етеді, сонымен қатар ПМПИ, ИнЕУ-де қызмет жасайтындар: Ельтинова Л.А., Бектуганова Э.Ш., Пешков Е.А., Адайхан С., Курманов А.А. АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша Байжанов А.А. магистратурада, Науразбекоава А.С., Борсукбаева А. ЕҰУ докторантурасында оқыған.

Кафедра түлектері жоғары және орта оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институтында, завод лабораториясында, өндірістің түрлі саласында қызмет жасайды.

 

Кафедра басшылығы

Биболов Шахизада Капсаттарұлы

Қызметі: «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми атағы: Доцент, С.Торайғыров ат. ПМУ профессоры

Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Білімі: Жоғары «Физика» мамандығы, Новосибирь мемлекеттік университеті

Диссертация тақырыбы: Қаз МУ 01.04.14 «Жылуфизикасы және молекуларлық физика»мамандығы бойынша Бірқатар газдың төменгі температурада өзара диффузияның барьерлік және температуралық тәуелділік коэффициенті

Ғылыми еңбектер тізімі: Молекуларлық физика, физиканы оқытудың әдістемесі саласында 50-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер жазған. ҚР МОН ұсынуымен физика бойынша қазақ тіліндегі оқу құралының авторы, физика бойынша қазақ-орыс түсіндірме сөздігінің телавторы, сонымен қатар ГСССД СССР кестелерінің және Қазақстан Республикасының екі стандартының авторы.

Оқытатын пәндері: Жалпы Физика. Теориялық физика. Термодинамика және статистикалық физика. Аналитикалық механика және қатты дене динаимкасы. Заттарды талдаудағы математикалық статистика. Тең емес статистикалық физика.

Ғылыми зерттеу аясы: Нақты газды тасымалдау құбылысы. Физиканы оқыту әдістемесі

Байланыс телефоны: жұм. 673641 (ішкі 170)

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 

Оқу-зертханалық базасы

 

Үздік түлектер

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup