Құрметті білім алушылар!

Петролеум және энергетикалық зерттеулер университеті (The University of Petroleum and Energy Studies) (Үндістан) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне студенттерді және магистранттарды оқуға шақырады.

Мамандықтардың тізімін 1сілтемеден және 2сілтемеден көре аласыз.

Қатысушыларға оқу кезеңінде тегін оқу, жатақхана, тамақтану және медициналық қызмет көрсетіледі. Виза, сақтандыру және әуеұшу білім алушылардың есебінен.

Өтініштер 2019 жылдың 28 қазанға дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Конкурста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат және резюме, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (1205).