Құрметті білім алушылар!

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша Кастилия Ла-Манча университетіне (The University of Castilla-La Mancha) (Испания) 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үшін Шетел тілдер, Шетел филологиясы, Информатика, Ақпараттық жүйелер, Машина жасау мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады.

Қабылданатын студент саны: 2

Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз. 

Өтініштер 2019 жылдың 23 қазанға дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Конкурста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: Application Form - 1 өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.

Толық  ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (1205).