Құрметті студенттер!

Community Solutions бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды деп хабарлаймыз. Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады.

Іріктеу талаптары:

• 2020 жылдың 1 қаңтарында талапкерлер 25-38 жас аралағында болуы керек;

• Талапкерлердің қоғамды дамыту саласында кем дегенде 2 жыл тәжірибесі болуы керек немесе әлеуметтік көмек көрсету саласында штаттағы қызметкер немесе ерікті ретінде 2 жылдық тәжірибесі болуы керек;

• Талапкер өз мемлекетінде тұрып, қызмет атқаруы тиіс (ресми түрде босқын лауазымына ие және өз мемлекеті атынан басқа мемлекетте қызмет атқаратын адамдар бағдарламаға қатыса алады);

• Жазбаша және ауызекі ағылшын тілін еркін білу қажет.

Құжаттар онлайн жүйе арқылы 2019 жылдың 30 қазаны сағат 18:00-ге дейін http://oas.irex.org/csp вебсайтында қабылданады.