loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді bilik.gazet@mail.ru адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 272 қонақ 
 
 
 


Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы

Орталық тарихы

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы 2004 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істейді. Бұл орталық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірін зерттеу мақсатымен ашылған.  

Бүгінгі күнге дейін ақынның 3 томдық таңдамалы шығармалары орыс, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. 15 том шығармалар жинағы шығарылды. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын аудару мәселесі бойынша элективті курсқа арналған оқу әдістемелік құралы дайындалуда.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жазған еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан атақты ғалымдар мен академиктардың мақалалары теріліп басылған «Мәшһүр тағылымы» деп аталатан жинақтың 1,2 томдары, үлкен және қысқаша энциклопедиялар, библиографиялық көрсеткіштер жарыққа шықты.

Мамандар мен студенттерге, мектеп оқушыларына араналған өз алдына бір үлкен еңбектің, оқу әдістемелік құралдың негізі бола алатындай,  лингвистикалық және әдебиеттану зерртелер  тереңдетіле жүргізілуде. Мәшһүртану ҒПО-ның қызметкерлері 2004 жылдың 4 мамырынан бүгінгі уақытқа дейін университетте өтетін дәстүрлі халықаралық, аймақтық ғылыми конференциялар мен барлық ұйымдастырылатын форумдар мен семинарларға қатысып ат салысып келеді. Орталық қызметкерлері М-Ж. Көпеевтің шығармашылығы мен өмірін зерттеп, насихаттау мақсатымен  қалалық мекпептерге, ауылдық мектептерде дәріс оқылып, мектептерде мәшһүртану қосымша сабағы енгізіліп, орталықпен бірігіп жұмыс атқаруда  Сонымен қатар Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен бірге қалалық, облыстық кітапхана, Г.Потанин атындағы өлкетану мұражай, Бұхар жырау атындағы әдеби мұражай, «Шаңырақ» халық шығармашылық үйі серіктесіп  жұмыс атқаруда.  7 жыл көлемінде орталық осындай жетістіктерге ие болды: 3 томдық таңдамалы шығармалары орыс, ағылшын тілдеріне аударылып жарық көрді. 15 том шығармалар жинағы шығарылды. Мәшһүр Жүсіптен мектеп оқушылары ғылыми жоба жазып, олатрдың алды республикаға танылуда.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жазған еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан атақты ғалымдар мен академиктардың мақалалары теріліп басылған «Мәшһүр тағылымы» деп аталатан жинақтың 1-2, томдары, бакалаврлар мен магистрлар, мәшһүртанушылар, лингвистер пайдалана алатын «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері» және «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің әдеби тілге қатысы» атты оқу құралдары жарық көрді. «Мәшһүртану» әдістемелік-библиографиялық құралы, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын аудару мәселесі бойынша элективті курсқа арналған оқу әдістемелік құралы дайындалуда. Үлкен және қысқаша энциклопедиялар, библиографиялық көрсеткіштер жарыққа шықты.

Орталық ұжымында аға ғылыми қызметкер: Қ.Н. Қанапьянов. Кіші ғылыми қызметкерлер: М.Б.Аманжолова, Р.Т. Хайруллина, С.Ә Ысқақ, Қ.Т. Талқанбаева, Б.А. Ахметниязов, Н.Қ. Анафина, зертханашы М.О. Оралова жұмыс атқаруда.



Орталық қызметкерлері


Орталықтың қызметкерлерінің еңбектері

 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 
 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13
14
15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
1 2 3 4 5 6 7
 

Мәдени мұра

 
                                        
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: pgu@psu.kz