ЭжҚД директорының жоспарлы-қаржылық қызметі бойынша орынбасары Татенова Алия Қанатқызы

Іс-әрекетінің бағыты

Экономика және қаржы департаментінің Жоспарлау-қаржы бөлімінің қызметі мына жұмыстарды атқаруға бағытталған:

  1. Қаржылық жылға ЖОО бюджетін жасау.
  2. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың даму жоспарын жасау, бекітілген жоспарға түзетулер мен өзгерістер енгізу.
  3. Ағымдағы қаржылық жыл мен өткен кезеңдердегі ЖОО-ның даму жоспары мен бюджетінің орындалу мониторингін жасау.
  4. Қаржыландыру көздері негізінде ақша қаражатының түсуі мен қозғалысының есебін жүзеге асыру.
  5. Контингенттің нормативтік қатынасына сәйкес қызметкердің категориясы бойынша штаттық санды бөлу.
  6. ЖОО-ның құрылымына сәйкес қызметкердің категориясы бойынша штаттық кестені құру, бекітілген тәртіп бойынша өзгерістер енгізу.
  7. Еңбек өтілі есебінде лауазымдары бойынша қызметкерлерге тарификация жасау.
  8. Еңбек төлемі қорының жоспарлануы мен талдауы.
  9. Қызметкерлерге арнайы төлемдерді бекітуге жасалатын бұйрықтардың жобасын дайындау.
  10. Штаттың нақты ауыстыру есебін жүргізу.
  11. ЖОО қызметінің бағыттары бойынша шығыс сметасын құру.
  12. Білім беру және басқа да ақылы қызметтердің баға көрсеткіштерін жасау.
  13. Қаржыландырудың көзі мен оқу түрінің негізінде білім алушылардың контингентінің қозғалысын есепке алу.
  14. Шәкіртақы қорының, жол жүруге берілетін жеңілдік өтемақысын төлеудің, академиялық ұтқырлықтың, шет елдерден мамандарды тартудың қажеттіліктерінің есептерін жасау.
  15. ЖОО-ға шаруашылық қызмет көрсетудің келісім шарттарын жасау бойынша есеп пен тапсырыстарды дайындау, келісімшарттың орындалуын бақылауға алу.
  16. Жылжымайтын мүлік нысандарын қамтуға кететін шығынның есебі мен талдауы.
  17. Ғимаратты жалға берушілермен коммуналдық қызметтерге келісімшарт жасау, жалға берушілермен есептесудің талдауы мен есебі.
  18. Қаржылық-шаруашылық қызметтер мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріне ақпараттық және кеңестік қолдау көрсету.
  19. Бөлім қызметінің салалары бойынша локальды нормативті құжаттарды дайындау.
  20. Бөлімнің кіріс құжаттарын қабылдау, тіркеу және орындау, шығыс құжаттарын дайындау, тіркеу және жіберу.
  21. Ғылыми кеңесте, ректоратта және басқа да басқару органдарының мәжілістерінде қарастыру үшін бөлім қызметінің бағыттары бойынша материалдар дайындау.
  22. Университет басшылығының тапсырмасы бойынша бөлім қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар дайындау.
  23. Бөлім қызметінің бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері туралы ағымдағы және жылдық есептерді дайындау.

Жоспарлау-қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:

ЖҚБ негізгі міндеттері мыналар:

  • ақша қаражатының түсуі мен шығысын жоспарлау;
  • ЖОО-ның қызметінің қаржылануын ұйымдастыру;
  • штаттық санды және еңбек төлемі қорын жоспарлау;
  • қаржылық-шаруашылық қызметті талдау;
  • құжаттар жүргізу және бөлім қызметінің бағыттары бойынша есептер дайындау.

 

Бөлім қызметкерлері:

309а каб. (ішкі телефон 1138, сыртқы телефон 67-36-52)

Рахметова Асель Сериковна - 1-санатты экономист (біліктілігі жоғары деңгейлі)

Айтчанова Инкара Сериковна - Экономист (біліктілігі жоғары деңгейлі)