Мектеп-лицей директоры Нұркешов Тимур Сейітқожаұлы физика және математика мұғалімі мамандығы бойынша Семей педагогикалық институтын, экономика бакалавр мамандығы бойынша Алматы университетін бітірді, ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен және «Дарын» РҒПО 10 жылдығына орай төсбелгімен марапатталды.
2000 жылдың қараша айында С.Торайғыров атындағы ПМУ-да көпсалалы жалпы білім беретін мектеп-лицейі ашылды – Павлодар облысының Басқару юстициясымен 2000 жылдың 13 қараша айынан берілген, тіркелу нөмірі 8607-1945-ГУ; Павлодар облысының Білім беру департементімен берілген лицензия № 0005249.
2005 жылдың 1 қаңтарынан мектептің аты ММ «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей» деп өзгертілді.
Лицей оқытудың дифференцияланған және жеке дараланған моделін ұсынады, бұл оқушылардың жоғары оқу орнында білім беруді жалғастыру мақсаттарына және кәсіптік қызығушылықтарына сәйкес ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды.
№
Бағдарлама
Мазмұны
1
Тақырып
«Білім берудің үздіксіз жүйесі жағдайында педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының дамуы».
2
Тақырыптың көкейкестілігі
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында ойлауы жаңа деңгейіндегі, шығармашылығы дамыған, сапалы жаңа адамды дайындау міндеті тұр. Сондықтан қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда педагогикалық ұжым назарының негізгі объектісі – дарынды балалардың оқу әрекетіндегі шығармашылықтың дамуына бағытталған педагогикалық үрдістің субъектісі ретінде мұғалімнің шығармашылық потенциалының дамуы болып табылады.
3
Мақсаты
Педагогикалық ұжымның кәсіптік-педагогикалық потенциалын дамытудың мазмұнын, кезеңдерін және жасалатын педагогикалық жағдайларын анықтау және тәжірибелі-экспериментальды жұмыстағы оның даму дәрежесін тексеру.
4
Міндеті
1. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалын дамытудың әдістерін, жолдарын, түрлерін және жасалатын жағдайларын зерттеу және талдау; 2. Кәсіби-педагогикалық потенциалдың даму көрсеткіші ретінде педагог әрекетінің мазмұнын анықтау; 3. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының даму болжамын құру; 4. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының дамуы үшін тәжірибелік ұсыныстарды дайындау.
5
Зерттеу объектісі
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы.
6
Зерттеу пәні
Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының даму үрдісі.
7
Бағыты
1. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейіндегі педагогикалық ұжымның ғылыми-зерттеу жұмыстарын және оқу-тәрбиелік үрдісін басқару. 2. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейіндегі педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының дамуы.
8
Педагогтың шығармашылық потенциалын дамытудың кезеңдері
1. Лицей-ЖОО қатынасы жағдайында кәсіби-педагогикалық потенциалы дамуының мақсаттарын анықтау; арнайы теориялық және ғылыми-әдістемелік дайындық (гностикалық компонент). 2. Жобаны ұйымдастырудың әдістемелік құралдары (оқытудың мазмұнындағы инновациялар, педагогтың оқытушылық әрекетінің және оқушылардың оқу әрекетінің мінездемесі). 3. Оқу орны құрылымының қалыптасуы: жоғары оқу орнымен әрекеттестілігі, педагогтардың кәсіби дамуын басқару. 4. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының даму болжамын психологиялық-педагогикалық жағынан қамтамасыз ету.
9
Педагогтың шығармашылық потенциалын дамытуға жасалатын жағдайлар
1. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциалының дамуының жеке-дара психологиялық механизмін қалыптастыруға мүмкіндік беретін субъективті психологиялық-педагогикалық жағдайлар. 2. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және ынталандыру деңгейімен, оның материалдық-техникалық қамтуымен, басқарудың ерекшеліктерімен байланысқан ұйымдастырушылық-педагогикалық және объективті жағдайлар. 3. Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциал компоненттерінің мақсатты бағытталған дамуы.
10
Күтілетін нәтижелер
Педагогикалық ұжымның кәсіби-педагогикалық потенциал дамуының нәтижесінде келесі тенденциялар ерекше сипатта болады:
армандаған мектеп үлгісінің, ойының біріктірілген рөлі;
инновациялық әрекеттің негізі ретінде мектептің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға және білім беру үрдісіне қатысты мектеп басқармасының зерттеушілік позициясы;
педагогтар мен оқушыларды шығармашылыққа, олардың рухани байлықтарының бірлігін ынталандыратын рухани-психологиялық атмосфера;
оқытушылар мен оқушылардың шығармашылық өзара әрекеттілігі, мектептің біріккен интеллектуалдық өмірі;
ғылыми әрекетте өздігінен ұйымдастыру нәтижесі ретінде мектеп және жоғары оқу орнының интеграциясы.
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей оқушылар мен ата-аналардың жоғары деңгейдегі білім беруге сұранысын қанағаттандыру үшін арналған. Біз жай ғана қалыптасқан білім тұрғысынан сапалы білім беру қызметтерін ғана ұсынбаймыз. Біз алдымызға ауқымды міндетті қойдық. Біздің түлегіміз – әлемдік стандарттарға сай ғылымдар негізіндегі бар білімнің гармониялық сәйкестенуін ұсынатын және жеке-дара, қоғамдық мәні бар әрекетте өзіндік ұйымдастырудың ішкі бағыты тұрақты, табанды рухани сапаға ие білімді адам және жоғары өнегелі тұлға. Оқытушы мен оқушының жеке-тұлғалық потенциалын ұйымдастыру мен дамытуға бағытталған тәрбие концепциясы - міне, бұл лицей жұмысының негізі, оның негізгі приориттері – өнегелі байлықтар.
Ерікті тұлға, әлеуметтік белсенділігі, жауапкершілігі дамыған, рухани таңдау жағдайларында жауапты шешімдерді қабылдай алатын және өз алдында, өз елі алдында, адамзаттың алдында осы қабылданған шешімдерге жауапты бола алатын шығармашылық жеке тұлға. Қазақстан азаматы. . Азаматтылығы, жоғары саяси мәдениеті, еңбексүйгіштігі, кіші және үлкен Отанына деген сүйіспеншілігі, патриоттылығы, қоршаған ортаға сүйіспеншілігі, жауапкершілік сезімі қалыптасқан заң сақтаушы тұлға. Әлемнің адамы және азаматы. Жеке-дара қадір-қасиеттің сезіміне ие, адамның құқығын және еркін қадірлейтін, парасат, адамгершілік сезімі дамыған, ерікті, шығармашылық тұлға. Әрдайым қамқорлық және қайырымдылық көрсетуге дайын, рухани адамгершілік сапасы; адамзаттың жалпы және ұлттық мәдениеті туралы түсінігі жоғары дамыған; тарихи сана-сезімі дамыған: мемлекетте тұратын ұлттардың тарихынан, ел тарихынан білімі бар; коммуникативтік мәдениетті, толеранттықты білдіретін ұжымдастырушы. Үздіксіз әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделетін адам. Жоғары деңгейлі мәдениетті адам. Сын тұрғысынан ойлауы, интеллектісі, жүйелік ойлауы дамыған; кәсіптік әрекетін өзі анықтай алатын, өздігінен жетілуге, өздігінен білім алуға, өздігінен дамуға теориялық, тәжірибелік және психологиялық дайындығы бар; әлемдік және ұлттық мәдениетті меңгеруге қажеттілігі бар және салауатты өмір салтын насихаттайтын қоғамның, лицейдің мәдени өміріне белсенді қатысатын, сымбат пен үйлесімділікке қабылдағыштығы дамыған рухани тұлға. Адам - отбасылық дәстүрлердің құрушысы және сақтаушысы, еңбектің, тұрмыстың, отбасыны, денесінің және т.б. мәдениеті туралы түсінігі бар; руды жалғастырушы ретінде шаңырақ көтерушінің кішіпейіл қасиеттеріне ие адам. Адам – болашақ маманмын. Өзінің кәсіби әрекетін таңдауға сана-сезімдік қатынасты білдіретін, өзінің болашақ кәсібінің қоғамдық мақсатын түсінетін, өзінің білім деңгейіне және еңбек сапасына жауапты адам. Білімді адам,ақпараты бар, лицейге өзінің «альма матері» сияқты қатынасатын, оқуға деген жағымды қатынасымен, функционалдық сауаттылығымен, құзырлығымен мінезделетін адам.
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей Павлодар қ., Ломова көш, 64, тел./факс 673639, 673644, e-mail:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Халықтар достастығы Ресей университеті (Мәскеу қаласы) арасындағы жасалған «Қос диплом» жобасы шеңберінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау.