Құрметті оқытушылар !!!

2019 жылдың 19 маусымынан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының бос орындарына конкурс жарияланғанын хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 29 маусымына дейін қызметкерлерді басқару бөлімінде жүзеге асырылады. Конкурстық комиссия отырысының күні қосымша жарияланатын болады.