ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры қазақстандық студенттер арасындағы дербес стипендияларды алуға ай сайынғы конкурс өткізеді!

Қордың стипендиясы конкурстық негізде тағайындалады, онда Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының (өнер және мәдениет) студенттері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының студенттік стипендияларын тағайындау ережесін жүктеп өтінімді толтыру қажет.

• Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.

• Өнер және мәдениет оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.

• Ережені жүктеу.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 27 мамырдан басталып 20 маусымына дейін.

Қордың стипендиясы жалпы белгіленген стипендия өзгеше төленеді, бір жылға тағайындалады және ай сайын оқу жылы кезінде ғана төленеді, маусым, шілде және тамызды қоспағанда.

Ережені жүктеу.

Өтінімді жүктеу.