Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

“Есептеу техникасы және бағдарламалау” кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Физика, математика және ақпараттық технологиялар (ФМжАТ) факультетіне қарасты "Есептеу техникасы мен программалау" кафедрасы 10.04.2004ж. №1-05/259 бұйрыққа сәйкес 2001ж. энергетика және автоматизация институты жанынан құрылған "Компьютерлік жүйелер және автоматизация" кафедрасының атауын өзгерту жолымен құрылды. Студенттерге бай ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибесі бар жоғары санатты оқытушылар дәріс оқиды.


Кафедра басшылығы

Кафедраны т.ғ.к., профессор, ғылымдар академиясының мүше корреспонденті Потапенко Олег Григорьевич басқарады.

Мақсаттар:

Басқарушылық жұмыс. Кафедра мүшелерінің арасында қызметтер мен міндеттерді үлестіру негізінде кафедраны басқару тиімділігін қамтамасыз ету. Еңбек тәртібін 100%-ға орындау. ПОҚ-ның біліктілігін арттыру. Факультеттің кафедра қызметкерлеріне арнап мәдени-ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру — жылына 4 рет. Интернетке жол ашу (жылына 300Мбайт).

Оқу жұмысы. Заманауи білім технологияларын енгізу арқылы білім беру қызметінің деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу. Өзара сабаққа қатысу кестесіне сәйкес кафедра оқытушыларының өзара дәрістерге қатысуларын қадағалау. Оқытудың кредиттік технологияларын енгізу, заманауи әдістемелерді (студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалауын ұйымдастыру, білім беру үдерісін ақпараттандыру) пайдалану, студенттердің білім деңгейін 85 %-дан төмен түсірмеу, кафедра қызметкерлерінің тарапынан 5 ашық сабақ жүргізу. 050704 мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған өндірістік тәжірибешіліктен өту үшін 5 мекемемен келісім-шартқа отыру.

Әдістемелік жұмыс. Оқу үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамсыздануын жоғарылату: қазіргі деңгейге сәйкес мамандықтардың ОӘК-нін дайындау, кредиттік технология бойынша оқытуды әдістемемен қамтамасыз ету. Ай сайын ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу. Оқу үдерісі барысында әдістемелік нұсқауларды, оқу құралдарын, электронды ақпарат көздерін, электронды дәрістер конспектілерін (12 пәннен) әзірлеп, қолдану.

Ғылыми жұмыс. Ғылыми зерттеулер мен білім беру үдерісінің тығыз байланыста болуын, жүйелі түрде өзара алмасуын қамтамасыз ету, ПОҚ мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау, ПОҚ мен студенттердің ғылыми-техникалық конференцияларға қатысуларын қамтамасыз ету. Кафедраның ҒЗЖ дамыту, басылымдардың санын көбейту (алдынғы жылға қарағанда 3 мақалаға өсіру). Студенттердің ҒЗЖ-на басшылық ету (9 мақала, конференцияға қатысатын студенттердің санын 6-ға жеткізу). Кафедра мүшелері ғылыми дәрежесінің деңгейін арттыру: кандидаттық диссертацияларды қорғау, ізденушілікті рәсімдеу, магистратураға түсу.

Тәрбие жұмысы. Оқушыларды отан сүйгіштікке, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау тұрғысынан тәрбиелеу. Оларға патриоттық, ұлтаралық, құқықтық, эстетикалық тәрбие беру. Тәрбие жұмысын (кураторлық сағаттар, тәрбие жөнінде әңгімелесу, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып) дұрыс жүргізу негізінде студенттердің бойында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, қала мен университет деңгейінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыстыру. 1-2 курс студенттеріне айына 2 рет, 3-5 курс студенттеріне айына 1 рет куратор сағаттарын және құрылған кестеге сәйкес барлық студенттермен кафедра меңгерушісінің кездесуін ұйымдастыру.

Шаруашылық жұмыс. Кафедраның материалды-техникалық базасын дамыту. Оқу залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Бір лабораторияға модернизация жасау. Медиатеканы толықтыру (сандармен белгіленген оқу кинофильдері — 53 фильм).

Маркетинг, кәсіби бағдар беру жұмысы. Студенттер мен магистрлердің саны және білім беру қызметінің сапасы бойынша аймақтық білім беру нарығында жетекші орынға ие болу. Қала мен облыстың оқу орындарында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу. Күндізгі бөлімге түсетін студенттердің санын 30%-ға арттыру. Кәсіби бағдар беру жұмысын төменде аталған оқу орындарында жүргізу: №33, 28, 2 ЖОМ, №3 гимназия; Павлодар басқару жұмысын жүргізу колледжі, Техника-экономикалық колледж.


Жетістіктер

Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары ғана жүргізіліп қоймайды, оқытушылар мен студенттердің спорт, шығармашылық және т.б. салаларда жетістіктері де бар. Соңғы екі жылдағы (2007-2008) мынандай жетістіктерді атап өтуге болады: кафедра меңгерушісі О.Г. Потапенко «Ritel» және «Sinetic» халықаралық сертификатын, Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің сертификатын алды; Барматина И.В. «Модульно-рейтиговая технология формирования системного мышления студентов» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады; кафедраның оқытушысы Шилко Д.А. мен КСОиУ -51 тобының студенті Мельник Д. «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясын алды. КСОиУ -51 тобының студенті Кубрак А. «Прометей» бағдарламасы аясында тестілеудің автоматтандырылған жүйесін жасауға С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың грантын жеңіп алды.

Кафедраның студенттері мен оқытушылары салауатты өмір салтын ұстанады. Осы жылы кафедраның қызметкерлері Павлюк И.И. , Исабеков Ж.Б., Чеботарева О.А. ФМжАТ факультеті құрамында бірінші орынды жеңіп алды; ВТиП-36с тобы студенті Шанцев В. Қысқы Азия ойындарында баскетболдан командалық жарысқа қатысып, екінші орын алды; студенттер А. Сучков (ВТиП) және Кузнецов В. (ВТиП-44 тобы) ҚР бодибилдинг бойынша Кубогіне қатысып жасөспірімдер арасында бірінші орын және ерлер арасында үшінші орын алды.

Біздің студенттер жақсы оқып қана қоймайды (2-курс студенттері МАБ 100% өтті), өздерінің таланттарымен таң қалдырады. ВТиП-41 тобы студенті Даиров Д. «Дос-Мұқасан ансамбілінің әндері» атты эстрадалық әндер конкурсында бірінші орын алды. ВТиП-32 тобы студенті Ешмағанбетов М. КТК қалалық Кубігінде ФМжАТ факультетінің командасы құрамында  1 орын алды.



Кафедраның орналасқан мекен-жайы:

Мекен-жайымыз:

140000 ҚР, Павлодар қ., Ломов көш., 64

VTIP_PSUKZ @ MAIL.RU

ЕТжП кафедрасы (№329 ауд.) - тел. 8(7182) 673646

Қабылдау комиссиясы (№132а ауд.) - тел. 8(7182) 673773

Дайындық курстары - тел. 8(7182) 673650


Мамандықтар және мамандандырулар туралы



Профессорл-оқытушылар құрамы



Оқу-зертханалық базасы



 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup