Құрметті магистранттар!

Петролеум және энергетикалық оқу университеті (University of Petroleum and Energy studies) (Үндістан) Информатика, Ақпараттық технологиялар, Электрэнергетика, Жылуэнергетика, Автоматтандыру және басқару, Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және Дизайн мамандықтары бойынша магистранттарды ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады.

Тағылымдама, жатақханада тұру және тамақтану қабылдаушы университеттің есебінен (University of Petroleum and Energy studies).

Ғылыми тағылымдама мерзімі: 2019 жылдың сәуір айы.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2019 жылдың 13 ақпан.

Өтінім беру үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

- ағылшын тілінде түйіндеме;
- магистрант туралы ағылшын тіліндегі сапардың мақсаты көрсетілген қысқаша ақпарат;
- ағылшын тілінде оқытудың барлық кезеңінде транскрипт;
- төлқұжат көшірмесі.

Барлық құжаттарды академиялық ұтқырлық орталығына (ЦАМ) 260 кабинетке қағаз түрінде және скан түрінде pdf форматта тапсыру қажет. Құжат сканерленген түрде сақталған жағдайда әрбір құжатты тегі мен атауы бойынша жазу қажет. Мысалы: Assenova_ passport.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).