Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжі


Республикалық мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Мекен-жайы: Павлодар қ., Толстой көшесі, 99; тел: 57-20-53,факс: 57-20-53

С. Торайғыров ат. ПМУ колледжі ректор Арын Ерлан Мұхтарұлының бастамасымен 2001 жылы құрылды. С. Торайғыров ат. ПМУ колледжі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Лицензия сериясы АА 0000038, 14.12.2001 жылы берілді.

 


С. Торайғыров ат. ПМУ колледжінің директоры Ержанова Рымтай Кабышқызы, жоғары санатты оқытушы, ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Орта арнайы оқу орындарына арналған білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды құру бойынша жұмысшы тобына қатысушы, білім беру жұмысшыларының III съезд делегаты, «ҚР білімінің құрметті жұмысшысы», педагогика ғылымдарының кандидаты.

С. Торайғыров ат. ПМУ колледжі – бұл күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мамандарды түрлі бағыттарда дайындауды іске асыратын орта арнайы, көппрофильді оқу орны.

Колледж дамуының негізгі мақсаты - оқушыларды өздігінен оқыту әдіснамасына, ғылыми-зерттеу жұмысына баулу, оқыту процесіне белсенді қатысу негізінде тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандар дайындау болып табылады.




Колледждің материалдық-техникалық базасы

Колледжде компьютерлік орталық құрылған, барлық компьютерлер интернет желісіне қосылған, Интернетке шығуды және Колледждің жалпы ауданы 133448кв.м, соның ішінде оқу-зертханалық ғимараттар 9905 кв.м.  Материалдық-техникалық базаны жабдықтау -   оқу процесі Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Жабулы спорт үймәреттердің ауданы 6534 м2 құрады. Спорт залдары, ауыр атлетика және спорт күресінің залдары, футбол алаңы бар стадион, жүгіретін жолдар. Спорт аудандары оқу процесінің талаптарын толық қанағаттандырады, бұқаралық және сауықтыру жұмыстарын университетте де, қала көлемінде қажетті деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Колледжде С. Бейсембаев втындағы ғылыми кітапхана ашылды. Кітапхана қоры жыл сайын өседі. Материал репертуарының электрондық сипаты бар, мамандықтар бойынша анықтамалар, сөздіктер,  энциклопедиялар, журналдарға түрлі қосымшалары бар диск-кейстер: электрондық реферативтік журналдар, түрлі мамандықтар бойынша электрондық оқулықтар, қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері бойынша тренажерлер.

Колледжде комппьютер орталығы құрылды, барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған, НТВ-плюс спутник теледидарының цифрлік жүйесі мен коммутирлік линиясы бар, ол Интернет жүйесіне кіруге және 5 тілде теледидардың 54 каналын қабылдауды  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқушыларға арналған  CD бағдарламалар мен 250 бейнеден астам мультимедиялық кітапхана істейді. Ақпараттық-телекоммуникациялық желі негізінде барлық бөлімшелер мен қызметтер қамтылған, бұл үшін  үш сервер басқаратын интернет жүйесі құрылды. Internet-cafe, мультимедиялық компьютер орталығы ашылды.

54 каналдарын 5 тілде қабылдауды қамтамасыз ететін НТВ-плюс спутник теледидарының цифрлік жүйесі және коммутацияланған линиялары бар. Мудльтимедиалық кітапхана жұмыс істейді, мұнда оқушыларды оқыту үшін 250-тен астам бейне және CD бағдарламалар бар. Бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық желінің негізінде есептеуіш компьютерлік желімен барлық бөлімшелер және қызметтер қамтылған, ол үшін 3 серверді басқарумен жұмыс істейтін Интернет желісі құрылған. Internet-cafe, мультимедиалық компьютерлік сыныптар ашылған.

  
 

Колледждің ғылыми жұмысының негізгі бағыттары

Қазіргі кезде жаңа технологиялар мен ғылымның алға басу кезеңінде орта оқу орындарының қызметі басқаша қарастырылады. Бұл облыста басым бағыттардың бірі ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады.   Ғылымның даму деңгейін ірі білім беру орталығы анықтайды. 

Колледжде ғылымның дамуы мен ғылыми-кадрлық әлеуетін өсіру маңызды міндет болып табылады. 

Конференцияларды өткізу және оған қатысу

    «Ертеңгі Қазақстан-бүгінгі жас ұрпақ» атты колледжаралық ғылыми-теориялық  конференцияны өткізу дәстүрге айналды. Жылдан жылға конференцияларға қатысушылар саны  өсіп келеді, ал баяндамалар өзекті, мазмұнды, тәжірибелі; материалдың мазмұндау стилі  жетілдірілген. Ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу оқушыларға өз өмірінің болашақтарына кәсіби тұрғыдан, болашақ маманның әдістемелік мәдениетін қалыптастыруына себеп болуға мүмкіндік береді. 2010 жылы сегізінші колледжаралық «Ертеңгі Қазақстан – бүгінгі жас ұрпақ» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары қатысты. Конференция колледж өмірінде маңызды оқиғалардың бірі болды. Оған 135 оқушы қатысты, түрлі бағыттар бойынша  13 секция  істеді. Колледжаралық ғылыми- практикалық конференцияның жеңімпаздары «Х Сәтпаев оқулары» республикалық конференцияның қатысушылары болды.

  
 

ЖОО-н кейінгі білім беру

Колледжде жоғары білікті кадрларды дайындау ізденушілік арқылы іске асырылады. 16 оқытушы ізденуші болып табылады. 44 оқытушы кандидаттық минимум негізінде философия, қазақ тілі, шетел тілі бойынша емтихандар тапсырды. 2006 жылы мықты университеттің бірі Сібір- Томск мемлекеттік университетінде  кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғаған тарих пәнінің оқытушысы Раздықов С.З., Ержанова Р.Қ., Зюльдубаева.  Ғылыми-әдістемелік қызмет міндетінің бірі – оқу-әдістемелік әдебиетті жарыққа шығару.  Ағымдағы жылда  мемлекеттік және орыс тілдерінде 63 әдістемелік құрал және  нұсқамаларды баспаға шығару жоспарланған.

Колледж оқытушылары ғылыми-зерттеу қызметінде кәсіби шеберлікті арттырудың тиімді  жолдарының бірін қарастырады.

Ғылыми дәреженің ізденушілеріне құнды және  мақсатты қолдау көрсетіледі: олар барлық қажетті іссапарлар мен ғылыми зерттеу қорытындыларын шығаруда материалдық көмек алады.  Университетте 4 ғылыми баспа шығарылады, мұнда ізденушілер өз мақалаларын жариялай алады.

Білім беру процесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін құру

Оқытушылар дәрістер курсын, зертханалық және тәжірибелік сабақтар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар, пәндерді оқу бойынша құралдар, курстық және дипломдық жобалау, бақылау жұмыстарын орындау бойынша құралдар, тесттер құрды. Біздің оқытушылармен шығарылған оқу және оқу-әдістемелік құралдар санының динамикасы едәуір өсті.


Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі

Колледжде оқушылар мен оқытушыларды зерттеулерге қатыстыру, ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен  оқушылардың Ғылыми қоғамы мен жас ғалымдар кеңесі бар.

Колледждің педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметінің қорытындысы «Қазақстан Республикасының үздік ғылыми-әдістемелік қызметі» байқауына қатысқаны үшін 2008 жылдың қыркүйегінде берілген 2 дәрежелі диплом болып табылады.

 

Оқу қызметі

Колледждің педагогикалық ұжымындағы оқу жұмысы – оқушылардың оқу-танымдық және өздігінен білім алу бірлігінде оқытушының оқу-тәрбие қызметі  барысында іске асырылатын педагогтер мен оқушылардың өзара әрекетіне бағытталған процесс.

С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің педагогикалық ұжымының оқу қызметінің негізгі міндеті -  оқушылардың оқу жұмысына белсенділік бағасы, білікті мамандардың жоғары деңгейлі дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.

2010 оқу жылы оқыту орыс және қазақ тілдерінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша 12 мамандықтар бойынша жүргізіледі.  

Оқушылар үлгерімінің өсу динамикасы түлектерді дайындау деңгейін арттыру туралы дәлелдейді, бұл оқытудың тиімді технологияларын қолдану, колледж оқытушыларының университет кафедраларымен байланысы, оқытушылардың кәсіби деңгейінің өсуі, педагогикалық ұжымның шығармашылық белсенділігін арттыруда байқалады.   

ПМУ колледжі – бұл білікті оқытушылық құрам. Оқушыларға негізді білімдерді 142 оқытушы береді: олардың ішінде жоғары санат – 46, бірінші – 14.   

Оқушылар өз білімдерін олимпиадаларда, шығармашылық байқауларда, ғылыми-практикалық конференцияларда растайды: 2007-2008 оқу жылы республикалық байқау Махамбет облыстық олимпиададан – 1 орын, тарих білімпаздарының облыстық олимпиадасы – 3 орын.

Педагогикалық ұжымның жұмыс қорытындысы колледж бітірушілерінің мемлекеттік аттестацияда жоғары білім сапасы болды.
 


Мәдени және спорттық өмір

Колледж оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Колледжде сіздер шығармашылық байқауларға қатысу, дизайнерлік өнер көрмесіне, фотокөрмелерге қатыса аласыздар. Дебат клубының жұмысы, қазақша «Ыржи» КВН  командалары, «Пресс-орталығы», «Ажар» жастар орталығы ұйымдастырылды.  Оқу жылының ішінде өзінің музыкалық, би қабілеттерін көрсетуге және жалпықалалық жастар акциясына қатысуға мүмкіндік беріледі.

С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің қазақша «Ыржи» КВН командасы ойын қорытындылары бойынша облыс колледждері мен Павлодар облысының жоғары оқу орындарының арасында бас жүлдені жеңіп алды, сонымен қатар қазан айында Павлодар қаласының әкімі сыйлығының иегері болды.

Колледжде спорт өмірі түрлі және қызықты. Жыл сайын «Денсаулық күні», түрлі спорт шаралары өткізіледі: мини-футбол, үстел теннисі, баскетбол  бойынша колледж біріншілігі.

С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің командасы  колледждер арасында облыстық спартакиадаға қатысты. Оқушылар спорттың келесі түрлері бойынша жарысты: баскетбол, волейбол, «Президенттік миль», үстел теннисі, гір спорты, «Президенттік күрес». Жалпы сынақта колледждің ұлдар командасы 1 орын алды, қыздар командасы облыс колледждерінің спорт командалары арасында қыздар командасы 1 орын алды.

Оқушылардың құқықтық білімі  «Фемида» құқықтық орталығында іске асырылады, құрамына қазақ және орыс тілдерінде барлық бөлімдерде құрылған 7 клуб кіреді.

Колледжде студенттік өзін-өзі басқару онкүндігі дәстүрге айналды. 10 күн ішінде оқушылар колледждің басшылары болды. Онкүндік мақсаты – оқушылардың әлеуметтенуі, олардың басқару мәдениетін жетілдіру, оқушылардың құқығы мен бостандығын қорғау міндетін шешу.

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup