Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды. Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 15 қаңтардан 01 сәуір аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Назар аударыңыз!

Порталға өтінімдерді жүктемес бұрын ғылым жөніндегі декан орынбасарлары ғылым және инновациялық технологиялар бөліміне қатысушылардың жалпы тізімін ұсынуы қажет, каб. № 233б, тел .: 12-44, 12-08.

Ережелерді жүктеу