Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар,
«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы 2019-2020 оқу жылына арналған өтінімдер қабылдауын жариялайды. Осы бағдарлама аясында Венгрия тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша у гранттарын ұсынады:
- бакалавриат (Өнер, гуманитарлық ғылымдар, Машина жасау, Ауыл шаруашылығы, Ақпараттық технологиялар, Туризм, Музыка, Славистика)
- магистратура (гуманитарлық және техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
- докторлық бағдарлама (барлық бағытта).
Осы гранттар бойынша ақпаратты www.stipendiumhungaricum.hu сайтында таба аласыз.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқыту;
- бакалавриат пен магистратурада ай сайынғы стипендия 130 Еуро, докторантурада 450 Еуро;
- жатақханада тұру (немесе жалға алынған үй-жайға шамамен 130 Еуро);
- медициналық сақтандыру.
Қалған шығындарды грант иегерлері өз тарабынан төлейді.
Үміткерлер онлайн тәртібінде https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ сайтында тіркелуі тиіс.
Құжаттар пакетін қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 15 қаңтар.
Сұрақтар бойынша 220 кабинетінде білуге болады.