"Қазақ филология" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
“Қазақ филология” кафедрасы С.Торайғыров атындағы университетінде 1996 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 1997-2007 жылдар аралығында кафедраны басқарған — ф.ғ.д.,проф. Қуандық Пазылұлы Жүсіп. 2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі — ф.ғ.д., проф. Нартай Қуандықұлы Жүсіпов.
Кафедра құрамы: Ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов, ф. ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіп, ф. ғ.к., профессор Ж.Т.Сарбалаев, ф.ғ.д., проф. А.Қ.Тұрышев., ф. ғ.к., доцент Р.М. Мүтәлиева, доцент Қ.Д.Түсіпова, ф. ғ.к., доцент М.Н.Баратова, ф. ғ.к., доцент Г.К. Қажыбаева, аға оқытушы А.О.Кәріпжанова, оқытушы Г.А.Жұмабекова., Б.Р.Қожахметова.
Кафедра басшылығы 
Жүсіпов Нартай Қуандықұлы — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
«ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» атты докторлық диссертациясын 10.01.09- фольклортану мамандығы бойынша 2006 жылдың 26 мамырында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.53.34.01. Диссертациялық кеңестің мәжілісінде сәтті қорғап шықты.
Нартай Қуандықұлы — «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» (Павлодар, 2003), «Қазақ фольклортану ғылымы: ХХ ғасырдың бірінші жартысы» монографияларының, «Мәшһүр Жүсіп — фольклорист» (Павлодар, 1999), «Мәшһүр Жүсіп және фольклор» (Павлодар,1999) оқу құралдарының, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының 3,4,5,6,7,8,11 — томдарының авторы. Мақалаларының жалпы саны — 100.
e- mail: nartai 1970 mail ru
Мақсаттар
Басқарушылық жұмыс. Кафедра мүшелерінің арасында қызметтер мен міндеттерді үлестіру негізінде кафедраны басқару тиімділігін қамтамасыз ету. Еңбек тәртібін 100%-ға орындау. ПОҚ-ның біліктілігін арттыру. Факультеттің кафедра қызметкерлеріне арнап мәдени-ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру.
Оқу жұмысы. Заманауи білім технологияларын енгізу арқылы білім беру қызметінің деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу. Өзара сабаққа қатысу кестесіне сәйкес кафедра оқытушыларының өзара дәрістерге қатысуларын қадағалау. Оқытудың кредиттік технологияларын енгізу, заманауи әдістемелерді (студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалауын ұйымдастыру, білім беру үдерісін ақпараттандыру) пайдалану, студенттердің білім деңгейін 85 %-дан төмен түсірмеу, кафедра қызметкерлерінің тарапынан 7 ашық сабақ жүргізу. 050205, 050117 мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған өндірістік тәжірибешіліктен өту үшін 2 мекемемен келісім-шартқа отыру.
Әдістемелік жұмыс. Оқу үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамсыздануын жоғарылату: қазіргі деңгейге сәйкес мамандықтардың ОӘК-нін дайындау, кредиттік технология бойынша оқытуды әдістемемен қамтамасыз ету. Ай сайын ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу. Оқу үдерісі барысында әдістемелік нұсқауларды, оқу құралдарын, электронды ақпарат көздерін, электронды дәрістер конспектілерін әзірлеп, қолдану.
Ғылыми жұмыс. Ғылыми зерттеулер мен білім беру үдерісінің тығыз байланыста болуын, жүйелі түрде өзара алмасуын қамтамасыз ету, ПОҚ мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау, ПОҚ мен студенттердің ғылыми-техникалық конференцияларға қатысуларын қамтамасыз ету. Кафедраның ҒЗЖ дамыту, басылымдардың санын көбейту. Студенттердің ҒЗЖ-на басшылық ету ( конференцияға қатысатын студенттердің санын 5-ға жеткізу). Кафедра мүшелері ғылыми дәрежесінің деңгейін арттыру: кандидаттық диссертацияларды қорғау, ізденушілікті рәсімдеу, магистратураға түсу.
Тәрбие жұмысы. Оқушыларды отан сүйгіштікке, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау тұрғысынан тәрбиелеу. Оларға патриоттық, ұлтаралық, құқықтық, эстетикалық тәрбие беру. Тәрбие жұмысын (кураторлық сағаттар, тәрбие жөнінде әңгімелесу, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып) дұрыс жүргізу негізінде студенттердің бойында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, қала мен университет деңгейінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыстыру. 1-2 курс студенттеріне айына 2 рет, 3-5 курс студенттеріне айына 1 рет куратор сағаттарын және құрылған кестеге сәйкес барлық студенттермен кафедра меңгерушісінің кездесуін ұйымдастыру.
Шаруашылық жұмыс. Кафедраның материалды-техникалық базасын дамыту. Оқу кабинеттерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Кәсіби бағдар беру жұмысы. Студенттер мен магистрлердің саны бойынша және білім беру қызметінің сапасы бойынша аймақтық білім беру нарығында жетекші орынға ие болу. Қала мен облыстың оқу орындарында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу. Күндізгі бөлімге түсетін студенттердің санын 10 %-ға арттыру. Кәсіби бағдар беру жұмысын төменде аталған оқу орындарында жүргізу: №35, 10, 22, Б.Ахметов ат. пед.колледж, Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Үздік түлектер