Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

Қайырбаева Ақмарал Қанатбекқызы

 

 

Халықаралық байланыстар бөлімінің атқаратын негізгі қызметтері

1. Университеттің халықаралық беделін қалыптастыру.

2. Сыртқы ұйымдар және мекемелермен бағдармалар, жоспарлар, келісім шарттар негізінде қарым-қатынас орнату.

3. Жобаларда, шәкіртаралық бағдарламаларда және халықаралық гранттарда университет қабырғасында білім алушылардың, қызметкерлердің және профессор-оқытушы құрамының қатысуын қамтамасыз ету.

4. Докторанттар мен магистранттарға ғылыми кеңес беру және практикалық/семинарлық сабақтарды жүргізу, дәріс оқу мақсатында шетелден ғалымдарды ПМУ-ға шақыру.

5. Оқытушылар және білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын дамыту, нығайту және кеңейту.

6. Шетелдік университеттермен студенттік алмастыру бағдарламасымен оқуға келген немесе біліктіліктерін жоғарылатуға, тағылымдамадан өтуге, университетке оқуға келген, шетел азаматтарына консулдік-визалық көмек көрсету.

7. Виза алу сұрақтары бойынша ҚР шекарасынан тысқары іссапарға шығатын оқытушыларға, қызметкерлерге, студенттерге және жоғары білімнен кейінгі білім алушыларға көмек көрсетіп, кеңес беру.

8. Ішкі және сыртқы ұйымдар үшін университеттің табысының популяризациясы.

9. Ұйымдар және серіктестермен қалыптасқан қарым-қатынастарды кеңейту.

 

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің құрылымы.