2017-2018 оқу жылы «Foundation» факультетімен келесі жұмыстар атқарылды:

Бағыттар Жетістіктер
Оқу жұмысы 1) «Foundation» топтарын әрі қарай университетте оқыту барысында тереңдетілген тілдік дайындықпен оқыту. 2018 жылғы ТКТ қорытындысы бойынша түлектердің 82%-ы білім гранттарына ие болды.

2) Шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі:

Бөлімше 2014 жылдың қазан айында ашылды (ҚР БҒМ №383 бұйрығы 18.09.2014 ж.). 2017-2018 оқу жылында 80 тыңдаушы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Аталған бөлімнің мақсаты – шетел азаматтарын Қазақстандағы өмірге бейімдеу, олардың ҚР ЖОО-на түсуге дайындау.

Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқыту ТКТ тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша (математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және таңдаған болашақ мамандығына байланысты бейіндік пәндер) өткізілді, сондай-ақ қосымша қазақ, орыс (6 кредит) және ағылшын (3 кредит) тілдерін оқыту енгізілді.

2018 жылғы ТКТ қорытындысы бойынша тыңдаушылардың 76 %-ы білім гранттарына ие болды.

3) ҰБТ пәндері бойынша мақсатты дайындық:

«Foundation» факультетінің ақылы дайындық курстарында 460 адам білім алды (оның ішінде 281 қала мектептерінің оқушылары, 145 ауылдық (қарқынды каникулдық курстар) ҰБТ-ға, 34 колледж түлегі ТКТ-ға дайындалды). Оның 55 %-ы мемлекеттік білім гранттарына ие болды.

4) Базалық сыныптарда бейіндік оқыту:

2017-2018 оқу жылында «Foundation» факультетінде 10 сыныптың 16 оқушысы және 11 сыныптың 32 оқушысы бейінді дайындықтан өтті. Бітіру емтихандарын тапсырғаннан кейін 11-сынып түлектеріне инженерлік графика операторы, сызушы, химик-зертханашы біліктілігі берілді.

5) Шет тілдер курстары.

«Foundation» факультетінде тілдік курстар 2013 жылдың қазан айынан бастап жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында курстарға 34 тыңдаушы жазылды. Оқу құны университеттің бухгалтериясымен есептеледі және 21000 теңгені құрайды. Оқуды аяқтағаннан кейін курсты сәтті игергендердің барлығына деңгейі көрсетілген курстан өткендігі туралы сертификаттар берілді.

2017-2018 оқу жылында жалпы контингент 622 адамды құрады. 2018 жылдың ТКТ қорытындысы бойынша факультет тыңдаушыларының 61%-ы ЖОО-ға, оның 70%-ы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға оқуға түсті.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп кәсіби бағдар беру жұмысының кестесі бекітілді. 2017 жылдың 6 қазанынан 19 қазанына дейін Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыс, аудандарға шығу ұйымдастырылды. 2017 жылғы 21 қазан мен 4 қараша аралығында және 2018 жылғы 26 ақпан мен 16 наурыз аралығында Павлодар қаласының мектеп түлектері мен мамандандырылған мектеп түлектерімен кездесулер өткізілді.

1 қарашадан бастап ПМУ мамандықтары туралы түсіндірумен колледждерге шығу, сондай-ақ түлектерді дайындық курстарына шақыру жұмысы жүргізілді.