ҚР ҰҒА академигі Т.С. Садықов атындағы саяси зерттеулер аймақтық орталығы
Тарихы
Саяси зерттеулер аймақтық орталығы № 1-02-06/747 05.10.06ж. бұйрығымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қарамағында ашылды. 2009 ж. орталыққа ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Садықовтың аты берілді. Ол жоғарғы білімнің ұлттық жүйесі дамуына үлкен үлес қосқан, атақты, көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткер еді. Түрлі кезең мен дәстүрге жататын әлемдік саяси жүйелер мен институттарды салыстыру, саяси дамудың формалары сияқты мәселелер орталықтың негізгі мақсаты болып табылады.
Саяси зерттеулер аймақтық орталығы келесі міндеттерді атқарады: түрлі формада көрінетін саяси өмірді зерттеу; саяси қатынастардың қалыптасу мен іске асырылу механизмін талдау; саяси процестердің анализі; саяси институттардың әрекеті мен нәтижелерін қарастыру; саяси жүйелі қайшылықтардың салыстырмалы және объективті-тәжірибелі анализі және т.б.
СЗАО негізгі функцияларына жатады: аймақтық саяси зерттеулердің концепцияларын талдау; халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық пен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу, ғылыми зерттеудің нәтижесін қадағалау; ізденушілерге квалифициалды кеңес беру, тақырып таңдау; диссертацияның мақсаты мен міндетін айқындау.
Аймақтық орталық ғылыми-зерттеу жұмыстарын келесі бағыттар бойынша жүргізеді: ұлттық қауыпсіздік контекстіндегі аймақтық саясат; демократиялық өзгерістегі деструктивті күштердің әлеуметтік-саяси қаупі; ақпараттық кеңістіктегі саясаттың плюрализациялық диалектикасы; Қазақстандық-Американдық қатынастағы жаңа контурлары мен тенденциялары; жаңа жүзжылдықтағы Қазақстан-Ресейлік қатынастардағы интеграциялық-саяси процесі; халықаралық терроризммен күрестегі саяси прцестің эволюциясы; әдістеме, дамуы мен болашағы және т.б.
Орталық халықтар достастығы Ресей университеті және стратегиялық зерттеулердің халықаралық орталығының саяси және отандық ғылымдар кафедрасымен, Барнауыл мемлекеттік университетінің жаңаша тарих пен саясаттану кафедрасымен тығыз байланыс жасауда. 2008 жылы Омск, Новосібір университеттерінің кафедраларына ғылыми кадрлар дайындауға келісім шарт қабылданды. Сонымен қатар Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетімен оқытушылардың квалификациясын көтеру және ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық туралы келісім қабылданды.
Орталық директоры Ғ.Н.Иренов 2007 жылы халықтар достастығы Ресей университетінің саяси ғылымдар мен отандық тарих кафедрасында өтілділіктен өтті, осының негізінде ол профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметімен, саяси ғылыми ауқымында жүргізілетін зерттеулер бағытымен танысып, Мәскеу қаласының атақты ғалымдарымен ой бөлісті. Сондай-ақ э.ғ.д., проф. В.И.Данилов-Данильян, ф.ғ.д., проф., академик П.К.Гречко және т.б. 2009 ж. РУДН ғалымдары мен «Ұлттық одақ саясаттанушыларының» қатысуымен «Этнополитические проблемы на постсоветском пространстве в контексте изучения социально-политического статуса титульного этноса: опыт, проблемы и поиски» бағдарламасы әзірленген.
Аталмыш жоба ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинақтау, төл этностың әлеуметтік-саяси деңгейін қалыптастыру, мемлекеттік және ұлттық идеяның мәні сияқты жайттар қарастырылған.
СЗАО-да шығарылған монографиялар мен оқу құралдары:
| Әр түрлі көріністердегі саяси шындық Монографияда өткен екінші жарты жылдық пен және жаңа жүз жылдықтар басында ескерілген саясаттың жеке ғылым сияқты дамуы мен оның позитвті өзгерістерінің жүйеленуіне әрекет жасайтын Қазақстандағы саяси ғылымның жеке бағытындағы теория-әдістемелік зерттеулер базасы, динамикалық дамыған қоғамтанушылық білім саласына қатысты саяси ғалымдарының шығармашылық тәсілдемесі қарастырылады. "Әр түрлі көріністердегі саяси шындық" монографиясы оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және студенттер үшін саяси ғылым пәндері бойынша қосымша материал ретінде қызығушылық танытады (Павлодар: Кереку, 2008. - 305 б.) |
| Де-и-реидеологизация саясаты Монографияда 60 жылдардың 2 жартысынан идеологизация, 80 жылдардың ортасынан деидеологизация және реидеологизация бүгінгі күнге дейін айқындалады, идеологиялық іс-әрекеттін саласында көп жылдар бойы еңбек еткен идеологтың, теоретик-практиктің тәжірибесі жалпыланған. Автор идеологияның теоретикалық аспектілерді, оның өткен замандағы, бүгінгі таңда және келешектегі рөлін, егемендіктердің ерекшеліктерін, идеологиялық қағидалардың және кеңес билігі кезінде азаматтардың өмірінің тығыз тоғысуы, қоғамның трансфармациясын пікірлерінің үгіт-насихатын қарастырады. Кітабында тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму шартындағы толығырақ қоғам өміріндегі дәріс үгіт –насихатының мәнінен талдау жасалады, идеологиялық қызметтерінің жаңа инфрақұрылымдарының ақпараттық-аналитикалық іс-әрекеттерінің рөлі айқындалады. Ұсынылған монография оқытушылардың, аспираттардың, магистранттардың, студенттердің және Павлодар Ертіс маңындағы идеолог-практиктердің тарихымен айналысатын барлықтардың мүддесін жақтайды. (Павлодар. ТОО «ЭКО», 2008-326 б.) |
| Саяси ілімдердің әлеуеті және студенттердің өзіндік жұмыстарының белсенділігі (2-ші басылым). Оқу әдістемелік құрал саяси пікірлердің қалыптасуының кейбір әдістемелік негіздерін және студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Ұсынылған жұмысында интернаттын тәрбиешісінен мектептін, педучилищенің, ЖОО-ның басқарушысына дейін ұзақ өмір жолын өткен, ПМУ профессорының, саясаттанушы-оқытушының ұсыныстары беріледі. Кітаптың мақсаты- саяси білімдерді алу және тереңдетуде, шығармашылық әрекеттерді белсендетуде, оқу үрдісінің интенсификацияда әрекеттік жәрдем көрсету. Сонымен қатар оқу құралы оқытушылар мен ұстаздарға, аспирант пен магистарттарға, іздестірушілерге, студенттерге, мектеп пен колледждің оқушыларға – Батыста, Кеңестік кейінгі кеңестікте, егемен Қазақстан Республикасының даму шартында саяси ғылымның тарихының қалыптасуы мен дамуымен сонымен қатар оқу орындарында саясаттанудың оқыту әдістемелердің негіздерімен айналасатын барлықтарына ұсынылады. (Павлодар: Кереку, 2007 - 160 б.) |
 | Арын Р.С., Иренов Г.Н. Этносаясаттану: оқу құралы. Ұсынылған оқу құралы этногенез теориясының зерттеудің теоретика әдістемелік негіздерін, мемлекет құрайтын таза этностын және оның эволюциясының мәселелеріне концептуалды жақындауы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму шартында ұлттық саясаттың іске асыру механизмдері және Қазақстан қоғамдағы саяси тұрақтылықтың, этникааралық келісімдердің, бірліктің қамтамасыз ететін идеялық-консолидациялық қағидаларды қарастырады. (I,II,III,IV бөлімдерінде дайындаған Арын Р.С., V, VI, VII бөлімдерді дайындаған Иренов Г.Н.) Оқу құралы этносаяси үрдістердің жағдайларын және этника-аралық шиеленістерді шешу жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол оқу құралы мен оқу-методикалық комплексті қосады, біздің ойымызша, «саясаттану» мамандығының студенттері, оқытушылары өздерінің этногенезис және этносаясаттану мәселелерін байланыстымәселелерді қарастыруға және шешуге көмектеседі. (Павлодар. ТОО «ЭКО», 2008-285 б.). |
Орталықтың қызметкерлері