Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

"Информатика және ақпараттық жүйелер" кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы 2004 жылдың 25 тамызында құрылды.

Қазіргі кезде кафедра 050602 (010540) — Информатика, 050703 — Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша мамандарды дайындап, 6N0702 — Инфрорматика, 6N0703 — Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша магистратурада білім береді. Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ жаратылыстану-математикалық мамандықтарының студенттеріне және ЖОО-ның барлық факультеттерінде информатиканың жалпы курсынан дәріс жүргізеді.

Орыс тілінде 010540 — Информатика мамандығы бойынша кадрларды даярлау жұмысы 1998 жылдан бастап жүргізіледі. Осыған дейін аталған мамандық бойынша мамандарды даярлау жұмысын Информатика және математикалық талдау кафедрасы жүргізіп келген. 2004 жылы 050602 — Информатика мамандығы бойынша мамандарды даярлау ҚР 3.08.066-2004 МЖМБС мен ҚР 3.08.317-2006 МЖМБС-на сәйкес жүргізіле бастады. 2005 жылдан бастап 050703 — Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша мамандарды даярлау Мемлекеттік стандарттарға — ҚР МЖМБС 3.08.078-2004, ҚР МЖМБС 3.08.329-2006 — сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырыла бастады.

Кафедра құралғаннан бастап меңгеруші қызметін педагогика ғылымдарының докторы, ПМУ профессоры, Халықаралық информатизация академиясының мүше-корреспонденті, ИВТУ доценті Нұрбекова Жанат Құнапианқызы атқарады. Кафедрада 25 оқытушы еңбек етеді, олардың ішінде 1 педагогика ғылымдарының докторы (Нұрбекова Ж.К.), 1 техника ғылымдарының докторы (Түйінбаева А.Н.), 6 педагогика ғылымдарының кандидаты (Криворучко В.А., Байгушева К.М., Нұрбеков Б.Ж., Асаинова А.Ж., Майдисарова Д.С., Муканова Ж.Г.), физика-математика ғылымдарының кандидаты (Беркутский В.Я.) 4 "Ақпараттық жүйелер" магистрі (Жақсылықов А.Е., Белгібаева С.А., Абильдинова Г.М., Оспанова Г.А.), 1 "Автоматизация және басқару" магистрі (Исабекова Б.Б.) және 6 "Информатика" магистрі (Тоққожина М.А., Ақанова А.С., Науман О.А., Тоқжігітова Н.К., Улихина Ю.В., Хасенова М.Т.) еңбек етеді.

 

Кафедра басшылығы

Нұрбекова Жанат Құнапианқызы

Информатика және ақпарат жүйелері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, информатика, ЕТ және басқарудың доценті, профессор, ХАА корреспондент мүшесі.

Базалық білімі: ТМУ, 1990, ПМ және кибернетика

Диссертацияның тақырыбы: «Информатика» мамандығының студенттерін программалауға іргелі және оза оқыту.

Ғылыми еңбектерінің тізімі: Барлығы 120-дан астам еңбек, солардың ішінде:

1. Бағдарламалауды оқытудың теоретикалық-әдіснамалық негіздері;

2. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің жинағы: электрондық білім беру қоры - Павлодар, 2005. – ISBN9965-439-16-8;

3. Бағдарлама жасауды оқытудың әдістерін оңтайландыру;

4. Мемлекеттік аралық бақылауға дайындалу үшін «Информатика» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы – Павлодар, 2006. – 202 б.

5. Қазіргі бағдарламалау тілдері: оқу құралы – Павлодар, 2006. – 220 б.

6. Желілік қосымшаларды төменгі деңгейде бағдарламалау бойынша практикум: оқу-әдіст. Құрал – Алматы, 2006. – 107 б.:ил.

Оқытатын пәндері: Жаңа ақпараттық желілік технологиялар, Бағдарламалаудың теориясы мен ерекшеліктері, Адам мен машинаның өзара әрекеттесуі, АЖ-нің қосымшаларын жобалау.

Ғылыми зерттеу саласы: информатиканы оқытудың әдіснамалық негіздері.

Электронды мекен-жай: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы:

Павлодар қ. Ломов көш., 64 С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті

Информатика және ақпарат жүйелері кафедрасы А 1, №102 кабинет

Тел. 8(7182) 673687 (ішкі – 125)

Сайт: informatika.or.kz

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 

Оқу-зертханалық базасы

 

Үздік түлектер

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup