Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

ФМжАТФ деканы — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик ЖҒА РК, теориялық және қолданбалы механика бойынша ҚР Ұлттық комитетінің президиум мүшесі — Садритен Қабдығалиұлы Тілеукенов.

ФАЖ:  Тілеукенов Садритен Қабдығалиұлы
Қызметі:ФМжАТФ деканы, профессор С.Торайғыров ат. ПМУ
Ғылыми дәрежесі:Физика-математика ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы:  Профессор 
Қорғау орны:ҚР ҰҒА Ө.А.Жолдасбеков ат. Сейсмология институты    (Алматы)
Жоғары білім алған
оқу орны:
1971-1975 ж.ж. – Қазақ мемлекеттік университетінің  физика факультеті (Алматы қ)

Диссертация тақырыбы:Изотроптық және анизотроптық серпімді ортада матрицанттың қозғалыс деңгейінің құрылымдық орналасуы
Ғылыми еңбектер тізімі:  120 ғылыми еңбек жариялаған, оның біраз бөлігі АҚШ-та аударылған, үш монография жазған, «Механика», «Молекуларлық физика», «Электр және магнетизм» бөлімдері бойынша жалпы физиканың қысқаша курсының қолжазбасы аяқталған, бірқатар оқу құралдарын жазған. Ғылымды дамытуға қосқан еңбегі белгісімен марапатталған (2001), білім және ғылым қызметкерлерінің съезінің делегаты (Астана, 2004), ҚР теориялық және қолданбалы механика бойынша ұлттық комитет мүшесі. Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің физика, математика және ақпараттық технология факультетін басқарады.  
Ғылыми 
зерттеу аясы:
Түрлі анизотроптық ортада толқын үдерісі.
Байланыс телефоны:жұм. 673651 (ішкі 169)


Факультет құрамында 4 кафедра бар:

Жалпы және теориялық физика кафедрасы — каф. меңгерушісі Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, ф.-м.ғ.к., профессор Биболов Ш.К. 

Информатика және ақпараттық жүйе кафедрасы — каф. меңгерушісі Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Нұрбекова Ж.К.

Алгебра және математикалық анализ кафедрасы — каф. меңгерушісі ф.-м.ғ.к., профессор Павлюк И.И.

Есептеу техникасы және бағдарламалау кафедрасы — каф. меңгерушісі Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, т.ғ.к., профессор Потапенко О.Г.

Факультет 2003 жылы құрылды.


Факультет жетістігі 

Ғылыми жұмыс

Тоқсан сайын ПМУ Хабаршысы журналының физика-математика сериясы шығарылады, аталмыш журналда университеттің ПОҚ-ның және Қазақстан ғалымдарының мақалалары жарияланады (бас редактор — – ф.-м.ғ.ф., профессор Тілеукенов С.К.). Факультет ғылыми қызметкерлерінің монографиялары жарық көрді. Факультет ашылған кезеңнен бастап конференция материалдарына, еліміздің және шетелдің ғылыми журналдарына 350-ге жуық жұмыс жарияланған.

Факультетте 01.02.04 «Деформацияланатын қатты дене механикасы» мамандығы бойынша аспиратура бар, қазіргі уақытта 6 аспирант білім алуда. Екі аспирант кандидаттық диссертация жұмысын аяқтап, аспиратураны тәмамдады.

2006 жылдың қыркүйегінде жалпы және теориялық физика кафедрасының ізденушілері (Испулов Н.А., Рахимова Ш.Н.) Акад. Ө.А.Жолдабеков ат. Механика және машинатану Институтында ОФМИ ҚР МОН маңындағы 53.40.02 Біріктірілген докторлық кеңесте (Алматы қ.) физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады.

2007 жылдың майында Әл-Фараби ат. Қаз ҰУ-те алгебра және математикалық анализ кафедрасының аға оқытушысы Ю.А.Мисковец физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі кандидаттық диссертациясын қорғады.

2007 жылдың қарашасында Абай ат. Қаз ҰПУ-нде информатика және ақпараттандыру жүйесі кафедрасының қызметкерлері: Нұрбекова Ж.К. (докторлық диссертация), Байгушева К.М. (кандидаттық диссертация) диссертацияларын сәтті қорғады.

Факультет деңгейінде 3 Халықаралық ғылыми-тәжірибешілік конференция өткізілді: «Тұңғыш Ержанов оқулары» (2004 ж), «Есептеу және ақпараттандыру технологиясы ғылымда, білім беруде және техникада» (20-20 қыркүйек 2006 ж.), «Механика, құрылыс және машина жасаудың өзекті мәселелері» (15-16 қараша 2006 ж.), конференцияға Қазақстанның және таяу және шет елдердің танымал ғалымдары қатысты.

Жыл сайын жас оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және студенттер үшін жазғы физикалық және қысқы математикалық мектептер өткізіледі. Дәріс оқуға жетекші ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі Әбдилдин М.М., ҚР ҰҒА академигі Баимбетов Ф.Б., ҚР ҰҒА академигі Отелбаев М.О., ҚР ҰҒА академигі Кальменов Т.Ш., ф.-м.ғ.д. Денисов В.И. (Ломоносов ат. ММУ), ф.-м.ғ.д. проф. Бахтыбаев К.Б., ф.-м.ғ.д., проф. Көмеков С.Е шақырылады.

Факультеттің жалпы және теориялық физика кафедрасында «Конденсациялау жағдайының физикасы мен мехникасы» атты ғылыми семинар профессор Тілеукенов С.К. жетекшілігімен тұрақты өткізіледі. Аталмыш семинарда физика мен механиканың өзекті мәселелері, сонымен қоса ізденушілер, аспиранттар мен магистранттардың жұмыстары талқыланады.

2006-2008 жылдары білім беру аясында қолданбалы ғылыми зерттеулердің ашық конкурсының нәтижесі бойынша факультеттің ПОҚ-ы: Криворучко В.А., Нұрбекова Ж.К., Вихлянова Т.В., Багушева К.М., Крюкова Е.В., Сарымова А.К. «Орта мектепте информатиканы бойынша кәсіптік оқыту» проектісін жетілдіруде грантты иеленді (жетекші – п.ғ.к., доцент Криворучко В.А.).

Жыл сайын факультеттің ПОҚ-ы студенттермен бірге «Сатпаев оқулары» халықаралық конференцияға қатысады, студенттік жылдардан бастап жас ұрпақтарды ғылыми қызметке баулу мақсаты көзделген.

Үздік оқуы және ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысқаны үшін ИС-31 тобының студенті Бижанова М. ҚР Президентінің стипендиясын иеленді.

Үздік оқуы және спорттық шараларға белсенді қатысқаны үшін ПФМ-31 тобының студенті Бахтыбаева М. ПМУ-дің тұңғыш ректоры атындағы атаулы стипендиясын иеленді.

2005 жылы ЖжТФ кафедрасының жас оқытушылары: Досумбеков К.Р., Курманов А.А. Әл-Фараби ат. Қаз. ҰУ базасында өткізілген ядролық физика бойынша курсқа қатысты. Осы курс бойынша үздік жетістіктер көрсетті және Әл-Фараби ат. Қаз. ҰУ-тің ғылыми жұмыс бойынша проректоры С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Е.М.Арын атына алғыс хат жариялады.


Оқу жұмысы

2001 жылдан бастап факультетте «Информатика», «Ақпараттық жүйе», «Математика», «Физика», «Приборжасау» мамандығы бойынша магистратура ашылды, аймақтық ЖОО-ның және университеттің үздік бітіруші түлектері оқуларын жалғастырады.

РНЦП «Ертіс дарыны» директоры атынан факультет ПОҚ-на: ф.-м.ғ.к. Биболов Ш.К., п.ғ.к. Нұрбеков Б.Ж., п.ғ.к. Нұрбекова., аға оқытушы Альжанов А.Б., ассисент Т.С. Досановтарға «Жалын» олимпиада резерві мектебінің жұмысына сіңірген жемісті еңбектері, мектеп оқушыларын облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаға, интеллектуалдық конкурстарға дайындағы үшін алғыс хат жариялады.

2006-2007 о.ж.ж. қорытындысы бойынша факультет 2-ші курс студенттерінің мемлекеттік аралық бақылауынан 100 % көрсеткіш көрсетіп, университеттің техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарының арасында бірінші орынды иеленді.

Студент Чичиленко Е. (ИФ-41 тобы) және Горелов А. (ИФ-12 тобы) Шымкент қаласында өткізілген бағдарламалау бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, 4-ші орынды жеңіп алды (2006 ж.).

Студенттер аймақтық пәндік олимпиадаға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленді: Кубеев А. (ИС-32 тобы) — «Информатика пәні бойынша 3-ші орын, Кашимова А. (Ис-32) — «Ағылшын тілі» пәні бойынша 3-ші орын, Бендюгин А. (ПФМ-32 тобы) — «Физика» пәні бойынша 1-ші орын.

2006-2007 о.ж.ж. университет командасы информатика бойынша Республикалық олимпиадада 3-ші жалпыкомандалық орынды жеңіп алды.


Тәрбие және кәсіпке бағыттау жұмысы

Факульеттің ПОҚ-ы жыл сайын «Сергектік және денсаулық» спартакиадасына белсенді қатысады. Соңғы бес жыл қорытындысы бойынша факультет командасы жалпыкомандалық есепте спартакиада жүлдегерлерінің үштігіне енді, 2006-2007 о.ж.ж. «Сергектік және денсаулық» спартакиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

9 мамыр Жеңіс құрметіне арналған жарыста ПОҚ-ы және қызметкерлер арасында үстел теннисі бойынша бірінші орынды алды (Нұрбеков Б.Ж. Досумбеков К.Р., Науман О.А.).

Факультет студенттері спорт түрлері бойынша университеттің және республиканың құрамасына енді. Студент Макатов А. (ИС-32 тобы) облыс чемпионатында 2-ші орынды, бокс бойынша халықаралық турнирде 3-ші орынды жеңіп алды. Студент Сафина Э. (Ф-12 тобы) акробатика бойынша облыс чемпионатында 3-ші орынды иеленді (2007 ж. қараша).

Факультет ПОҚ-ы мен студенттері университеттің мәдени өміріне белсенді қатысады. ВТиП-41 тобының студенті Даиров Дамир «Дос-Мұқасан ансамблінің әндері» (2006 ж.) атты эстрадалық әндер конурсының II республикалық студенттік фестивалінде бірінші орынды, «Ш.Қалдаяқовтың әндері» (2006 ж) республикалық студенттік фестивалінде үшінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Д. Даиров 2006 жылы үздік студент атанды. Жыл сайын факультет студенттері университет филармониясының ұйымдастыруымен өткізілетін «Студенттік Көктем» конкурсына қатысады. «Жас толқын» жас таланттардың Республикалық фестивалін ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін жалпы және теориялық физика кафедрасының қызметкерлері: Н.А.Испулов, К.Р.Досумбековтер алғыс хатпен марапатталып, еңбек кітапшасына жазылды.

2005-2006 о.ж.ж. қорытындысы бойынша ИС-32 (куратор Крюкова Е.В.) «Жылдың үздік тобы және үздік кураторы» номинациясы бойынша гран-приді алды.

Факультетте қалалық және университетішілік сайыста жыл сайын жүлделі орын иеленетін КВН-нің үш командасы бар. Алғаш рет ПФМ-21 тобы студенттері ішінен (куратор Жүкенов М.К.) қазақ тілінде құрылған «Жастар әзілі» КВН командасы 2007 жылдың қарашасында университет бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Осы топтың студенттері «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклінде университет труппасына енді.

Факультеттің кәсіби бағдар беру жұмысы тыңғылықты жүргізіледі. Факультет құрылғаннан бастап сынама тестілеу жөнінде кеңестер беріліп, абитуренттермен, олардың ата-аналарымен әңгімелер жүргізіліп, ашық есік күні өткізіледі. Факультетке жыл сайын қалалық және аудандық мектептер бекітіліп, кәсіби бағыт беру, сынама тестілеу жүргізіледі.

2006 жылдың қарашасынан факультеттің тәжірибелі оқытушылары ауылдық мектептерге барып, физика, математика бойынша тегін курстар жүргізеді.



2005-2006 оқу жылына факультетінің жұмыс жоспары


2006-2007 оқу жылына факультетінің жұмыс жоспары


2007-2008 оқу жылына факультетінің жұмыс жоспары


2008-2009 оқу жылына факультетінің жұмыс жоспары


2009-2010 оқу жылына факультетінің жұмыс жоспары

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup