“Тарих және мемлекет теориясы мен құқық” кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Кафедраның негізі 2001 жылы Павлодар мемлекеттік университетінде қаланды. Кафедра алғашында «Құқықтану кафедрасы» деп аталып, экономика және құқық институтының құрамында болады және 3.07.020-2001 ҚР МББС-на сәйкес сериясы АА № 0000038 білім беру қызметіне құқық беру лицензиясы негізінде 021640 «Юриспруденция» мамандығы бойынша даярлықты жүзеге асырған. Тағайындалатын біліктілік – заңгер, оқу мерзімі – 5 жыл.
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы 050301 «Юриспруденция» мамандығы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады, кафедрада 42 пән оқытылу бекітілген.
2003 жылдан бастап құқықтану кафедрасының аталуы мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасына ауыстырылып 3.07.020-2001 ҚР МББС-на сәйкес 521640 «Юриспруденция» бағыты бойынша бакалаврлар дайындауды жүзеге асырды, ал 2004 жылдан бастап 3.08.279-2006 ж. ҚР МББС-на және 26.04.2004ж. №0000038 лицензиясына сәйкес 050301 «Юриспруденция» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлауды бастайды. Тағайындалатын академиялық дәреже – юриспруденция бакалавры, оқу мерзімі – 4 жыл.
Кәсіптік пәндер бойынша студенттерді даярлауды тарих және құқық факультетінің құрамына кіретін «Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» және «Қылмыстық құқық және қылмыснама» кафедраларының оқытушылары жүзеге асырады.
Кафедра басшылығы
Ахмеджанова Гүлнар Бисенғазықызы - заң ғылымдарының кандидаты, доцент
В 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің диссертациялық Кеңесінде 12.00.06 «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын қорғаудың құқықтық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2000-2002 ж.ж. бастап ҚР БжҒМ жас талантты ғалымдарының Мемлекеттік Жүлдесінің Лауреаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Өлкетану» журналы редакциясы алқасының мүшесі болып табылған. 2005 жылдан бастап Астана қ. ҚазМЗУ-гі республикалық мамандық бойынша ОӘК-нің мүшесі болып табылады.
«СМК МС ИСО сериясы 9000:2000» бойынша сертификаты бар, 2006 жылдың қорытындалары бойынша «Жылдың ең үздік кафедра меңгерушісі», 2007 жылдың қорытындылары бойынша – «жылдың ең үздік доценті» болып табылады.
«Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының басқармасымен «Нұр Отан» ХДП бағдарламалық саясаты мен шараларын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысы үшін Құрмет қағазымен марапатталған.
Республикалық байқау қорытындылары бойынша 2008 жылы «Құқық саласындағы ең үздік оқытушы» болып танылған және асыл белгімен марапатталған.
35 мақаласы, 3 оқу құралы, «Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы алқа билер соты мен ант беру институты» тақырыбындағы монографиясы бар.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы Ломов көшесі 64, кабинет № 417, тел (8-7182) 67-36-77
Мамандықтар және мамандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база