“Әлеуметтану және саясаттану” кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының жұмысы жоғары кәсіпкер мамандармен қамтылған олардың ішінде кафедраның қалыптасуы және даму барысында қызмет атқарған, ғылыми және оқытушылық жұмысының тәжірибесімол докторлар мен кандидаттар, магистранттар мен аға оқытушылар қызмет атқарады.
«Отандық тарих» «Философии, әлеуметтану және саясаттану», «Археология, этнология және этнография» кафедраларының қайта құрылуы нәтижесінде «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы 2008 жылдың маусым айынан бастап бөлек кафедра болып істей бастады.
2004 жылдан бастап 050502 «Саясаттану» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр, ал 2006 жылдан — 050501 «Социология». Осы кезде кафедра саясаттану және әлеуметтану магистрлерін даярлау құқығын алды.
Қазіргі кезеңде кафедраның күндізгі бөлімінде «Социология» және «Саясаттану» мамандықтары бойынша 56 студент, 12 магистрант оқиды. Күндізгі бөлім студенттер 27 грант бойынша оқиды. Кафедра сырттай оқу бөлімі бойынша жалпы орта білім негізінде және екінші жоғары білім негізіндегі студенттерді даярлау құқығына ие.
2006 жылдан бастап оқытушылар, магистранттар мен студенттер өз біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік алды, демалыс зонасында орналасқан «Баянтау» жазғы мектебінде Қазақстанның белгілі саясаткерлерінің арнайы курстарын тыңдауға мүмкіндік алды,
Кафедра ұжымы республикамыздағы басқа ЖОО қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты және аль-Фараби атындағы Қаз ҰҒУ, Абай ат. Қаз ҰПУ, Л Н. Гумилев ат. Еуразия МУ, Шығыс-Қазақстан МУ, Е. Букетов ат. ҚарМУ, Шәкәрім ат. Семей МУ.
Кафедра студенттері оқу барысында Павлодар облысының ішкі саясат департаменті, әкімшілігі, орта арнайы оқу орындары, мем лекеттік мекемелер, С.Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы саяси зерттеулердің аумақтық орталығында өтеді. ҚР президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулердің Қазақ институтында тәжірибені өту туралы келісім жасалған. Кафедра түлектері мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде сыртқы істер министрлігінде, ішкі саясат департаментінде, Павлодар облысы акиматында және т.б. жұмыс істейді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Кафедра бітіруші болып табылады, сондықтан тәрбие жұмысы үздіксіз және университет пен факультеттің тәрбие жұмысы жоспары мен әдістеріне сай жүргізіледі.
Кафедра қарамағындағы топтардың кураторлары мен эдвайзерлері бар, олар уақытымен студенттермен тәрбие жұмысын жүргізіп отырады. Оқытушылар мен топ басылары үнемі диспуттар, дөңгелек үстелдер, студенттікке арнау, түлектермен қоштасы, «салауатты өмір» күндері, кеменгер адамдармен кездесулер және т.б. өткізіп отырады. Саясаттанушы студенттер дебат клубына қатысып, «Айконе» философиялық клубына қатысып, Павлодар қаласының студенттер альянсына, көркем-өнер үйірмелеріне қатысады, семестр сайын өткізілетін өзін-өзі басқару күндері кафедра меңгерушісі , факультет деканының қызметін атқарады.
Кафедра басшылығы

| Иренов Габит Нажмединович |
| Лауазымы | ӘЖс Кафедрасының меңгерушісі СиП. С.Торайғыров ат.ПМУ профессоры |
| Ғылыми дәрежесі | Саяси ғылымының докторы |
| Ғыл. атағы | Академик АСН |
| Диссерт. Қорғаған жері | Абая ат. ҚазҒПУ |
| Жоғары білім алған жоғары оқу орны | А.С. Пушкин ат.Орал пединст. |
| Диссертация тақырыбы | Қазақстан Республикасындағы саяси консолидацияның идеологиялық мүмкіндігі мен оны іске асыру механизмі |
| Еңбектер | 160 аса ғылыми еңбектері мен мақалалары жарық көрді. 1. «Қоғам консолидациясы», 2. «Уақыт рухына жауап беру», 3. «Қоғамның де-и-реидеологизациясы» |
| Жүргізетін пәндері | «Саяси ғылымдардың әдіснамалары»; «Ұлттық идеялар»; |
| Ғылыми зерттеу саласы | Жастар мәселелері. Қоғам консолидациясы. Ұлттық идея |
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база