Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

“Философия және мәдениеттану” кафедрасы

Кафедраның құрылу тарихы

«Философия және мәдениеттану» кафедрасы 2008 жылдың 1 шілдесінде құрылған. Жалпы кафедраның құрылуына, басқаруына университеттің көптеген белгілі ғалымдары белсенді қатысқан. 2001 ж. кафедраның негізін қалаған тарих ғылымының кандидаты, профессор Э.Т.Янчук болған. Одан кейін кафедраны басқарған – саясаттану ғылымының докторы, профессор Г.Б.Иренов, тарих ғылымының докторы, профессор Ж.О.Артықбаев, тарих ғылымының кандидаты, доцент А.Ж.Ерманов. Қазіргі кезде кафедраны философия ғылымының кандидаты Г.Г.Ахметова басқарады.

Кафедраның қызметі:

•    студенттердің өздігінен дамуына, жетілуіне байланысты қабілеттерін қалыптас-тыру; өмір бойы жаңа білімді өзіндік түрде қабылдау қабілеттерін дамыту;

•    адамға, қоғамға, табиғатқа, жалпы әлемге деген қарым-қатынастарды реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетің, гуманитарлық мәдениетті меңгерту;

•    Шығыс және Батыс мәдениетінің негізгі теориясы мен тұжырымдамасын білетін, қазақ философиясының өзекті мәселелерін, олардың қазіргі интеграциялық үдерістегі рөлін айыра алатын, халық мәдениетінің тарихын зерттеуде бір тұжырымдылық шешім таба алатын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналаса алатын студенттерді дайындау.

2005 жылдан бастап кафедрада 050204 «Мәдениеттану», 2006 ж. бастап 050208 «Археология және Этнология» мамандықтары бойынша студенттерді дайындай бастады.

Қазіргі кезеңде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша 78 студент, «Философия» мамандығы бойынша 5 магистрант білім алып жатыр.


Кафедра басшылығы

Аты-жөні: Ахметова Гаухар Ғалымқызы

Қызметі: Философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, доцент

Ғылыми дәрежесі: философия ғылымының кандидаты

Қандай ЖОО бітірді: Павлодар педагогикалық институты, педагогика және музыка факультеті

Диссертация тақырыбы: «Этническое и эстетическое в творчестве М.Ж.Копеева, С.Торайгырова, Ж.Аймауытова»

Ғылыми еңбектерінің тізімі: 20 ғылыми басылымдар, оның ішінде 10 мақала ҚР ЖАК ұсынылған.

Оқытатын пәндері: Философия, Мәдениет және тұлға, Тарихи мәдениеттану, М.Ж.Көпеевтің, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың шығармаларындағы этика мен эстетика.

Ғылыми қызығушылық танытатын саласы: философия, мәдениет, философия тарихы.


Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

Кафедра оқытушылары оқыту әдістемелерді тәжірибиеге қосады, олар студенттердің ғылыми-ізденіс іс-әрекетін көтереді, мысалы: авторлық-инновациялық технологиялар мәселелі-ізденіс тапсырмаларды орындау, «мәселеге үңілу», «өз-өзін тексеру», тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындаған кезде бір-біріне көмектесу, интерактивтік ойынның әдістері, диспуттер, дебаттар, әңгімелесу және т.б.

Кафедрада пікірсайыс философия-мәдениеттану клубы жұмыс жасайды. Клуб отырысында қазіргі мәдениеттің, философияның, діннің және т.б. мәселелері көтеріледі және талданады. Осы  отырыстарға жетекші ғалымдар, дін орталықтарының, мәдени орталықтардың өкілдері, Ішкі саясат департаменттен, магистранттар, студенттер шақырылады.

Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Қалалық көрмелерге, мұражайларға, концерттерге, театрларға жиі шығуы ұйымдастырылады.

4 курс студенттері «Саяхат пен жұмыс» атты халықаралық бағдарламаға қатысты және «Travel and work» атты бағдарлама бойынша АҚШ-та, Вирджиния, Вашингтон штаттарында оқыды.


«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі


 



Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 
Оқу-зертханалық база


Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар


 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup