"Тарих, археология және этнология" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Кафедра 1996 жылы Қоғамдық ғылымдар кафедрасының базасының негізінде құрылды. 2003 жылы «Ежелгі және Ортағасырлық тарих» атты атауға ие болды. Университеттің қайта құрылуына байланысты 2004 жылы кафедра атауы «Отандық тарих» болып өзгертілді. «Тарих, археология және этнологиясы» кафедрасы 2008 жылдың 1 шілдесінде университет ректорының бұйрығымен ғылыми-педагогикалық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін құрылған.
Кафедра қызметі деректану теориясы мен әдіснамасының негіздерін, Қазақстан тарихы бойынша деректерді, халықтар мәдениетін зерттеудің бірыңғай концептуалдық негіздерін, алғашқы қауымдық қоғам тарихы, археология, этнология, ежелгі дүние тарихын, антикалық кезең, орта ғасырлар тарихы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы, шет елдердің жаңа тарихын, тарихнама, қазіргі елдер мен халықтар тарихын, жалпы психология мен педагогика негіздерін білетін, дүниетанымдық сипаттағы жүйелі білімі бар, археологиялық және этнографиялық экспедицияларда практикалық жұмыс жасау дағдылары бар, орта білім бағдарламасы бойынша тарих пәнінен оқу сабақтарын жүргізу әдістемесін білетін, тарих кабинеттерін құруда әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарды білетін, оқу-тәрбие жағдаяттарын сараптай алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Кафедра ұжымы республиканың басқа да жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ, Омбы мемлекеттік университеті, Шығыстану институты, Қыпшақтану институты, ҚР ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен, ҚР ҰҒА-ның Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Абай атындағы ҚазМПУ, Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университеті, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттері бар.
Кафедра басшылығы
 Ерманов Асқар Жұманазарұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, тарих, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Букетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін аяқталды.
Кандидаттық диссертациясыны қорғады. Диссертация тақырыбы: «Среднее Прииртышье в контексте истории Центральной Азии»
Ғылыми еңбектері: 30-дан артық ғылыми мақала, оның 10-ын ҚР ЖАК ұсынған.
Оқытатын пәндері: ҚР мәдени саясаты, салыстырмалы мәдениеттану, мәдениеттануды оқыту әдістемесі, қазақ халқының рухани мәдениеті, Қазақстан тарихы.
Ғылыми қызығушылық саласы: тарих, мәдениет
|
Тәрбие жұмыстары
Тәрбие жұмыстары тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың мазмұнымен, жоспарымен және әдістерімен сәйкес үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Кафедра құрамындағы топтарға кураторлар мен эдвайзерлер бекітілген. Олар студенттермен тәрбиелік шараларды белсенді жүргізеді.
«Білік» газетінде әр түрлі тақырыптарға мақалалар, өлеңдер және басқа да материалдар жарияланып отырады. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын студенттер өздерінің мақалаларын С.Торайғыров атындағы ПМУ журналдары мен жинақтарында жариялайды.
Жыл сайын кафедралық іс-шаралар өткізіледі. Кафедра тарапындағы топтардың студенттері университеттің спорттық өміріне, олимпиадаларға, секцияларға, жарыстарға белсенді қатысады.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Ломов көшесі, 64-үй, 431 кабинет. Байланыс телефоны: 673685 , ішкі телефон номері — 326 немесе 267.
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар
Оқу-зертханалық база