Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Тарих және құқық факультеті

Факультетінің құрылу тарихы

Тарих және құқық факультеті 2003 жылы 20 маусымда С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың гуманитарлық факультетінің қайта құрылуы негізінде құрылды. Тарих және құқық факультетін саяси ғылымдар докторы, профессор А.А.Акишев басқарады. Факультетте ғылым докторлары мен профессорлар Ж.О.Артықбаев, Р.Ж.Қадысова, Г.Н.Иренов, К.Ж.Нұрбаев қызмет атқарады. Факультетте 6 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты бар.

Факультеттің мамандықтарындағы оқу үрдісі қазіргі талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базаның қызмет етуіне негізделген. Оған бүгінгі күн талабымен жабдықталған арнайы дәрісханалар, абонементтік қызметі және оқу залдары бар кең ауқымды кітапхана қорлары, компьютер сыныптары, криминалистика дәрісханалары, сот мәжілісі залы, интернет-кафе, медиатека, спутниктік теледидар кіреді.

Оқу барысында студенттер тәжірибешіліктің археологиялық, мұражайлық, этнологиялық, мұрағаттық, педагогикалық, өндірістік және басқа да түрлерін ішкі істер органдарында, адвокатурада, прокуратурада, өндіріс орындарында, қалалық және облыстық ұйымдар мен мекемелерде өткізеді.

 

Тарих және құқық факультетінің құрамында 5 кафедра:

- Тарих, археология және этнология кафедрасы;

- Философия және мәдениеттану кафедрасы;

- Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы;

- Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы;

- Қылмыстық құқық пен криминология кафедрасы бар.

 

 

Факультет басшылығы

Әкішев Арман Айтмұхаметұлы, 16.12.1962 ж.т., «Тарих және құқық» факультетінің деканы, саяси ғылымдар докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры. 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетін бітірген.

1989 жылдан — Павлодар пединститутының оқытушысы.

1991-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасының күндізгі бөлімінің аспиранты.

1996 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғады.

1996 жылы — С.Торайғыров атындағы ПМУ аға оқытушысы, доцент.

1998 жылы — арнайы тарих пәндері кафедрасының меңгерушісі, қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі.

2001 жылы — Гуманитарлық институттың директоры.

2003 жылы — тарих және құқық институтының директоры.

2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін тарих және құқық факультетінің деканы.

2007 жылы саяси ғылымдардың докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғады.

2005 жылы ҚР БҒМ белгісімен және Құрметті білім қызметкері белгісімен марапатталған.

 

Мошна Наталья Ивановна — 21.02.1965 ж.т., тарих және құқық факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, тарих, археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 1988 жылдан бастап қызмет атқарады. С.М.Киров атындағы ҚазМУін 1988 жылы бітірген.

2007 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-де ізденушілікке тіркелген. Ғылыми жетекшісі — т.ғ.д. Р.Ж.Қадысова. «Период хрущевской оттепели в советской и постсоветской историографии Казахстана» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы бекітілді.

Н.И.Мошнаның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқаннан бастап 16 ғылыми мақаласы жарық көрді.

Н.И.Мошнаның оқытушылар мен студенттер арасында беделі жоғары. Кәсіби қасиеттері — еңбекқорлық, әр істі жүзеге асыруға тырысу, бағаны объективті түрде қою. Наталья Ивановна өзінің өте жауапкершілігімен, қарапайымдылығымен, берілген міндеттерді адал орындауымен ерекшеленеді.

 

Бегімтаев Әмірғалы Ілияшұлы — 11.02.1962 ж.т., жалпы мәселелер бойынша декан орынбасары, мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы.

1984 жылы Павлодар индустриалды институтын «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984 жылдан 1990 жылдары «Павлодарэнерго» жүйесінде және Павлодар мемлекеттік сынақ станцияларында қызмет атқарған. 1990-2003 жылдар аралығында ҚР ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.

2004 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан деканның жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

Жұмыс уақытында 14 мақала шығарған.

 

 

Бакалавриат мамандықтары

-050114 «Тарих»

-050203 «Тарих»

-050208 «Археология және этнология»

-050201 «Философия»

-050204 «Мәдениеттану»

-050301 «Құқықтану»

-050304 «Кеден ісі»

-050501 «Әлеуметтану»

-050502 «Саясаттану»

 

Магистратура мамандықтары

- 6N0201 «Философия»

- 6N0203 «Тарих»

- 6N0204 «Мәдениеттану»

- 6N0208 «Археология және этнология»

- 6N0501 «Әлеуметтану»

- 6N0502 «Саясаттану»

 

 

Факультеттегі ғылыми-практикалық орталықтар

Тарих және құқық факультетінің құрамында 2001 жылдан бастап Ә.Марғұлан атындағы ААҒАО (Директоры — В.К.Мерц. 07.06.2001 жылғы №1-05/201 бұйрық) қызмет атқарады. Орталық қызметкерлері Павлодар-Ертіс өңірі және онымен шекаралас аймақтарда ғылыми археологиялық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ оның базасында «Тарих» (бакалавриат) мамандығының студенттері археологиялық тәжірибешіліктен өтеді.

Гуманитарлық институттың базасында (тарих, археология және этнология кафедрасы) 2001 жылы «Этнография» ҒПО құрылды, кейіннен ол Е.Бекмаханов атындағы «Өлкенің тарихы және этнографиясы» ҒПО болып қайта құрылды (Директоры-ф.ғ.к., А.Ж.Құдабаев 2001 жылғы 20 шілдедегі №1-05/239 бұйрық).

«Этнология, мәдениеттану және археология» кафедрасында 2003 жылдың қыркүйегінен бастап Х.Арғынбаев атындағы «Этноәлеуметтік антропология» (ҒПО ЭӘА) ғылыми-практикалық орталығы қызмет атқарады. Аталған ғылыми-практикалық орталықтың басты мақсаты Орталық Ертіс өңірі сияқты өңірдің өркениеттік-мәдени дәстүрлерін және тарихи этнология мәселелерін оқыту болып табылады (Директоры-т.ғ.д., профессор К.Ж.Нұрбаев).

2005 жылдың 18 мамырында әлеуметтік зерттеулер орталығы ашылды (Директоры - ә.ғ.к. Г.Ж.Асылханова. 2005 жылдың 23 ақпанындағы №1-05/128 бұйрық), Орталықтың қызметі аймақты дамытудың ғылыми болжамдарын жасауға бағытталған. Қоғамдық пікірдің мониторингісін жасаумен қатар, орталық әлеуметтік мәселелерді зерттеп, сараптайды, әлеуметтік ортаның жақсаруын жүзеге асыратын практикалық ұсыныстар жасаумен айналысады.

2006 жылдың 5 қазанында «Саяси зерттеулердің аймақтық орталығы» ашылды (5.10.2006 жылғы №1-02-06/747 бұйрық. Директоры-с.ғ.д., профессор Г.Н.Иренов).

 

Материалдық базасы

Тарих және құқық факультеті тұрмысты жөндеу, денсаулықты нығайту, дене шынықтыру-спортты дамыту, рухани-мәдени құндылықтарды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұлар: Студенттер үйі — қазіргі талапқа сай жатақханалар, студенттік кафелер мен асханалар, студенттік емхана, Баянауылдағы демалыс базасы, спортзалдар, бассейндер, ұлттық музыкалық аспаптар оркестрі, вокалдық, хореографиялық және би топтары, КВН командалары және тағы басқалар.

Оқу үрдісі арнайы жабдықталған дәрісханаларда: «Этномәдениеттану», «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Криминалистика», «Конституциялық заң», «Мемлекет пен құқық тарихы мен теориясы» және «Отандық тарих» дәрісханаларында өтеді.

 

Факультет студенттерін ғылыми жұмыстарға тарту

Студенттер бірінші курстан бастап ҒЗЖ саласында қызмет атқара бастайды. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, студенттер мен оқушыларға арналған дәстүрлі «Сәтпаев оқулары» өтеді, ол 2007 жылдан бастап халықаралық статусқа ие болды. Факультет студенттері конференцияларға қатысу үшін Қазақстанның басқа қалаларына және жақын шетелге шығуға да мүмкіндіктері бар. Олар «Павлодар-Ертіс өңірін этномәдени зерттеу» бағдарламасын жүзеге асыруға, Е.Бекмаханов атындағы «Аймақ тарихы мен этнографиясы» ғылыми-практикалық орталығының зерттеу жұмыстарына, Археологиялық орталықтың, аймақтық ақпараттық-сараптау орталығының, ПМУ пресс-орталығының жұмыстарына, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ «Прометей» бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын СҒЗЖ-на және зерттеу шараларына ат салысады. Студенттердің еңбектері «Павлодар облысының топонимикасы» екі томдық кітабында берілген. Жыл сайын студенттік зерттеу жұмыстарына 100-ден артық студент қатысып отырады.

Студенттердің ҒЗЖ университет аясында ғана шектелмейді. Студенттердің ғылыми жұмыстарының деңгейі мен сапасы оларды әр түрлі деңгейдегі конференцияларға: университетішілік, аймақтық және республикалық конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

ҚР территориясында жұмыс істейтін БДИПЧ/ОБСЕ филиалдары мен «Құқықтық білімнің Польшалық ассоциациясы» қызметкерлерімен ынтымақтастықта ПОҚ және студенттерге арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Сол сияқты Сорос қоры және ЮСАИД халықаралық ұйымдардың бағытында ғылыми біліктілікті ұлғайтудағы үлкен мүмкіндік беретін халықаралық семинарлар ұйымдастырылады.

Ғылыми диссертациялардың жыл сайынғы қорғалуы да факультет құрамындағы профессорлық-оқытушылық құрамның сапалы дамуының анықтамасы ретінде беріледі.

 

Біздің жетістіктер

- Студенттерді дайындаудың сапасы жөніндегі аймақтық білім беру нарығындағы көшбасылық (МАК нәтижелері бойынша орташа балл — 95; МАК нәтижелері бойынша студенттердің 100 пайызы да сынақтан өтті).

- «Прометей» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын қаржыландырылатын 2 ғылыми-зерттеу жобасына студенттердің қатысуы.

- Факультеттің ПОҚ 50 томдық «Қазақ этнографиясының кітапханасы», 4 томдық «Көшпенділер» ғылыми серияларының өңдемесін жасады.

- «ПМУ хабаршысы» тоқсандық ғылыми-зерттеу журналын шығару: «Гуманитарлық ғылымдар» және «Өлкетану» сериясы.

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жоғары деңгейдегі дайындық (профессорлық-оқытушылық құрамның шаруашылық келісімдегі жұмыстарды 5640100 тенге сомасына орындауы).

- 2006-2007 оқу жылында ғылыми істердің жетістігі ретінде әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі атағының т.ғ.д. Ж.О.Артықбаевқа, т.ғ.д., Г.Н.Иреновке берілуі, әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі атағының т.ғ.д. Р.Ж.Қадысоваға, т.ғ.д. Р.М.Таштемхановаға берілуі, тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға К.Ж.Нұрбаевтың диссертацияны қорғауы, тарих ғылымдарының кандитаттары Е.Б.Қасеновтың, Б.Ж.Елмұратованың, З.Ж.Марданованың саяси ғылымдар кандидаты М.А.Алтыбасарованың 2007-2008 жылдары диссертациялық жұмыстарын қорғауы, сондай-ақ саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін А.А.Акишевтің, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуы үшін Е.К.Рахимовтың, Г.М.Раздықованың ғылыми диссертацияларын қорғауын айтуға болады.

- Студенттердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуының жоғары деңгейі:

- оқу ақысын жеңілдіктермен төлеу;

- Облыс әкімінің стипендиясы;

- Жеңілдіктер жасау (жатақхана, күніне бір рет тегн тамақтану, қоғамдық көліктегі жүрісті компенсациялау).

- Жетекші ғалымдарды шақырту арқылы саясаттану бойынша жазғы мектептің ұйымдастырылуы.

- Студенттердің факультеттің қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласуы (шахматтан Республикалық Универсиада-2007 жеңімпаздары — А.Базилов (Ю-52 тобы), З.Шегенова (БИ-32 тобы)). «Насихат» саяси-құқықтық клубының ұйымдастырылуы.

- ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ғ.Есімнің 60-жылдығына арналған «Шығыс және Батыс мәдениетінің тарихи, ғылыми, философиялық мәні және оның сабақтастығы» атты философиядан республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өтуі, ХҮІІІ ғасыр соңында ХІХ ғасыр басында өмір сүрген әйгілі қоғам қайраткерініңі қайтыс болғанына 170 жыл толуына орай «Баянауыл сыртқы округі және оның бірінші аға сұлтаны Едіге Шоң би» атты республикалық ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы, «Адам капиталы Қазақстанның бейбітшілік байланыс жүйесіне араласуының негізі іспетті» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуы.

 

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup