"Аударма теориясы мен практикасы" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
2006 жылы ағылшын, неміс, орыс және қазақ тілдерінде «Аударма ісі» мамандығы бойнша мамандар мен бакалавларды арнайы дайындау үшін ашылған.
Кафедра ұжымы тілдік салғастыру, ағылшын, неміс, орыс және қазақ тілдерінен жазбаша және ауызша ақпараттық және көркем аударма және оларды оқыту әдістемесі проблемалармен, сол сияқты мәдениетааралық коммуникация, шетелде білім беру модельдері проблемаларымен жұмыс істейді.
Кафедра меңгерушісі — филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галина Хатипқызы Демесінова.
Кафедра басшылығы

Кафедра меңгеруші – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галина Хатипқызы Демесинова
Демесинова Г.Х. 1958 жылдың 15 тамызында Павлодар облысының Лебяжі ауданынында туған. Жоғары білімді.
1979 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітіріп, қазақ ССР Білім министрлігінің ППИ ағылшын кафедрасына оқытушы болып еңбек жолын бастады.
1980-1986 жылдары ғылыми сынақтан өткен, Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтындағы аспирантурасында оқыған. 1986 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ шет тілдер факультетінің деканы орынбасары қызметін атқарған, ППИ ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы болған.
1998-1999 жылдары Павлодар университеті ағылшын тілі аударма кафедрасының доценті. 1999-2002 жылдары аталмыш кафедраның меңгерушісі.
2002 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ ағылшын тілі кафедрасының доценті, аударма және мәдениаралық қарым-қатынас ғылыми-практикалық орталығының директоры, шет тілдер практикалық курс кафедрасының меңгерушісі, аударма теориясы және практика кафедрасының меңгерушісі.
2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Британ кеңесімен «Сорос-Қазақстан» қорының, П.Лумумб атындағы РДХУ халықаралық білім беру (ACTRI/ACCELS) және ҚР орыс тілі мен әдебиет оқытушыларының Американдық кеңесінің өкілеттілігі демеушілігімен өткен тіл және аударма ісін оқыту әдістемелік семинарына қатысты.
Демесинова Г.Х. жетекшілігімен 7 магистрлік диссертация дайындалды. 40 жұмыстан астам, оның ішінде 7 оқу құралын жариялады. ҚР және Павлодар облыстық білім беру ұйымының мақтау және алғыс хаттарымен марапатталған.
Профессор-оқытушылар құрамы