«Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінің директоры - Звонцов Алексей Сергеевич.

 

2005 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде э.ғ.д, прoфессор Е. Арын ректордың ынтасымен ғылыми-технологиялық парк құрылды, оның негізгі мақсаты жоғары оқу орны потенциалының өндірісте ғылыми-техникалық алдыңғы жетістіктерді енгізуге бағытталған, ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін қолдану үрдісінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін инновациялық іс-әрекет субъектілерінің ұйымдасуы болып табылады; жаңа инновациялық өндірістерді құруға көмектесу, ғылыми-техникалық зерттеулерді қаржыландыру мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім мен ғылыми-зерттеулік құрылымдарын, тәжірибелік-өндірістік өндіріс және ғылыми-зерттеулік зерттемелердің нәтижелерін жеткізуге мүмкіндік беретін республика мен аумақтың экономика секторы арасында эффективті байланысты қамтамасыз ету.

Мақсаты: ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін пайдалану үрдісін тиімді жүзеге асыратын, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарды, өнеркәсіптік шаруашылықты жетілдіруге бағытталған инновациялық шаруашылық су бъектілерін құру.

Міндеттері: жаңа білім мен инновациялық технологияларды пайдалану, оқу үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, мамандарды даярлау сапасын арттыру және инновациялық бағыттағы оқытушылардың тәжірибесін арттыру; отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарлы өндірісіне қол жетістіктерді енгізу; инновациялық жобаларды ойлап шығару мен жүзеге асыру және жаңа инновациялық өндірістерді құруға көмек көрсету; аумақтың ғылыми – техникалық үрдісін анықтайтын, энергетика, металлургия, машина жасау, құрылыс, көлік, мұнай – химиялық өндіріс, биотехнология, экология және ғылым мен техниканың бағыттарында инновациялық үрдісті кешенді қамтамасыз ету; интеллектуалды жеке меншікті қорғау және патент жүргізу, өнімді сертификаттау, маркетингтің стратегиясын таңдау облысында консалтингтік қызмет көрсету.

 

Даму болашағы

Болашақта келісілген келісімшарттардың жұмысы жүргізілуде.

 

Жұмыстың негізгі бағыттары

Осы заманға сай архитектуралық жобалау, құрылыс конструкциялары, материалдар мен технологиялар – әрбір пайдаланушылық және апаттық жүктеуді модельдеу мен ғимараттың әр түрлі конструктивті схемаларын жобалау мен есеп жүргізу; бетонды консрукциялардың кең номенклатурасымен олардың негізінде жасалынған бұйымдарды цементсіз байланыстыратын өндіріс технологиясын ойлап шығару; аймақтың техногенді қалдық негізінде құрғақ құрылыс қоспалардың кең номенклатурасын; құрамында органикалық және минералды байланыстыратын тиімді жол бетондарын еліктейтін, мрамор, гранит, габбро және т.б. еліктейтін, декоративті және өңдейтін қаптамалар.

Энергияны үнемдеуші технологиялар - техногендік апаттардан сақтайтын электроэнергетикалық жүйелерде электромагниттік сыйысушылық міндеттерін шешу әдістерін ойлап шығару; жоғары сезімталдық және қосарлана салынған түрленгіштерде электр машиналарды электр және механикалық зақымданудан сақтау.

Металлургия - қара және түсті металлургия саласында болашағы бар технологияларды құру мен олардың дамуы; металдарды қысым арқылы өңдеу және құю өндірісінің құрал-жабдығы мен технологиясын жетілдіру; қайта ресурстарды және металлургиялық шикі затты комплексті пайдалану кезіндегі мәселелерді зерттеу; отқа төзімді материалдарды шығару үшін шикі затты дайындау.

Машина жасау - дизель отын жүйелерін жөндеу және инновациялық өндіріс үшін завод құрудың ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

Биотехнология - жануар шаруашылығына биотехнологияның жаңа алдыңғы қатарлы зерттемелерді енгізу; селекциялық жұмысты жетілдіру бағытындағы тайпалық шаруашылықтарға көмек көрсету, жануарларды қоректендіру және қайта шығаруды жақсарту; коллекциялық табыны бар эксперименталды жануар фермасын құру.

 

Ғылыми-технологиялық паркінің қызметкерлері:

Еримбетов Ерлан Пердеқулы

Нурханов Азамат Қазбеқұлы

Оразбаев Рустам Рауилұлы

Садвакасов Тоқтар Абдулхаирұлы