Кафедраның тарихы

1960 жылы Павлодар индустриалдық институты ашылғаннан бастап дене шынықтыру және спорт кафедрасы қызметін атқарады. Кафедра дене шынықтыру бойынша сабақтарын өткізуін қамтамасыз етеді. Кафедраның спорттық клубы қызмет атқарады, онда 10 жылдың ішінде 22 спорт шеберлері және спорт шеберіне үміткерлері, 3206 дәрежелі спортшылары дайындалған болатын.

2008 ж. университет   050108 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша лицензия алған.  2008 жылы сырттай оқыту формасы ашылды. Жеткілікті материалдық-техникалық база, білікті профессорлық-оқытушылық құрамы арқылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мамандардың сапалық даярлығы қамтамасыз етіледі.  

 

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Мастобаев Юрий Анатольевич

Лауазымы: кафедра меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәреже:  педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: доцент

Білімі: 1989 жылы дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 2006 жылы психология мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 2007 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университеті жанындағы бірлескен кеңесте 13.00.08 - Кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «ЖОО-ның басқарушы қызметкерлерінің басқармалық шешімдерін қабылдау біліктігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертация қорғады. 2011 жылы доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағын алды.

Оқыту пәндері: ҒЗЖ және ҒЗЖС негіздері, ДШжС менеджменті, ДШжС социологиясы

Жұмыс өтілі: 27 жыл

Ғылыми еңбек тiзiмі: 40-тан астам ғылыми мақалалар, электрондық оқыту құралына авторлық куәлік, зерттеулер нәтижесі қазақстандық және ресейлік ЖОО-ның профессорлық оқытушылық құрамының біліктілігін жоғарылату үрдісіне енгізілген.

Ғылыми зерттеу саласы: Педагогикалық және ғылыми жұмысының негізгі бағыты – маманды кәсіби даярлау, дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі. 

Кәсiби жетiстiктері: 2013 жылы «Оқу үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану» атты тақырыбы бойынша 72 сағат көлеміндегі біліктілікті жоғарлату курсынан өтті. 2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі құрмет грамотасымен «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін» марапатталды.

 

Байланыс мәліметтері:

С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, дене шынықтыру және спорт кафедрасы, А-09 аудитория, тел. 8(7182) 673669 (1148).

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалдық-техникалық база

Кафедра жетістіктері

Тәрбие жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Аккредитеттеу сертификаты