"Химия және химиялық технология" кафедрасы
Кафедраның құрылы тарихи
С. Торайғыров атындағы ПМУ-да химиялық технологиялар кафедрасы 1996-1997 жылдары «Химия» кафедрасының негізінде құрылды. Өйткені 1993-1994 ж. Университет келесі мамандықтар бойынша студенттерді қабылдады: 390140 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 390240- «Неорганикалық заттардың химиялық технологиясы», сондықтан 1997 ж. кафедрада жаңа мамандырылған пәндер пайда болды. 2004 жылдан бастап: 050720 «Неорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы». Кафедра пайда болған кезден бастап 510730, 090640 мамандықтар бойынша 3 выпуск шығарылды, ал 050606 мамандығы бойынша 1 выпуск бітірді.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасында жоғары білікті профессор-оқытушылық құрамы жұмыс жасайды, оларды ғылыми және өндірістік іс-әрекетінен тәжірибиелері мол.
2008 жылғы шілденің 1-інен С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығы бойынша химиялық технологиялар кафедрасы химия кафедрасымен біріктірілді.
«Химия және химиялық технология» кафедрасы
- 050720 - Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы,
- 050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы,
мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.
Кафедра басшылығы
Кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты доцент К.Х. Жапарғазинова
Жапарғазинова К.Х. 1981 жылы С.М.Киров атындағы КазМУ-дің химия факультетін бітірді. 1993 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің химиялық технология кафедрасында қызмет етеді.
2000 жылы шифрі 02.00.04 - физикалық химия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Оған 2008 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2008-2009 жылдары билогиялық-химиялық факультеттің деканы болып қызмет істеді. Жалпы педагогикалық өтілі 24 жыл, оның 16 жылы ғылыми-педагогикалық өтіл болып саналады. Жапарғазинова К.Х. химия және химиялық технология кафедрасының доценті ретінде лекциялар оқиды, органикалық емес, коллоидтік, органикалық химия пәндері бойынша практикалық және лабораториялық сабақтар өткізеді.
Біздің мекен-жайымыз: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, каб. 511
Тел. 8(7182) 673651, вн. 1173
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Оқу-зертханалық база
Профессор-оқытушылар құрамы