"Биология және экология" кафедрасы
| Басу |
Кафедра басшылығы
Жалпы биология кафедрасы 2004 ж.01.04. ПМПИ ПМУ-дан бөлінгеннен кейін құрылған. 2009 ж. Қыркүйектің 1-нен бастап жалпы биология кафедрасы биология және экология кафедрасы болып құрылды.
Оқу үрдісін жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 5 профессор, биологиялық ғылымдардың докторлары, 3 доцент, биологиялық ғылымдардың кандидаттары, 7 биология магистрі және 3 экология магистрі.
Кафедра 050607 «Биология» және 050608 «Экология» мамандықтары бойынша шығарушы болып саналады. Биология бакалаврларын дайындау 2004 ж. бастап қазақ және орыс тілдерінде 3.08. 322-2006 ҚР МЖБС, 050607 «Биология» мамандығы бойынша негізгі жоғары білім 3.08. 323-2006 ҚР МЖБС, 050608 «Экология» мамандығы бойынша негізгі жоғары білім 3.08. 323-2006 ҚР МЖБС-қа сәйкес жүргізіледі.
ҚР БжҒМ 2004 ж. 26.04 №361 бұйрығымен бекітілген ҚР 2001 ж.14.12 №0000038 мемлекеттік лицензиясы (мерзімі шектелмеген, 050607 «Биология» мамандығы бойынша лицензияға қосымшасы бар) биология бакалаврын аталған мамандық бойынша дайындауға мүмкіндік береді. Күндізгі оқу формасы бойынша орта білім негізінде оқу мерзімі – 4 жыл. Сырттай оқыту формасы да бар.
Кафедра мамандары Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің әр түрлі салалары бойынша кәсіпорындарда табысты жұмыс істеп жатыр. Кафедра түлектері «Қазақстан аллюминиі»,»Қазақстан электролиздік зауыты», «Павлодардың мұнай өндіру зауыты», «Еуразиялық энергетикалық корпорация» және тағы басқа акционерлік қоғамдарда талап етіледі.
Кафедра университеттің басты корпусында, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 мекен-жайы бойынша А 356 кабинетінде орналасқан.
Кафедра телефоны: 8(7182)67-36-68, ішкі 257.
Кафедра басшылығы

Жұмағали Мұрсалиевич Исимбеков - профессор, биология ғылым докторы, кафедра меңгерушісі.
1960 жылы Семей ЗВИ ветеринарлық факультетін аяқтады.
Осы институттағы ғылыми-педагогикалық қызметін 1964 жылы 21 қазанда паразитология кафедра ассистенті лауазымынан бастаған.
1966 жылы «Іле өзенінің бассейндегі қансорғыш масалары» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1968 жылы КСРО СМ ВАК доцент атағы берілді.
1994 жылы мамырда КазНИВИ (Алматы) «Биологиялық негіздер және Шығыс Қазақстандағы мал шаруашылығындағы шыбын-шіркейге қарсы іс-шаралар жүйесі» (тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады, ол 1996 жылы ҚР ГАК бекітілді. 1998 жылы ҚР ВАК профессор атағын бекітті.
2004 жылдан бастап контракт бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жалпы биология» кафедра меңгеруші лауазымына ауысты. Қазіргі уақытта да осы лауазымда жұмыс істейді.
Жалпы еңбек өтілімі 45 жыл, соның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілім 40 жыл, оның ішіндегі 25 жылда үш ЖОО-ғы әр түрлі кафедраларды басқарды: Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтында, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде (бастапқы кезде «Семей») және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде.
175 астам публикациялары бар. Ветеринарлық энтомология мәселелері бойынша 4 ғылым кандидаттары дайындалды. Қазіргі уақытта 2 докторларды, 5 аспиранттарды және ізденушілерді дайындап жатыр. «Еңбек ветераны» медалімен, СССР жоғары білім Министрлігімен «Жұмыстағы үздік жетістіктер үшін» белгісімен (Мәскеу, 1982), ҚР ғылым және білім Министрлігімен «Қазақстан республикасының ғылыми қызметін дамытқаны үшін» белгісімен (Астана, 2002), «Білім» Жалпыодақтық қоғамының грамоталарымен (Мәскеу, 1987), КСРО Қазақ ауыл шаруашылығы министрлігі мен ЦКпрофессиональдық одақтарының (6.06.81 №3), Қазақстан ЛКСМ ЦК (18.10.1978) марапатталды. «Кто есть кто в Казахстанской науке» (Алматы, 1999) және «Высшая школа в лицах» (Алматы, 2001) кітабына еңгізілді.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64 үй, 356 каб., тел.: 8(7182) 673668 (257)
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Оқу-зертханалық базасы
Профессор-оқытушылар құрамы
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар
Студенттердің ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары