Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Факультеттің құрылу тарихы
Химиялық технологиялар жйне жаратылыстану факультеті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биологиялық-химиялық факультеті ретінде 2005 жылы құрылған.
Факультетте 10 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 98 жоғары квалификациялы оқытушылар мен мамандардың 40%-дан астамының ғылыми дәрежесі мен атағы бар.
Студенттер күндізгі бөлімнің 8 мамандығы бойынша және сыртқы оқу бөлімінің 10 мамандығы бойынша оқиды: 050607 «Биология», 050608 «Экология», 050902 «Туризм», 050609 «География», 050108 «Дене шынықтыру және спорт, 050720 «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», 050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 050606 «Химия».
Факультетте магистратураның мына 6 мамандығы бойынша: 6N0607-«Биология», 6N0609 - «Экология», 6N0609 – «География», 6N0606 –«Химия», 6N 0720- Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, 6N 0721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы; аспирантураның 3 мамандығы бойынша: 02.00.04- физикалық химия; 03.00.19- паразитология; 03.00.08 – зоологиядан дайындық жүргізіледі.
Факультеттің құрылымында 4 шығарушы кафедра бар:
Факультет басшылығы
Химиялық технологиялар жйне жаратылыстану факультетінің деканы - биология ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қанат Қамбарұлы.

| Ахметов Қ.Қ. 1990 жылы аспирантураны бітіріп, «Трематодтың кейбір түрлерінің жыныстық жүйесінің микроморфологиясы және гистохимиясы» атты тақырыбы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын табысты қорғады. 1990 жылдан бастап Павлодар педагогика институтының «Жалпы биология», «Зоология, ботаника және ауыл шаруашылығы негіздері», «Зоология, ботаника және физиология» кафедраларының доценті болып істеді. 1996-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-де мынадай лауазымдарға ие болды: жаратылыстану және педагогика факультетінің деканы, жаратылыстану және педагогика оқу-өндірістік кешенінің директоры, жаратылыстану факультетінің деканы, жаратылыстану институтының директоры. 2004 жылы шифрі 03.00.19 паразитология мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. «ҚР ғылымының Еңбегі сіңген қызмткер» белгісімен марапатталған. Ол биологиялық мамандықтардың оқу жоспарларына «Гельминттердің функционалдық морфологиясы», «Ертістің Павлодар өңіріндегі екі қанатты қансорғыштар және олардың санын биологиялық бақылау» атты арнайы курстарды жасап енгізді. Қ.Ахметовтың жетекшілігімен биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын екі адам қорғады, 40-тан астам магистрлік диссертация қорғалды, 1999 және 2002 жылдары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары екі рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды. |
| |
 | Нұрлина Айнагүл Балғауқызы 2001 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Биология» (университет) мамандығы бойынша үздік бітірген. 2003 жылы магистратураны «Биология» мамандығы бойынша академиялық дәрежемен бітірген. 2009 жылы шифрі 03.00.19-паразитология, тақырыбы «Слепни (Diptera, Tabanidae) Северо-Восточного Казахстана (фауна, экология и меры борьбы)» бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл. Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы, физиология және эволюция (ВНД), биологияны оқыту әдістемесі, медициналық энтомология, экология, гельминтология пәндерінен сабақ береді. Факультетте деканның жалпы мәселелері бойынша орынбасары. |
| |
 | Бұркітбаева Ұлжан Дүйсембайқызы 2001 гжылы І.Жансүгіров ат. Жетысу мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ магистратурасын бітірген. Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы. |
Ғылыми-өндірістік зертханалар
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Біздің мекен-жайымыз: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64 үй, 343 каб., тел. 673647 (185)