Стратегия және сапаны бағалау департаментінің директорының м.а. - саяси ғылымдарының кандидаты Ильясов Серік Құрғамысұлы.

 

Департамент қызметінің негізгі бағыттары:

  • университет қызметінің барлық бағыты бойынша стратегиялық дамуын жоспарлау, үйлестіру және бақылау;
  • мәлімделген аккредитациялық мәртебесіне сәйкес университеттің сапалық білім беретіндігін көрсететін қызметін бағалау;
  • университеттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын бағалау үшін халықаралық және ұлттық рейтингтік агенттіктері жүргізетін академиялық рейтингтерге қатысу;
  • университетте көрсетілетін білім беру қызметтері мониторингі және сапасын бағалау;
  • университеттің сапа менеджменті жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу, енгізу, жетілдіру және тұтастығын қолдау;
  • техникалық басқаруды үйлестіру және іске асыру.

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша дамудың стратегияларын, стратегиялық жоспарларын, арнаулы көрсеткіштерін және мақсаттарын әзірлеу;
  • есеп беруге сәйкес, университеттің стратегиялық жоспарына, дамудың стратегиясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, орындаудың мониторингі, үйлестіру;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық реестріне енген аккредиттеу агенттіктеріндегі институционалдық аккредиттеу мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үрдістеріне әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
  • университет қызметінің негізгі көрсеткіштерін рейтингтік агенттіктерде көрсету, академиялық рейтингтер бойынша университеттің және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуымен өткізілетін салыстырмалы талдаулар жасау;
  • сапа менеджменті жүйесінде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес университет қызметінің принциптерін қалыптастыру;
  • ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, сапа менеджменті жүйесінің мәселелері бойынша университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру және бақылау;
  • департамент қызметінің бағыттары жөнінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара байланыс орнату;
  • құрылымдық бөлімшелерге департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық және кеңестік қолдау көрсету.

 

Департаменттің құрылымы

 

- Стратегиялық талдау және рейтинг бөлімі;

- Аккредитациялау және сапа менеджменті бөлімі.

 

Байланыс мәліметтері:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64

Бас оқу ғимараты, 246  кабинет

Телефон: 8 (7182) 673683 (ішкі - 11-11)