"Экономикалық теория" кафедрасы
КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
«Экономикалық теория» кафедрасы 2002 жылы, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Е.М.Арынның ұсынуымен құрылды.
Кафедраны басқаруды э.ғ.к., профессор Р.А.Хисматуллин қолға алды.
2003 жылдан бері кафедра «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша студенттер даярлап шығаруды.
Осы «Мемлекеттік жіне жергілікті басқару» мамандығы бойынша студент даярлап шығару саласында кафедра ұжымы аз еңбектенген жоқ. Көптеген мәселелерді қайтадан жасауға тура келді. Кафедра жаңа тапсырыстарды жақсы орындады, оған 2005 жылы мемлекеттік аттестациядан табысты өткені және 2006, 2007 жылдардағы менеджмент жүйесіндегі ИСО 9001 сапасы дәлел бола алады.
2003-2006 жылдары кафедраны э.ғ.к., доцент С.Е.Сәрсембекова басқарды.
2006 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін кафедраны Г.Р.байтаева басқарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары квалификациялы оқытушылардан тұрады. Кафедра құрамында: ә.ғ.д., профессор С.Г.Симонов., э.ғ.к., профессор Р.А.Хисматуллин., сол сияқты түрлі мемлекеттік мекемелерде және облыстағы кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесінен өткен оқытушылар жұмыс істейді
КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

Байтаева Гульнара Рахметовна
Экономика ғылымының кандидаты, экономикалық теория кафедрасының доценті. Қазіргі кезде «Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі.
Г.Р.Байтаева 1986 жылы Мәскеудегі К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық Академиясын «Бухгалтерский учет и анализ хозяйственной деятельности в сельском хозяйстве» мамандығы бойынша тәмәмдады. Академияны бітірген соң Гурьевтегі педагогикалық институтында оқытушы болып жұмыс істеді, «КПСС тарихы мен саясиэкономиядан» дәріс берді.
1989 жылдан 2002 жылға дейін Талдықорған педагогикалық институтындағы «Экономика және менеджмент» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2002 жылдың 24 қазанынан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университіндегі «Экономикалық теория» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Гүлнара Рахметқызы ғылыми конференцияларға бірнеше рет қатысты және іздену тақырыбына байланысты бірнеше ғылыми мақалалары мен жұмыстары арнайы: «Проблемы аграрника», «Транзитная экономика», «Евразииское сообщество» журналдарда жарық көрді.
2005 жылы «Формирование аграрного рынка труда и повышение занятости сельского населения (на примере Павлодарской области) тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Г.Р.Байтаева халықаралық, республикалық, және аймақтық конференцияларда 20 ғылыми жұмыстары жарық көрді.
Біліктілікті арттыру курстары мен тәжірибеден өтті.
Астана қаласындағы Гумилев атындағы Евразийялық университетте өткізілген аймақтық конференцияға қатысты.
2004 жылы Алматы қаласында өткен «Актуальные проблемы эффективного развития АПКИ и сельских территории» халықаралық конференциясына қатысты.
Оқу мерзімін қосқанда жалпы жұмыс өтілі –26 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі – 20 жыл. Университетте жұмыс істеген кезеңінде. Г.Р. Байтаева дәріс оқиды, курстық, дипломдық жұмыстарға, студенттердің тәжірибеден өтуіне жетекшілік етеді және экономика мамандығы бойынша студенттерге тәжірибелік сабақтар өткізеді. Дәріс және тәжірибелік сабақтарда оқытушы оқытудың жаңа әдістемелерін – интерактивті әдіс, кейсті, және т.б. қолданады. «Мемлекет және бизнес», «Қазақстан экономикасын басқару», «Экономикалық теория негіздері» пәндерін меңгертеді. Дәрістік және тәжірибелік сабақтары жоғары мектеп талабына сай, ғылыми-әдістемелік деңгейі биік. Дәрісті екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) оқиды, экономика мамандығы студенттердің курстық жұмыстарының орындалуы үшін жұмыс бағдарламаларын жасады, бақылау жұмыстарын орындауға, тәжірибелік сабақтарға, студенттердік өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулықтар және емтихан билеттерін, дәрістердің тесті сұрақтарын түзді. Г.Р.Байтаева ғылыми және шаруашылық шарт жұмыстарының орындалуына үлес қосты, жыл сайын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды, ауыл және қала мектептеріндегі талапкерлер үшін кәсіби бағдарлы жұмыстарды жүргізеді.
Г.Р.Байтаева университет ұжымына, оқытушыларына, студенттеріне сыйлы.
Гүлнара Рахметқызы Байтаева 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағының талабына лайықты, жоғары квалификациялы маман.
2006 жылдың қыркүйек айынан бері «Экономикалық теория» кафедрасын басқарады.
Жұмыстың ғылыми бағыты:
Аграрлы еңбек нарығын зерттеудің әдістемелік негіздері.
Дәріс беретін пәні:
«Экономикалық теория негіздері», «Қазақстан экономикасын басқару», «Мемлекет және бизнес», «Экономикалық теория», «Фирманың экономикалық қауіпсіздігі», «Муниципальді менеджмент», «Әлеуеттік-экономикалық болжам».
Кафедраның орналасқан мекен-жайы
Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Экономикалық теория" кафедрасы
тел: 8(7182) 673646 (ішкі 121)
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Үздік түлектер