Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан оқыту – оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология (ереже бойынша компьютерлік техника).
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
- оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар..
Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған.
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дегі қашықтан оқыту екі негізгі технология бойынша іске асырылады: желілік технология бойынша және кейстік технология негізінде.
Желілік технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.
Кейс технологиясы – қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология.
Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті келесі мамандықтар үшін оқыту үрдісін ұйымдастыруда қашықтықтан оқыту технологиясын енгізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсаты бар.
| Мамандық | Негізгі білім беру | Оқу мерзімі |
| Электр энергетикасы | Кәсіптік орта білім (колледж білімінің негізінде) | 3 жыл |
| Қаржы | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 жыл |
| Менеджмент | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 жыл |
| Экономика | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 жыл |
| Есеп және аудит | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 жыл |
| Ақпараттық жүйелер | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 жыл |
| Әлеуметтік жұмыс | Кәсіптік орта білім (колледж білімінің негізінде) | 3 жыл |
| Автоматтандыру және басқару | Орта (мектеп, лицей, гимназия білімі негізінде) | 5 лет |
С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң қашықтан оқыту факультетінің штатында 4 адам жұмыс істейді.
Байланыс мәліметтері:
Мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов көш 64, каб. А-147
Телефон: 8(7182) 673670
E-mail:
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
Қашықтан оқыту факультетінің директоры Нұрбеков Бақыт Жақсылықұлы