«Электрэнергетикасы» кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Кафедра өзінің тарихын 1960 жылдан, Павлодар индустриялық институтының құрылуынан бастайды. Павлодар облысы үнемі дерлік энергетика саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда қажеттілік тудырып, ірі зауыттар мен энергетикалық нысандар орналасқан өндірістік орталық болып табылады. Кафедра көп жылдардан бері Павлодардың Ертіс өңірі үшін энергетика саласында мақсатты бағыттағы дайындық пен мамандарды даярлауды жүргізеді.
Кафедра басшылығы

Марковский Вадим Павлович — «Электрэнергеткиасы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты, доцент.
В.П. Марковский 1967 жылы Павлодар обласының Железинка ауданың Михайловское сохвозында туған. В.П. Марковский 1991 жылы сол кездегі Павлодар индустрялық институтын бітірген соң, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде құрылғаннан бері жұмыс істейді.
ЖОО-да В.П. Марковский Электромеханика және электртарту кафедрасының инженерінен бастап Электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты болды.
В.П. Марковский көп жылдардан бері жоғары білікті маман-энергетиктерді дайындау ісіне көп үлес қосады. Ол оқу жүктемесінің барлық түрін: оқу және тәрбиелік жұмыстарды ғылыми қызметпен ұштастырады. 40 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы, өнертапқыштығы үшін алған авторлық куәліктері бар. Ғылыми жұмысы автоматтандырылған электртарту аймағындағы зерттеумен байланысты.
В.П. Марковский қоғамдық жұмыстарды жүргізіп, университеттің спорттық түріне белсенді қатысады.
Кафедра жетістіктері
2008 ж. оқытушылар мынадай конкурстар мен номинацияларды ұтып алды:
- Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасын дамытуға ғалымдар мен мамандарға қосқан үлесі үшін 2008-2010 жж. Ғылыми мемлекеттік стипендиясының лауреаты, т.ғ.д., профессор Үтеғұлов Б.Б.
- ЖОО-ның үздік профессоры т.ғ.д., профессор Б.Б. Үтеғұлов.
- ЖОО-ның үздік аға оқытушысы А.М. Ақаев.
- Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасын дамытуға ғалымдар мен мамандарға қосқан үлесі үшін 2008-2010 жж. Ғылыми мемлекеттік стипендиясының лауреаттары Үтеғұлов А.Б., Уахитова А.Б., Исенов С.С.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, А корпусы, 219а кабинет, «Электр энергетикасы» кафедрасы, тел.8(7182) 673626.
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар