Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығы

Мағаш Аятханұлы

Мамандығы - биология. Университетте оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проректор, ғылыми орталық директоры қатарлы лауазымды қызмет атқарған.

1978 жылы биология ғылымдарының кандидаты, 1990 жылы биология ғылымдарының докторы дәрежесін алуға арналған диссертацияларын Берлин қаласындағы Гумбольдт атындағы университетте қорғаған. Мал, жануарлардың өсіп өну биологиясы мен биотехнологиясы (ұрық көшіріп отырғызу) саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

1986 жылы доцент, 1992 жылы профессор атағы берілген. 1998 жылы Монғолия Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесіне, 2000 жылы Ауылшаруашылығы ғылым академиясының академигіне сайланған.

12 оқулық, оқу құралдарының, 11 монография, кітаптардың және 200-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «The Yak», «Der Yak in zentrallen Asien», «Қос өркеш түйе» айдарлы ағылшын, неміс және монғол тілдерінде жазылған монографиялары - халықаралық деңгейде жоғары бағаланатын ғылыми еңбектер. Монғолия мен Қытайдың (ішкі Монғолияның) жоғарғы оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылатын «Мал, жануарлар акушерлігі және көбею биотехнологиясы» оқулығы мен оқу құралы қайта басылып шыққан. Ғылыми мақалалары мүйізді ірі қараның өсіп өну физиологиясы мен биотехнологиясы мәселелері бойынша жарық көрген.  

2 докторлық диссертацияның ғылыми кеңесшісі, 8 кандидаттық және 9 магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі болған.

Монголияның «Алтын жұлдыз» ордені, «Сіңірген еңбегі үшін» және Халық революциясының мерей тойлары медалдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен сыйланған.

2004 жылдың қазанынан бастап биотехнология орталығының директоры болып жұмыстайды.

Қысқа тарихы

2004 жылы «Асыл» ғылыми-тәжірибелік орталығы Биология, химия факультетінің қасында алғаш құрылған. Генетика және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Т. К. Бексеитов, зоотехник Қ. Д. Жанайдаров, биотехнолог-селекционер Р. Б. Абельдиновтар   орталықтың негізін қалаушылар болған.

2005 жылы «Асыл» ғылыми-тәжірибелік орталығы Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығы болып өзгертілген.

2007 жылы заманауи құрал, жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Германиядан (Бавария, Нойштадт Айш) әкелініп, Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығында мүйізді ірі қараның эмбрионын көшіріп қондыруға арналған жаңа зертхана бой көтерді. Орталықта директор, 2 аға ғылыми қызметкер, 3 кіші ғылыми қызметкер, лаборант жұмыс істейді. 

Мақсаты және жұмыс бағыттары

Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығының негізгі мақсаты – өңірдегі мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланып мүйізді ірі қараның нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту, сүт, ет өнімін молайту болып табылады. Сондықтан біздің орталық фермерлер, жеке шаруашылық қожалықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен жасалған келісім шарт негізінде төмендегі бағаттар бойынша  ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:

  • сұрыптап, таңдап өсіру арқылы жекеленген және топтасқан шаруашылақтарда жылқы және мүйізді ірі қара малдың нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту,
  • биотехнологиялық тәсілмен сүрлем дайындау және оны сауын сиырларының сүтін, бордақылайтын малдардың ет шығымын молайту үшін қолдану,
  • ұрықты көшіріп отырғызу (эмбриондарды трансплантациялау) биотехнологиясын сиыр шаруашылығына қолдану,
  • студенттердің дипломдық және ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету, өндірістік тәжірибелерін өткізу,
  • мал шаруашылығына қажетті кейбір мамандарды дайындау үшін қысқа мерзімді оқу (курс) ұйымдастыру т.б.

Ғылыми еңбектер

2005-2008 жылдары ғылыми қызметкерлер 24 рет халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндама жасады. Конференциялық жинақтар мен жетекші университеттердің ғылыми журналдарына 49 мақала жарияланды.

Орталық ғалымдарының жазған қазақ тіліндегі 2 оқу құралы мен орыс тіліндегі 2 оқу әдістемелік материалы және 1 монография баспадан шықты. 

Ғылыми қызметкерлер өздерінің зерттеулері мен тәжірибелеріне сүйеніп өндіріске арналған 3 ұсыныс жасады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен «Биология» және «Зоотехния» мамандығы бойынша оқитын 11 студент диплом қорғады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен 2 «Прометей» жобасына 8 студент қатысты.

Басқа жұмыстар

Евроодақтың «Темпус» жобасы бойынша «Солтүстік Азия елдерінде мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін магиср дайындау» атты кіші жоба жеңіп алынған. Осы жобасының қаражатымен  Қазақстанның 10 магистранты Монголия ұлттық университетінде Франция, Бельгия, Италия  профессорларының жетекшілігімен, Евроодақтың бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде өткізген магистратурада оқып,  халықаралық ғылым магистры дипломын алды.

Мүйізді ірі қараның ұрығын көшіріп қондыру бойынша Бавария Нойштадт Айштағы Тұқым бірлестігімен бірігіп жұмыстау туралы келісім шарт жасалды

Мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын техниктің төлемді оқуы өткізілді. Оқуға облыстың жеке қожалықтар мен топтасқан шаруашылықтардан 30 маман қатысып, сиырды ұрықтандырушы-техник сертификатын алды

Марапаттар

М. Аятханұлы және Т.К.Бексеитов «Қазақстанның ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен «Үздік инновациялық жоба»  дипломмен марапатталды.

Кадр әлеуеті

Орталықта 2 ғылым докторы, профессор, 1 ғылым магистрі агроном, 2 ғылым магистрі зоотехник-селекционер, 1 биотехнолог-селекционер және 1 лаборант жұмыстайды.

Ғылыми-тәжірибелік жұмыстар

Орталықтың ғылыми қызметкерлері шаруашылықтық келісім шарт негізінде 5 тақырып бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:

Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы,
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, 
профессор, аға ғылыми қызметкер.

Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақтың Жәбе жылқысын  ауыржүк тұқымдарымен будандастыру.

Жайылымдық жылқы шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығының маңызды саласы. Қазақтың Жәбе тұқымды жылқысы елімізде негізгі жылқы тұқымы болып табылады. Ғылыми зерттеулеріміздің мақсаты  жылқының байырғы тұқымының ет сапасын арттыру. Олардың тірідей салмағы биелерде тек қана 350-370 кг, айғырларда 370-400 кг болса, онда оларды сәйкес келетін ауыржүк бағытындағы тұқымдармен будандастыру арқылы  биелерінің тірідей салмағын 400-450 кг-ға, айғырларынікін 450-500 кг-ға жеткізуге болады. 

 Т. К. Бексеитов пен Т.Ш. Асанбаевтың жетекшілігімен жүргізілген мақсатты тұқымдық жұмыстың арқасында ЖШС «Акжар-Өндіріс», ҰШ «Ақшиман», ҰШ «Алтай-Қарпық» Жәбе жылқысы бойынша тұқымдық шаруашылығы мәртебесін алды. Облыс бойынша барлығы 4 мыңға жуық бас тұқымдық жылқы бар деп есептелінеді.

Молдахметов Шектібай Молдахметұлы,
аға ғылыми қызметкер,
ғылыми-агроном.

«Қызылжар-Құрымсы» ЖШС біріге отырып шаруашылық шартқа негізделген «Ірі қара малдың сүттілігін және қоңдылығын арттыруға жем-шөп рациондарының әсері» тақырыбына арналған ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Жұмыс жүргізуші: аға ғылыми қызметкер Молдахметов Ш. М.

Ірі қара мал тайшаларының бордақылағандарындағы және сауынды сиырлардың сүттілігін, өнім мөлшерін арттыруына қосымша  Аир Лотус (Lotus comiculatus)  өсімдігінен арнайы дайындалған сүрлем азықтары пайдаланылды. Ғылыми жұмыс шаруашылықпен арнайы келісім шартына сәйкес жүргізілді.

Бордақылаудағы малдар үшін салыстырылатын (контроль) малдардың жем азығын шөптен және қосымша әрбір басқа 3,0 кг жемнен тұрды.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей бордақылаудағы малдың айлық  қосымша салмағы 21,0 кг құраса, ал рационға 7,0 кг сүрлем мен 4,0 қоспажемді (бидай, арпа және тарыдан) қосқандағы салмақ 30,0 кг дейін өсетінін көрсетті.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ірі қара малдың тайшалары бір айда салмағы 5,0 тен 10,0 кг дейін артатыны белгілі болды.

Жергілікті малға берілетін жем-азығы рационы (шөп + 3,0 кг қоспажем) бойынша сүт өнімі мөлшері тек 18,0-29,0 % құрады. Ал жергілікті рационға 8,0 кг сүрлем мен 5,0 кг  қоспажемді қосымша бергенде өнім мөлшері 48,0-56,0 %-ға дейін артты.

Осы себепті, жергілікті рацион мөлшеріне қосымша аир лотус өсімдігінен дайындалған сүрлем мен қоспажемді берген кезде бір айдағы қосымша сүт мөлшері 4,0-6,0 л дейін өсетіні белгілі болды.

Жанайдаров Қылышбай Дакенұлы,
кіші ғылыми қызметкер, ізденуші.
Ет бағытындағы ірі қара малдардың (әулиекөл және қазақтың ақбас тұқымды сиырлары) зауыттық линияларын сақтау және әрі дамыту бағытында зерттеу жұмыстармен айналысады.


Павлодар облысы, Железинка ауданы, «Бакауов» шаруа қожалығында № 27 ГЗ келісімшарты бойынша «Ет бағытындағы ірі қара малдардың (әулиекөл және қазақтың ақбас тұқымды сиырлдары) зауттық линияларын сақтау және әрі дамыту» тақырыбына негізделген  ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындаушы: кіші ғылыми қызметкер Жанайдаров Қ. Д.

Әулиекөл тұқымды сиырлар Солтүстік Қазақстан облысында қазақтың ақбас тұқымды малдарын абердинангус және шароле бұқаларымен будандастыру арқылы шығырылған жаңа тұқым болып табылады, 1992 жылы ірі қара малдардың ет бағытындағы жаңа тұқымы болып бекітілген.

Шаруашылықта кәзіргі кезде 70 бас сиыр, 25 бас құнажын, 7 бас бұқа және 26 бас асыл тұқымды бұқашықтар бар. Бұл мал тұқымы Павлодар облысының ауа райына жақсы бейімделіп, жақсы өнім беруде. Ғылыми-зерттеу  жұмыстары жалғасады.

Негізгі көрсеткіштері асыл тұқымды әулиекөл ірі қара малдардың көрсеткіштеріндей. Жыл сайын бонитировкадан өткізіледі, асыл тұқымды малдардың көрсеткіштеріне және инструкцияға сай жасалады. 2009 жылы 202 бас ірі қара мал бонитировкадан өткізілді. Және барлық малдар 100 %-ға дейін элита және элита рекорд. Бұл өте жақсы көрсеткіш, малдың топтық құрамы келесідей:

1. Аталық бұқалар - 7

2. Сиырлар - 70

3. 18 айдан асқан құнажындар - 59

4. 6 айдан 12 айлық құнажындар - 40

5. 6 айдан 12  айлық бұқашықтар - 26

Асыл тұқымды сиырлардың жаз жайылым кезіндегі сүттілігі күзде 8 айлық бұзауға шаққанда, олардың салмағы 235-238 кг жетеді. Бұл қазақтың ақбас сиырларына қарағанда 12,4 пайызға артық.

Зерттеу негізінде 18 айлық әулиекөл бұқалары қазақтың ақбас бұқаларымен салыстырғанда 72 килограмға артық болған. Әулиекөл тұқымды бұқашық 523 кг., қазақтың ақбас тұқымды бұқашығы 451 кг. Еттің шығымы ұшада 45 килограмға артық және іш майы 3,2 кг., артық. Пайыздық шығымы 59,1 %.    


 Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы,
кіші ғылыми қызметкер, ізденуші.
Сиырдың эмбриондарын көшіріп қондыру биотехнологиясымен  айналысады.

« «Рассвет» шаруа қожалығындағы қазақтың ақбас тұқымды сиыр, құнажындарын қолдан ұрықтандыру» тақырыбы бойынша Лебяжи ауданы «Рассвет» шаруа қожалығында келісім-шартты (№3ГЗ) жұмыс атқарылды.

Атқарушы: кіші ғылыми қызметкер Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы.

Шаруашылықтық келісім-шарт жұмысы Павлодар облысы Лебяжи аданы Жамбыл ауылындағы «Рассвет» шаруа қожалығында жүргізілді. Онда өсірілетін 149 бас қазақтың ақбас тұқымды сиырлар мен құнажындарды тік ішегі арқылы жатырын зерттедік. Жатырында паталогиялық ауруы жоқ деген ана малдарды гормональдық препарат эстрофан және магэстрофанды 2-мл көлемінде екі дүркін, арасы 11-12 күн аралатып егіп күйітін сәйкестірдік. Пайдаланған эстрофан препаратын магэстрофанмен салыстырғанда 20-25 пайыз жоғары әсер еткенін көрдік. Күйіті келген малдарды белгіленген уақытта (препаратты еккеннен бастап 48-72 сағат ішінде) қолдан ұрықтандырдық. Бірінші  рет егіп, ұрықтандырғанда ұрық тоқтау дәрежесі құнажындарда 53 %,  сиырларда 42 %. Ал екінші ретінде 55-45 %. Гормональдық препарат арқылы күйіті келген ана малдарды «Таурус» фирмасынан сатып алған   герефорт тұқымды бұқаның шәуетімен ұрықтандырдық. Шәует  Америка технологиясымен 0,5 мл түтікше (пайет)  күйінде дайындалып қатырылған.Тік ішек арқылы қолдан  ұрытандырылған 149  баст ана малдардың жас ерекшеліктері мен  ұрық тоқтау дәрежесін зерттедік . Жас ерекшеліктеріне қарай ұрық тоқтау дәрәжелері де әр түрлі, бірінші ұрықтандырғанда құнажындарға 53 %, сиырларға 42 %. Ал екіші рет ұрықтандырғанда 55-45 % екендігін айқындайды.Сиыр мен құнажынның ұрық тоқтау айырмашылығы, бірішнісінде 11 %, екіншісінде 10 % құрайды. Осы көрсеткіш, жас малдардың паталогиялық жатыр ауруларының жоқтығынан, ұрық тоқтау дәрежесінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Біздің зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) барлық қолдан ұрықтандырылған 149 қазақтың ақбас тұқымды ана малдардың 79 құнажын, 70 сиыр. Жас ерекшеліктеріне келсек, 73,41 %  он сегіз айдан жиырма төрт ай аралығында, 26,59 % жиырма төрт айдан асқан құнажындар , ал сиырдың 15,71 % үш жасар, 30,00 % төрт жасар, 28,57 % бес жасар, 21,42 % алты мен жеті жас аралығында, 4,28 % сегіз жастан жоғары екендігі  анықталды;

2)  ана малдарды гормональдық препарат эстрофан және магэстрофанды 2-мл көлемінде екі дүркін, 11-12 күн аралатып егіп, күйітін сәйкестірдік. Эстрофан және магэстрофан қолданылған сиырлардың күйіті 42 % және 45 %, құнажындардікі 55 %, 45 % сәйкесті;

3) күйіті келген малдарды белгіленген уақытта  (препаратты еккеннен бастап 48-72 сағат ішінде)  алғаш рет қолдан ұрықтандырылғанда құнажындардың 53 %, сиырлардың 42 % ұрық тоқтатты. Ал бақылау тобындағы сиыр, құнажындардың ұрық тоқтау нәтижесі жоғарғыға сәйкес    55 % және 45 % құрайды;

4) сиыр мен құнажынның ұрық тоқтау айырмашылығы, бірінші     ретте 11 %, екінші ретте 10 % құрайды.

«Ағайын» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыру және сұрыптау» тақырыбы бойынша Май ауданы «Ағайын» шаруа қожалығында келісім-шартты (№10ГЗ) жұмыс атқарылды.

Атқарушы: кіші ғылыми қызметкер Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы.          

Шаруашылықтық келісім-шарт жұмысы Павлодар облысы Май аданы Баскөль ауылындағы «Ағайын» шаруа қожалығында жүргізілді. Онда өсірілетін 148 бас симментал тұқымды малдардың жас аралықтары:18 - құнажын, 13 - үш жасар, 37 - төрт жасар, 45 - бес жасар, 17 - алты жасар, 11 - жеті жасар, ал 7 - сегіз жастан жоғары ана малдар біздің ғылыми-тәжірибе орталығының нұсқауымен қолдан ұрықтандырылды, тік ішек арқылы жатыр мойнын ұстап (ректоцервикальдық) тәсіл арқылы. Күйіті келген ана малдарға «Асыл-түлік» АҚ-да Франция технологиясымен 0,25 мл. түтікше (пайет) күйінде дайындалып қатырылған шәуетті пайдаландық.

Ата малдың сипаттамасы - Амур атты бұқа № 11613, тұқымы симментал, линиясы - Верный, қандылығы 7/8 сим., шығу тегі Калмышенский асыл тұқымды зауд, шешесінің өнімділігі - 4950 кг. 3,8 %, шешесінің шешесі мен әкесінің өнімділігі - 5948 кг. 4,37 %.

Тік ішек арқылы ұрытандырылған 148 баст ана малды жылдың төрт мегілі бойынша ұрықтандырылғанын зеріттедік. Зерттеу есебі бойынша қыста 28 бас, көктемде 70 бас, жазда 22 бас, күзде 18 бас ана мал ұрықтандырылған. Бұл көрсеткішке қарағанда қыста 18,9 %, 48,2 %, 14,8 %, 12,1 %-ды көрсетіп отыр.

Жалпы ана малдың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Дегенмен, зерттеу көрсетіп тәжірибе дәлелдегендей ересек сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырған қорытындыға қарағанда 71 % құнажындарға, 57 % сиырларға ұрық тоқтаған. Екі топты салыстыратын болсақ сиырға қарағанда, құнажындарға ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары екенін дәлелдеп отыр. Екінші рет ұрықтандырғанда құнажындардың барлығы іштенген, ал ересек сиырлар үшінші рет ұрықтандырылғаннан.

Біздің зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) 148 бас симментал тұқымды ана малдардың 18,9 % қыста, 48,2 % көктемде,  14,8 % жазда, 12,1 % күз мезгілінде ұрықтандырылған;

2) ұрықтандырылған ана малдардың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Жуан сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырғанда, сиырларға 57 %, құнажындарға 71 % ұрық тоқтағанын байқаймыз. Сиырға қарағанда, құнажындардың ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары;

3) Екінші рет ұрықтандыру арқылы құнажындардың барлығы іштенген, ал жуан сиырлар үшінші рет ұрықтандырылғаннан кейін буаз болған.


«Әртүрлі суперовуляция әдістерімен алынған сиыр эмбриодарының сандық және сапалық зерттеулері» тақырыбы атты ынталы ғылыми зерттеу ізденісі Павлодар ауданы ПК «Луганскі»-де жүргізілді.

Жетекші: б.ғ.д., профессор М. Аятханұлы.

Орындаушы: кіші ғылыми қызметкер Сейтеуов Т. Қ.

Алдын ала зерттеулер келесі нәтижелерді көрсетеді:

► Сиыр мен құнажындарға суперовуляция жүргізу үшін гормональдық препараттарды (Плусет және ПГФ) қолдану мөлшері анықталды.

Плусет гормоны жыныс айналымының 11 және 12 тәулігінде барынша күшті әсер етеді. Тап осы гормонды мөлшерін төмендете тәулігіне екі рет егеді. Барлығы 8 екпеде сиырға 9 мл, ал құнажынға 7 мл жұмсалды. Суперовуляция жүргізген күннен 4-ші тәулігінде ПГФ гормонын 4 мл көлемінде қосымша егеді.

► Павлодар облысындағы сүт фермаларында өсірілетін қырдың қызыл сиыры мен симментал тұқымды сиырларынан алынған эмбриондардың саны мен сапасы зерттелді.
    Біздің схеманы қолданғанда орта есеппен симментал тұқымды сиырдан 6,1 эмбрион, ал қырдың қызыл сиырынан 5,3 эмбрион алынды. Осыған сәйкес көшіріп қондыруға жарамды эмбриондар 4,8 және 4,1 құрайды.

►  Эмбриондарды көшіріп қондыруға жарамдылығын морфологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын анықтадық.

Морфологиялық зерттеулер мынаны көсетеді: барлық алынған эмбриондардың 68 % морула сатысында, 21 %  әртүрлі даму сатысындағы бластоциста және 11 % ұрықтанбаған аналық клетканы құрайды.

Келесі кезекте эмбриондарды көшіріп қондырып, донор сиырдың нәсілдік және тұқымдық  құнды бұзау алу көзделіп отыр.

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup