Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

"Өндірістік және азаматтық құрылыс" кафедрасы


Кафедраның құрылу тарихы

1960 жылдың 1желтоқсаны – Павлодар облысы тарихындағы салтанатты күн: индустриалды институттың бірінші қоңырауы соғылып, алғашқы сабақтар басталды – Павлодарда жоғарғы білімнің тарихы, сонымен бірге архитектуралық – құрылыс факультетінің тарихы да басталды.

Индустриалды институт құрылымында үш факультет құрылды, оның ішінде инженерлік – құрылыс факультеті бар.

«Өндірістік және азаматтық құрылыс» кафедрасы 1960 жылы 2 қарашада жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің бұйрығымен «Құрылыс жұмыстарының негіздері» кафедрасы болып жұмысын бастады. Кафедра мамандарды екі бағыт бойынша даярлауды бастады:

1202 - өндірістік және азаматтық құрылыс;

1207 – бетон және темір бетон өнімдерінің құрылысы.

«Өндірістік және азаматтық құрылыс» кафедрасы 47 жыл бойы «Өндірістік және азаматтық құрылыс» негізгі мамандығы бойынша инженер – құрылысшы біліктілігімен мамандар дайындап келеді. Сонымен қатар, кафедра 1996 жылдан бастап темір бетон өнімдерінің заводына арнап инженер-технологтарды, 1999 жылдан бастап инженер-педагогтарды, 2001 жылдан бастап инженер – экологтарды дайындады.

Бірақ түрлі мамандықтар ішіндегі өзгеріссіз және тұрақты түрде дайындалатыны – инженер - құрылысшы мамандығы. 47 жыл ішінде «Өндірістік және азаматтық құрылыс» кафедрасы бұрынғы Кеңестер Одағының кең аумағында жұмыс жасап жатқан үш мыңнан астам инженер-құрылысшыларды дайындап шығарды. Олардың үздіктері қазір де Қазақстан республикасын нығайтып, дамытуға атсалысып жатыр. Олар : Ахметов Даниал Кенжетайұлы – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (2004-2007 жылдары – ҚР Премьер министрі), Алибаев Серікбай Бариұлы – Қазақстан Республикасының мәжілісі депутаты, Чмых Николай Иванович – 2001-2004 жылдардағы Павлодар қаласының әкімі.

Кафедраның көптеген түлектері ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады. Кудерин Марат Қырықбайұлы – архитектура-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д.,профессор; Сақанов Қуандық Темірұлы – "Көлік құрылысы және профессионалдық оқыту" кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент; Козионов Валерий Александрович – АҚФ деканы орынбасары, т.ғ.к., доцент; Данилов Василий Иванович - т.ғ.к., КҚжПО кафедрасының профессоры, Торпищев Шамиль Камильевич, т.ғ.к., профессор және тағы басқалары.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі – Орошилов Яков Матвеевич. Әр жылдары кафедраны басқарғандар : Шинтемиров М., Кудерин М.К., Саканов К.Т., Торпищев Ш.К., Бейсембаев М.К.


Кафедра басшылығы



Қазіргі кезде «Өндірістік және азаматтық құрылыс» кафедрасын т.ғ.д., профессор Елмұратов Сембай Қайкенұлы. Елмұратов С.К. 2007 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Басқы Архитектуралық- құрылыс академиясында «динамика и устойчивость неоднородных оболочнк и пластин переменной жесткости». 200 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялады, оның ішінде 2 монография, 7 оқулық және оқу құралдары, 4 қазақша – орысша түсіндірме сөздігі. Елмұратов С.К. - Қазақстан Республикасы білімінің 2 мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының авторларының бірі.





Кафедраның орналасқан мекен-жайы

"Өндірістік және азаматтық құрылыс" кафедрасы В корпусында Әкімшілік қалашық – 19 мекен – жайы бойынша орналасқан, тел. 33-43-38, қосымша 805.


Мамандықтар және кәсіптер туралы


Профессор – оқытушылар құрамы


Оқу-лабораториялық база


Үздік түлектер

 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup