"Қаржы" кафедрасы
КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Кафедра 1995 жылы құрылған «Есеп және қаржы» кафедрасының ізбасары.
Кафедраның негізін қалаған әрі төрт жыл бойы кафедраға жетекшілік еткен ҚР аудиторлар палатасының мүшесі э.ғ.к., профессор И.Т. Шукумов.
Кафедраны э.ғ.к., доцент Наталья Сергеевна Кафтункина меңгереді
Бүгінгі таңда кафедрада 24 оқытушы, оның 2 ғылым докторлары, 3 э.ғ.к., 1 техника ғылымының кандидаты, 5 қаржы магистрі, 7 кафедра мүшелері экономика ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін ізденуші және ҚР э.ғ.д., жетекшілігімен түрлі салада ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Кафедра С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қаржы-экономика факультетінің салалық бөлімі болып табылады.
КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ
Кафтункина Наталья Сергеевна
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі.
Экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАҚ доценті. 2003 жылы Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ жанындағы 53.39.05 ОД диссертациялық кеңесте кандидаттық диссертация дәрежесін қорғады. 1996 жылдан ПМУ-де қызмет істейді, педагогикалық өтілі – 12 жыл.
Н.С. Кафтункина «Қаржылық менеджмент», «Жобаларды талдау», «Қаржыландыру және инвестицианы кредиттеу» пәндері бойынша оқытудың барлық түрлерінде студенттерге лекция оқып, практикалық сабақтар өткізеді.
Халықаралық жобаларға тұрақты қатысады. 2006 жылы «Өнеркәсіптік кластерлерді дамыту үдерісінде аймақтық ерекшеліктерге талдау» (Павлодар облысының материалдары) тақырыбы бойынша EERC қолданбалы экономикалық зерттеу Консорциумы жобасының конкурсында жеңімпаз атанды, жобаға жетекшілік жасады.
2007 жылы «Қазақстанның экономикалық дамуы және экономикалық ғылымы: проблемалары мен болашағы» тақыырыбы бойынша Қазақстан экономистері Ассоциациясының халықаралық конкурсына қатысып, мемлекеттің экономикасын дамыту және экономикалық саясаты саласындағы таңдаулы баяндамасы үшін 2-орынға ие болып, диплом алды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді – 2007-2008 жж. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚР БҒ министрлігінің дипломына ие болды.
Доцент Н.С. Кафтункина 2007, 2008 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өткізілген «Таңдаулы жыл ғалымы» конкурстарының жеңімпазы атанды.
Республикалық және халықаралық конференцияларға бірнеше рет қатысты.
Қазір оның 40 ғылыми еңбегі баспадан шықты, олардың 22-і соңғы 3 жылда жарияланды. Мәселен, 2005 жылы экономикалық мамандықта оқитын студенттерге арналған, оқу үдерісінде белсенді қолданылатын «Қаржылық менеджмент» (1 бөлім) оқу-әдістемелік құралы, сондай-ақ, 2006 жылы «Өнеркәсіптік кластерлерді дамыту үдерісінде аймақтық ерекшеліктерге талдау» (Павлодар облысының материалдары) тақырыбы бойынша монографиясы бар.
ПРАГМА корпорациясы арқылы халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша кәсібін көтеруден өтті. CIPA «Халықаралық бухгалтер – практик» сертификатын алды. CIPAEN «Қаржы» пәні бойынша тренерлік қызметті атқарады. 2006 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған Орталық Азияның қолданбалы зерттеу жүйесі шеңберінде (Экономикалық зерттеу консорциумы өткізген «Микросимуляциялық талдау», «Эконометрика», «Әлеуметтік-экономикалық саясат» пәндері бойынша ғылыми-зерттеу әдістерін зерттеу курсы) курсында оқыды. 2008 ж. ағымында ағылшын тілін жалғыстыру курстарына қатысты.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы
Павлодар қ, Ломов көш 64, С. Торағыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің "Қаржы" кафедрасы
тел: 8(7182) 673643 (ішкі 172)
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Үздік түлектер