Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

 

Қашықтықта оқыту

 
 

Инновациялар және жаңа технологиялар

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі және басқа да ұйымдар жариялаған сайыстарға қатысады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессор-оқытушы құрамының сайыстар мен гранттар, бағдарламаларға қатысуының негізгі міндеті болып, ғылыми-зерттеулер, инновациялық және инженерлік жұмыстардың қажеттілігін арттыру, олардың нәтижелерін өндіріске енгізу мен ғылыми жұмыстың университеттегі оқу-тәрбие үрдісімен бірлігін қамтамасыз ету табылады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ 2009 жылы келесі сайыстарға қатысты: Жыл сайын өткізілетін университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасындағы «Жылдың үздік ғалымы» сайысы қортындысы бойынша берілген материалдары негізінде ұпай саны бойынша алдыңғы қатарды жеңіп алғандар:

- т.ғ.д., профессор А.К.Қарақаев;

- т.ғ.д., профессор Б.Б.Өтеғұлов;

- ф.ғ.д., профессор А.Қ.Тұрышев;

- м.ғ.д. Қ.Р.Рүстемова;

- т.ғ.к., профессор Р.М.Мұстафина;

- г.ғ.к., доцент К.Т.Сапаров;

- т.ғ.к. А.Б.Уахитова;

- з.ғ.к., доцент С.Т.Ықсатова;

- т.ғ.к., доцент А.Б.Өтеғұлов;

- «Металлургия» кафедрасының аға оқытушысы А.В.Богомолов;

- «Электр энергетикасы» кафедрасының аға оқытушысы А.М.Акаев;

- «Электр энергетикасы» кафедрасының аға оқытушысы С.С.Исенов;

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитеті жариялаған «Республика аймағында ормандарды көбейту мен сақтау» инвистициялық жобасы аясында жыл сайын өткізілетін сайысқа 4 ғылыми жоба жіберді.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында жыл сайын «Ең белсенді өнертапқыш» сайысы өткізіледі. Осы сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

- «Автоматизациялау және басқару» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. М.Я.Клецель – І орын;

- «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Н.С.Дудак – ІІ орын;

- «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы Д.А.Искакова – ІІІ орын;

2009 жылғы наурыз айында университет «Ең белсенді өнертапқыш», «Жыл өнертабысы» номинациялары бойынша өнертабыс саласында өткізілген республикалық сайысқа (ҚР Әділет министрлігі) қатысты.

Осы жылдың наурыз айында  университеттің профессор-оқытушылар құрамы Павлодар қаласының әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімі өткізген кәсіби дайындау, қайта даярлау және жұмыссыздардың біліктілігін арттыру қызметін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алу ашық сайысында бес саты бойынша жеңіске жетті. Ғылыми жетекшілер – ф.ғ.к. Қ.Х.Рахимжанов, т.ғ.к., профессор Т.Я.Эрназаров.

2009 жылғы қыркүйекте университеттің профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын өтетін ғылым саласындағы сыйақы үміткерлері: Қ.И.Сатпаев атындағы жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер, Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық ғылымдар бойынша педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулер сайысына қатысты.

Жас ғалымдар үшін: Д.А.Қонаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми жұмыс, М.Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыс, Күлтегін атындағы түркология саласындағы үздік жетістіктер сайыстары. Сайыс қортындысы ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясының жұмысынан кейін хабарланады.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында жыл сайын «Үздік оқытушы» сайысы 3 бағыт бойынша өткізіледі:

- жаратылыстану ғылымдары;

- техникалық;

- әлеуметтік-гуманитарлық.

Төмендегі номинациялар бойынша:

- Үздік кафедра меңгерушісі;

- Үздік профессор;

- Үздік доцент;

- Үздік аға оқытушы;

- Үздік оқытушы (ассистент).

 
 
 

Құттықтаулар

 

Портал бойынша іздеу

 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

  2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 






TITGroup