"Механика" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
Механика кафедрасы «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Материалдар кедергісі», «Теориялық механика», «Машина бөлшектері және құрастыру негіздері», «Машиналар мен механизмдердің теориясы» және т.б. пәндерінің негізінде 2009 жылдың шілде айында құрылған. 2009 жылы кафедра «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауға лицензия алды.
Кафедра басшылығы
Қазіргі уақытта «Механика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Мустафин Әділбек Хамзеұлы.
Мустафин Ә.Х. 1973 жылы «Автомобилдер және тракторлар» мамандығы бойынша Павлодар индустриалдық институтын бітірді.1973-1977 жж. Павлодар тракторлық зауытының басты конструктор бөлімінде инженер-конструктор болып қызмет атқарды. 1986 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу университетінің аспирантурасын бітірген соң, «Автомобилдер және тракторлар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1991 жылы ЖАК доценты деген ғылыми атағын алды. Жалпы еңбек өтілімі – 31 жыл, оның ішінде педагогика саласында 27 жыл. 50 ғылыми еңбектері мен әдістемелік жұмыстары бар. Ғылыми стажировкалары арқылы біліктілігін жоғарылатты, ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысады.
Ә.Х. Мустафиннің қоғамдық жұмыстарда үлкен тәжірибесі бар. Студенттер мен оқытушылардың арасында өте беделді. Мустафин Ә.Х. 2003 жылы ҚР БҒМ құрмет грамотасымен марапатталды. ПМУ-дың профессоры болып табылады.
Оқу-әдістемелік жұмысы
Мамандықтың әр пәні бойынша оқытушылар мемлекеттік және орыс тілінде жұмыс бағдарламаларын, лекция конспекттерін, тесттік жұмыстарын, практикалық және зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқауларын дайындаған.
Оқу-тәрбие жұмысы
Әрбір академиялық топта куратор мен эдвайзер бекітілген. Эдвайзер мен куратор студенттермен әр түрлі тәрбие жұмыстарын жүргізеді, топтың хал-жағдайына көз жеткізіп отырады, әр студенттің жеке проблемаларын шешуге ат салысады.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ак. Шөкин көш. 139, Б корпус, 215 каб., тел. 67-36-33 (203).
Мамандықтар және мамандандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы